Наставник - сайт Открытых уроков. Учителя Казахстана. Образование в Казахстане
.
.
Екі өрнектің кубтарының қосындысын көбейткіштерге жіктеу -

Екі өрнектің кубтарының қосындысын көбейткіштерге жіктеу

Сабақ жоспары | Документы | Қосымша сабақ жоспары Загрузок: 0 | Просмотров: 2252 | Размер: | Автор: гость
. Атырау қаласының үш тілде оқытатын дарынды балаларға арналған мамандандырылған №30 мектеп – гимназиясының математика пәні мұғалімі Тастанова Мунира Охасовна
Қысқа мерзімді жоспар.

Күні: Пәні: Алгебра Сыныбы: 7
Сабақтың атауы Екі өрнектің кубтарының қосындысын көбейткіштерге жіктеу
Сілтеме: 1. Мұғалімге арналған нұсқаулық.
2. «алгебра» оқыту әдістемесі.
3. 7-сыныпқа арналған «алгебра» оқулығы
Жалпы мақсаттар:

Оқушылардың тақырып бойынша алған білімдерін тиянақтау, бекіту..
Екі өрнектің кубтарының қосындысы мен кубтарының айырмасын көбейткіштерге жіктеу формулаларын қорыту, оларды ережемен айтып, есепке қолдана білуге үйрету.
Өз ойларын қорытып,математикалық тілде дұрыс жеткізе білуге, ұқыптылыққа, нақтылыққа және ұйымшылдыққа тәрбиелеу.
Оқыту
нәтижелері: Оқушылардың бірін-бірі оқытуы арқылы аталған тақырыпты меңгеріп шығады, формулаларды есеп шығаруға қолдануды үйренеді. Мұғалім оқуға бағыттап отырады.
Негізгі идеялар: 1.Оқушының өмірдегі біліміне, білетініне, сүйену.
2.Екі өрнектің кубтарының қосындысы мен айырмасын көбейткіштерге жіктеу есептерін шығару арқылы оқушыға жаңа ойлау дағдысын, мәнерін қалыптастыруға ықпал жасау.
3.Оқушылардың жас ерекшеліктеріне сай білім беру.
4.Өз бетінше жұмыстарын ұйымдастыруда уақытты дұрыс бөлу, тексеруді ұйымдастыру формасын ойластыру.

Тапсырмалар:

Диалогтық жұмыс.
Жеке жұмыс.
Сын тұрғысынан ойлау.
Топтық жұмыс.
Шығармашылық жұмыс.
Қолданылатын әдіс-тәсілдер:
Құрал-жабдықтар: Сыни тұрғысынан ойлау, диалогтік оқыту, жас ерекшеліктеріне сәйкес оқыту, оқытудағы көшбасшылық.
Формулалар,ауызша тапсырмалар,интерактивті тақта,түрлі түсті қағаздар
Сабақтың жүрілуі бойынша мұғалімнің жазбалары:
Уақыт: Мұғалімнің іс-әрекеті:
І. Ұйымдастыру.Сәлемдесу.Оқушыларды түгендеу.

Тренинг: Шаттық шеңбері.
Психологиялық ахуал туғызу:
- Кәне, сабағымызды бір-бірімізге жақсылық тілеуден бастайық. Балалар, жүрек тұстарынды ұстандар.
Бүгінгі сабақты ойдағыдай меңгеру үшін бір-бірімізге жақсылық тілейік.

ІІ. Сабақтың барысы:

Әр түрлі геометриялық фигуралар бейнеленген түрлі-түсті қағаздар арқылы топқа бөлу
( , , )

- Оқушылар, мен бүгін сабақты Вальтердің мынадай философиялық жұмбағы арқылы бастағым келіп тұр: Өмірде ең тез, әрі ең жай, сонымен қатар ең көп, әрі ең аз, ең ұзақ, ең қысқа, ең қымбат және ең арзан бағаланатын не?)
( уақыт)
Сонымен, бізде 40 минут бар және осы қырық минут пайдалы, әрі білінбей өтуін қалаймын.
Бүгінгі сабақта екі өрнектің кубтарының қосындысы мен кубтарының айырмасын көбейткіштерге жіктеу формулаларын қолдануды оқып үйренеміз және осы есептерді шығаруда өткен сабақтарда алған білімдеріңіз көмектеседі деп ойлаймын.

І. « Кім жылдам? » ойыны.
Сұрақ –жауап.
1. Екі өрнектің қосындысының квадраты неге тең?

2. Екі өрнектің айырмасының квадраты неге тең?
3. Екі өрнектің айырмасы мен қосындысының көбейтіндісі неге тең?
4. Екі өрнектің квадраттарының айырмасы неге тең?
5. Мысалдар келтіріңдер?
6. (3х+2)2=?
7. (5а+6х)2=?
8. (11а+5)2=?
9. (8-х)(8+х)=? (5в-4)(5в+4)=?.
ІІ.Үй жұмысын тексеру. №379 №380 №381 №383 жұптары , азызша кезекпен оқыту.
ІІ. Тақырыпты ашу: ( тақырыптың мазмұнын ашу үшін топтарға 92 беттегі тақырыпты оқып талдау,тақтада түсіндіру, мысалдарды бірге оқып үйрену)
«Тақырып: «Екі өрнектің кубтарының қосындысын көбейткіштерге жіктеу.»
Мысалдарды дәптерлеріне жазу, бір біріне түсіндіру
ІІІ. Топтық жұмыс. «Игі істе біз біргеміз - тәжірибе алмасу»
«Қарлы кесек» ойынының (есептің жауабы бойынша өз жұмыстарын тексеріп, бір-біріне түсіндіреді)
Әр топқа тақырып бойынша есептер беріліп, оларды кезекпен шығарып және шығарған есептерін тақтада талдап қалған екі топқа түсіндіреді:

І топ: №404
ІІтоп: №405
ІІІ топ:№406
.

Сергіту сәті.
Қолымызды қатты уқалайық.
Көзімізді қолымызбен 5 секунд басып тұрып, босатайық.
Орнымыздан тұрып, бір аяқпен еденге қысым түсірейік, екінші аяқпен еденге қысым түсірейік, екі аяқпен еденге қысым түсірейік және отырып, орындыққа қысым түсірейік. Орындықтарыңды өздеріңе жақындатып, арқаларыңды тіктеп, сабаққа кірісейік.

IV. Жұптық жұмыс. Оқулықпен жұмыс.
№ 407 есептерді шығару. Таңдаулары бойынша.

Ү. Іскерлік-зерттеу тапсырмасы:
1 .Екі өрнектің кубтарының қосындысы екі өрнектің қосындысы мен осы өрнектердің айымасының толымсыз квадратының көбейтіндісіне тең екенін а3+в3=(а+в)(а2-ав+в2) формуласын дәлелде?

ҮІ. Шығармашылық жұмыс:Әр топ өздері құрған мысалдарды бір біріне жасырады.
І топ.
Мысалдар құру
ІІ топ.
Сурет салу.
ІІІ топ.
Жұмбақ құрастыру.

VІІ. Үйге тапсырма:
1. №404- № 407 жұптары,тақырыпты оқу формулаларды жаттау.

Топтар бір бірін бағалайды, мұғалім қортынды бағаларын айтады.
Кері байланыс орнату

1. Мен сабақ үстінде … жұмыс жасадым.
2. Өзімнің сабаққа қатысуыма...
3. Сабақ мен үшін … болып көрінді.
Жауаптары:
1. белсенді / немқұрайлы
2. ризамын / риза емеспін
3. қысқа / ұзақ

Келесі тапсырмалар
Ережелерді жаттау, тақырыпты оқып түсіну. Үйге берілген тапсырмаларды орындау.
Мұғалім рефлексиясы Сабақ 7-сыныпқа өткізілді. Тақырыбы: «Екі өрнектің кубтарының қосындысы көбейткіштерге жіктеу». Жаңа сабақты меңгерту. Сабақты өткізудегі негізгі мақсатым «Оқушылардың өз беттерінше жаңа сабақты меңгеруіне ықпал ету. Алған тақырыбым оқушының өз бетінше меңгеруіне жеңіл берілген. Ұйымдастыру бөлімінде оқушылардың сабаққа деген ынтасын оятуға мотивация бердім. Үй тапсырмасын сұрауда төменгі сұрақтардан жоғарғы деңгейлі сұрақтарды пайдаландым. Оқушы деңгейлеріне қарай сұрақтар қойылды.Оқушылардың өздеріне жаңа сабақтың тақырыбын ашуға бағыт бердім. Оларға өз беттерінше қолдана білуі үшін және үйренуі үшін алдарынаа тапсырма жазылған парақшалар пайдаландым. Сабағымда жаңа тақырыпты өздеріне меңгеруіне бағыт бердім. Сабақ барысында оқушылардың сабаққа деген ынтасы артып, қызығушылығының оянғанын байқадым. Сабақ кезеңдерінде жоспарлаған әдіс-тәсілдерімнің барлығын жүзеге асырдым деп ойлаймын. Сәтті шыққан сабақ деп айтуға болады. дегенменде орын алған кемшіліктер де кездесті.
Сабағымда бірін-бірі бағалауды пайдаландым. Оқушылар бағалау парағындағы критерийлерді сабақ басында танысып білген болатын. Сол себепті олар бір-бірін әділ бағалауға және берілген критерийлер бойынша өздерінің жақсы көрінуі үшін жұмыстанды.
Жаңа форматта сабақ берудегі сабағым мақсатына жетті деп ойлаймын.
Скачать методички (классные уроки) для учителей по разным предметам: история, литература, физика. Как провести урок с учеником, вам поможет грамотно составленный план урока. Занятия по математике, литературе, физике, информатике, химии, психологии.
.