Наставник - сайт Открытых уроков. Учителя Казахстана. Образование в Казахстане
.
.
Эмоция әлеміне саяхат -

Эмоция әлеміне саяхат

Сабақ жоспары | Документы | Қосымша сабақ жоспары Загрузок: 0 | Просмотров: 2502 | Размер: | Автор: гость
. Алматы облысы,
Кербұлақ ауданы, Сарыөзек ауылы,
«Ай-Сана» бөбекжай балабақшасының
педагог-психологы Халмен Еркегүл

Тақырыбы: Эмоция әлеміне саяхат
Мақсаты: Топта эмоциялық жайлы атмосфераны құру, ойыншықтармен жануарларды жақсы көріп қамқорлық танытуға баулу, балалардың ынтым- ақтастығын арттыру, қол қозғалыстарын жетілдіру, бұлшық шиеленісті жеңілдету, қабылдау, назар аудару, қиял қабілеттерін дамыту.
Міндеттері:
- Музыка тыңдау арқылы балалардың өзін-өзі түзетуін дамыту
- Топтағы балаларды эмоциялық көңіл –күйлерін қалыптастыру
Материалдар: ойыншық қонжық, гүлдер, көңіл- күй бейнеленген қорап, +, жайлы әуен жазылған үнтаспа.
Жұмыс барысы:
- Сәлеметсіңдер ме, балалар! Мен сендерді көргеніме қуаныштымын! Көңіл-күйлерін қалай?(балалар жауабы)
Шаттық шеңбері:
Қайырлы күн достым,
Қайырлы күн болсын.
Сәрсенбінің сәті,
Сәттілікке толсын.
Күлімде ,күн күлімде,
Күлсін барлық бала шат!
Берекелі бүгіндей
Бейбіт болсын болашақ!

Ойын Жаттығу: «Күлкімізбен бөлісу»
Психолог: Менің көңіл-күйім көтеріңкі бүгін. Мен өз көңілімді ,күлкімді сендермен бөліскім келеді. Шеңбер бойына бәріміз тұрайық. Бір – бірімізге кезекпен, шеңбер бойымен қарап күлкімізбен бөлісейік( Психолог қасында тұрған балаға қарап жымиады, ол бала келесі тұрған көрші баламен күлкісімен бөліседі т.с.с).
- Сендер бұл жаттығудан соң не сезіндіңдер?
(балалардың жауабы)
Психолог: Балалар біздің көңіл-күйіміз өзімізге, өзіміздің іс әрекетімізге , кейбір жағдайда қоршаған ортамызға байланысты болып келеді. Өз кезегімен біздің көңіл – күйіміз қоршаған ортамызға ісер етіп, оларда ір түрлі эмоцияны сезінеді.
- Балалар, сендер эмоцияның не екенін білесіңдер ме?
- Қалай ойлайсыңдар балалар, немен бүгін айналысамыз, не жайында
әңгімелесеміз?
(Балалардың жауабы)
- Балалар біз қазір эмоция әлеміне саяхатқа барамыз. Ол үшін бәріміз
қараңғы үңгірден өтіп көңіл-күй әлеміне баруымыз керек. Қанекей , асықпай бір- бірлеп үңгірден өтейік. Қараңдаршы, біз көңіл-күй әлемәне де келдік.
- Балалар , бұл жерде қандай эмоциялық бейне жасырулы тұрғанын
анықтаймыз ба?
(Балалар жауабы)
Бәрекелді балалар! Барлығымыз эмоцияларды білеміз екен.
Жылаған қонжықтың даусы естіледі.
- Ой! Балалар! Сендер естіп тұрсыңдар ма? Біреу жылап жатқан сияқты.
( Балалар жауабы)
Қазір мен қарап келейін.
- Қарандаршы , кімнін жылап жатқанын, кім бұл?
( Балалардың жауабы)
Психолог: Қонжық не болды, неге жылап жатырсың?
Қонжық: Мен еңбекпен жинаған құлпынайларымды біреу алып кетіпті.( жылаусырап айтат).
Психолог: Уайымдама! Біздің балалар саған көмектесіп қайтадан жинап береді. Солайма балалар?
(балалар жауабы)
Олай болса балалар, бәріміз бірлесе қонжыққа құлпынай жинайық.
(көңілді музыка ойнатылып тұрады).
Балалар жинаған құлпынайларымызды қонжыққа сыйлайымыз ба?
(балалар жауабы)
Қонжық: Рахмет балалар, сендердің арқаларында көңіл-күйім көтеріліп қалды. Әр қашан көңілді жүріңдер. Мейірімді, қайырымды болыңдар. Мені достарым іздеп жатқан шығыр, сау болыңдар балалар.
- Балалар, балалар тағы бір дыбыс естіп тұрған жоқсыңдар ма? Кім екен
бұл?
Сайқымазақ: Сәлеметсіңдер ме балалар? Мен мұнда байқаусызда біреулердің көңіл-күйлері жоқ екенін естідім. Мұны түзету керек!
Ойын: «Сиқырлы гүлдер»
Сайқымазақ: Менің сендерге сиқырлы гүлдерім бар. Біз қазір сендермен әр гүлдің ортасына көңіл-күй көбелектерін жапсырайықшы.
(Балалар сайқымазақтың тапсырмасын орындайды)
Қараңдаршы ! Біздің гүлдіреміз қалай жадырап, күлімдем шыға келді.
Психолог: Бұл гүлдерді біз сендердің топтарына, сендер мен тәрбиешілеріннің көңіл –күйлері әрқашан көтеріңкі болсын деген тілекпен сендерге сыйлаймыз.
Сайқымазақ: Ал балалар, маған кету керек, басқа балалардың көңілдерін көтеруім керек. Сау болыңдар.
(Балалар жауабы)
- Психолог: Балалар біздің эмоция әлеміне саяхатымыз аяқталып қалған
сияқты. Біз де қайтайық бір бірлеп асықпай келген үңгірімізден өтейік.
Балалар алдарында көңіл – күй қораптары тұр. Қанекей бәріміз бір-
бірлеп өзіміздің дәл қазіргі көңіл күйімізге байланысты белгіні алып қорапқа салайықшы. (мысалы: менің көңіл- күйім бүгін тамаша! Мен белгіні жақсы көңіл-күй қорабына саламын.)
- Біз сендермен бүгін тамаша жаттығулар, ойындар ойнадық. Олай болса
қоштасу шеңберін жасап, қолдарымыздан ұстайық. Менің айтқан сөзімді іс-әректімді қайталап жасайық бірге.
Кел балалар күлейік
Күлкіменен түлейік!
Қабақ түйген не керек,
Көңілді боп жүрейік.
Психолог: Ал енді балалар бәріміз бірге бір-бірімізге « Рахмет» айтайық.

.
Скачать методички (классные уроки) для учителей по разным предметам: история, литература, физика. Как провести урок с учеником, вам поможет грамотно составленный план урока. Занятия по математике, литературе, физике, информатике, химии, психологии.
.