.
.
Музыка сабағы, 3-сынып Эстрадалық – симфониялық музыка (аралас сабақ – 45 минут)
Сабақ жоспары | Документы | Қосымша сабақ жоспары Загрузок: 0 | Просмотров: 4618 | Размер: | Автор: ggggggggggggggggdfsfОҚО облысы, Абай ауданы, № 93 В. Терешкова
атындағы жалпы орта мектеп
музыка пән мұғалімі Сардарбекова Гулнар дайындаған
Эстрадалық – симфониялық музыка (аралас сабақ – 45 минут)
(асты сызылған курсив сөздердердің орнында оқушы дәптерінде бос орын қалдырылады)
Оң жақ бағандағы тапсырмаларды құрастырушы мұғалімдердің есіне: І кезең. Төмендегі «Көпір» тапсырмаларын оқушылар үйде орындап, бүгінгі сабаққа дайындалып келеді. Мұғалім алғашқы 5-7 минутта: а) ұйымдастыру сәтін; б) алдыңғы тақырыптың Ш кезеңінің үш деңгейлік тапсырмаларын үйде аяқтап келу дәрежесін тексергеннен кейін в) «Көпір» тапсырмаларын тексереді)
«Көпір»
тапсырмалары өткен тақырыптар бойынша жаңа сабақты меңгеруге негіз болатын қайталау тапсырмалары 1.Джаз музыкасы дегеніміз не?
Ж: Джаз ағылшын сөзі - құрамында үрмелі, ұрмалы, шулы аспаптар және әншісі бар ансамбль немесе оркестр.
1. Джаз музыкасына қай халықтың музыкасына тән белгілер бар??
Ж: Джаз музыкасындағы көп ырғақтылық, негізгі әуеннің сан рет қайталануы – африкалық халықтар музыкасына тән белгілер. .
2. Джаз музыкасының алғашқы орталығы?
Ж: АҚШ – тың Нью – Орлеан қаласы
3. Қазақстанда 1969 ж Мемлекеттік радио және теледидар жанынан қандай оркестр құрылды?
Ж: 1969 ж Қазақстанда Эстрадалық – симфониялық джаз оркестрі құрылды .
1. Ондай болса, балалар, бүгінгі сабағымыз осы Эстрадалық – симфониялық музыкаға арналады.
ІІ кезең (топтық жұмыс) жаңа сабақты топтық жұмыс барысында оқушылардың өз бетімен меңгеруіне жағдай жасау: а) оқушылар төмендегі «Білу», «Түсіну», «Талдау», «Жинақтау» тәсілдеріне сәйкес тапсырмаларын өздері толтырады (10 минут); ә) жауаптарын мұғаліммен бірге талдайды (10 минут). Нәтижесі ауызша марапатталады.
Теориясы:«Білу»
(тақырып мазмұны бойынша кім?не?
қандай? қалай?нені? қашан?не істеді сияқты сұрақтарға жауап беретін толық ақпарат іріктеліну керек) Кітаппен жұмыс, тақырып мазмұнын ашу:
Эстрадалық – симфониялық музыка – эстрадалық – симфониялық оркестрде орындауға арналған музыкалық шығарма. Оған хор, әнші-солистер қатысады. Дегенменаспаптық жағы басым шығармалар да болады. Эстрадалық-симфониялық музыка – жеке аспапқа, жеке дауысқа немесе аспаптар мен оркестрге арналған музыка деп бөлінеді. Симфониялық оркестр – ішекті ыспалы, үрмелі және соқпалы музыка аспаптары тобынан құралған оркестр. Симфониялық оркестрдің құрамын дыбыс бояуы әртүрлі 20-дан астам музыка аспаптары – гобой, флейта, кларнет, фагот, валторна, литавра, тромбон, барабан құрайды. Сондай-ақ симфониялық оркестр құрамына арфа, ксилофон мен фортепиано да қосылады.....................
Теориясы: «Түсіну»
(неге? неліктен? себебі? не үшін?сұрақтары оқушының жоғарыда берген жауаптарына оларды тереңдету үшінқойылады) Себебін анықта:
1. Не үшін оркестрде гі аспаптарды түрлендірген?
Ж: Себебі, оркестрдің дыбысталуына жаңаша үндестік беріп, әрленеді.
2. Ұрмалы аспаптарсыз неге оркестрді елестету мүмкін емес?
Ж: Себебі, ол оркестрге ритм, ырғақ беріп дыбысталуға ерекше сән береді.
3. Эстрадалық-симфониялық оркестрдің құрамындағы аспаптарды ата.
Ж: Ұрмалы, үрмелі және ішекті ыспалы аспаптар.
Практикасы:
«ҚОЛДАНУ»
(ІІ кезеңдегіге қарапайым тапсырмалар үлгісіндегі тапсырмалар орындалады) Кестені толықтырып жаз
Оркестр құрамының тобы Ондағы аспаптар
Ішекті ыспалы аспаптар Скрипка, альт, виолончель, контрабас
Үрмелі аспаптар тобы Валторна, тромбон, кларнет
Үрмелі аспаптар тобы Флейта, гобой,
Ұрмалы аспаптар тобы Литавра, барабан, үшбұрыш
Соңғы қосылған аспаптар Арфа, ксилофон, фортепиано
:
Теориясы:
«Талдау»
(1.Салыстыр,
2. Айырмашылығы неде?
3. Ұқсастығы неде?
4.Тақырыптың басты идеясын жаз деген тапсырмалар болу керек. Немесе 1-3 тапсырмаларды 1. Венн диаграммасын толықтыр.
Эстрадалық-симфониялық Ұқсастығы Симфониялық
2. Тақырыптың басты идеясы неде? Екі халықтың аспаптарына ортақ қасиет: оркестр құрамында бар және ойнау тәсілдері ұқсас, олар – үрмелі, ұрмалы, ішекті ыспалы. Айырмашылығы: аспаптың жасалу жолдары мен атаулары , түрлері мен дыбысталуы. Жалғастыр:.................................................................................................................................
Теориясы:
«Жинақтау»
(Қорытынды шығаруға бағытталған:мазмұнды
жүйеле, анықтама бер,
кесте, сызба, ребус шеш. деген сөздер тапсырма шартында болу керек). Сөзжұмбақты дұрыс тапқанда «ОРКЕСТР» сөзі шығады.
1.
2.
3.
3.
4.
5.
6.
7
1. Ағаштан жасалған үрлемелі музыкалық аспабы
2. Жезден жасалған үлеп ойналатын музыкалық аспабы
3. Ысқышпен ойналатын Еуропа халықтарының музыкалық аспабы
4. Орыс халқының үрмелі аспабы
5. Таяқшамен ұрып ойналатын музыкалық аспабы
6. Орыс халқының ұрмалы аспабы
7. Қазақ халқының ұрмалы аспабы
Практикасы
«Баға беру»(Сен қалай ойлайсың?Не істер едің?сияқты тапсырмалар өмірдегі жағдаяттарды шешуге бағытталып қойылады Сен қалай ойлайсың?
Теледидардан Эстрадалық - симфониялық оркестрінің концертін көргендерің
бар ма? Ойынды жалғастыр: ___________________
Өзің қалаған музыкалық аспаптың суретін сал__-------------------------- ___әннің сөзін жатта_______________________________________________
№ 93 В. Терешкова атындағы жалпы орта мектептің музыка пән мұғалімі:
Сардарбекова Гулнар Кыдырбаевна
Скачать методички (классные уроки) для учителей по разным предметам: история, литература, физика. Как провести урок с учеником, вам поможет грамотно составленный план урока. Занятия по математике, литературе, физике, информатике, химии, психологии.
.