Наставник - сайт Открытых уроков. Учителя Казахстана. Образование в Казахстане
.
.
Екі өрнектің квадраттарының айырымының формуласы -

Екі өрнектің квадраттарының айырымының формуласы

Сабақ жоспары | Документы | Қосымша сабақ жоспары Загрузок: 0 | Просмотров: 1645 | Размер: | Автор: гость
. Тақырыбы: Екі өрнектің квадраттарының айырымының формуласы
Мақсаты:
• Екі өрнектің квадраттарының айырымының формуласын пайдаланып, ол формуланы өрнектерді ықшамдауда қолдана білу бейімділігін қалыптастыру.
• Көпмүшелерді көбейткіштерге көрсетілген формулаларды кері тәртіпке қолдана білу қабілетін қалыптастыру, оқушылардың шығармашылық ізденісін, ойлауға икемділігін дамытуға ықпал ету;
• Есеп шешімін іздеу, қиындықты жеңе білуге шапшаңдылыққа, ізденпаздылыққа, тиянақтылыққа тәрбиелеу.
Сабақтың типі: Аралас сабақ
Әдіс-тәсілдері: топтық жұмыс, жұптық жұмыс
Көрнекілігі: кеспе қағаздары, слайд, кесте, жетондар

Барысы:

І. Ұйымдастыру
Сәлемдесу. Бір-біріңіздің көздеріңізге күлімдей қарап, сәлемдесудің әр түрін пайдалана отырып, тілек айтуларыңыз сұралады.

ІІ. Үй тапсырмасын тексеру
Тарауды қайталау сұрақтары
1. Екі немесе оданда көп бірмүшелердің алгебралық қосындысы
2. Айнымалының мәні ..., өрнектің мәні ...
3. 0,5 және -дің квадраттарының мәні
4. a=-2 болғандағы 2a – 6 айырымының 0,1-ге көбейтіндісі неге тең?
5. Тік төртбұрыштың ауданының формуласы ( ab қандай өрнек?, көпмүше ме, әлде бірмүше ме?)

ІІІ.Жаңа сабақ



Суреттен қабырғасы а және ауданы S=a2болатынквадраттың ауданы қабырғасы b болатын квадраттың ауданы мен қабырғалары (a-b) және b, (a-b) және a болатын тіктөртбұрыштың аудандарының қосындысынан тұратынын көреміз.
Осы айтылғандарды S=S1+S2+S3 немесе S- S1= S2+S3 деп жазуға болады. Екі кіші тіктөртбұрыштардың аудандарының есептейтін өрнектерді қолданып,
S2+S3=(a-b)a +(a-b)b=(a-b)(a+b)аламыз. Демек, S- S1=(a-b)(a+b). Енді S=a2 және S1=b 2 мәндерін соңғы теңдікке қоямыз:
a2-b2=(a-b)(a+b).
1-мысал. 372232 өрнегінің мәнін есептейік.
2-мысал. өрнегін ықшамдайық.
1-2 мысалдарын оқушылар өз бетімен орындап тақтаға шығады.

IV. Жаңа сабақты бекіту
№152 есепті ауызша орындау арқылы жаңа сабақты қорытындылаймын.

Сыныпты «Оқу құралдары» және «Есептеу құралдары» суреттерін тарату арқылы топқа бөлемін.

V. Жаңа сабақтағы білімін пайдаланып «білім шыңы» тапсырмаларын орындайды


І деңгей тапсырмалары

Үшбұрыш, шаршы, жұлдызша фигураларды тарату арқылы жұпқа бөлемін
ІІ деңгей тапсырмалары

Мозайка әдісі бойыншатопқа бөлемін
ІІІ деңгей тапсырмалары
Шығармашылық тапсырма
сандар І топ ІІ топ
а b (a – b)(a+b) a2 – b 2
х+5 2
m+5 m-5

VI. Сабақты қорытындылау

1. Дұрыс теңдікті белгіле:
a) (a+b)(a – b)=a2-b2
b) (a – b)(a – b)=a2 – b 2
c) (a – b)(a+b) = a2 – b 2
d) (a – b)(a – b)= a2+b2

2. Есепте: (5 – 2)(5+2)=
a) 24
b) 26
c) 23
d) 21

3. Формуланы жалғастыр: m2 – n2=
a) (m – n)(m – n)
b) (m – n)(m+n)
c) (m – m)(n – n)
d) (m +m)(n + n)

4. Дұрыс емес теңдікті анықтаңдар:
a) (3b – c)(3b+c)=9b2 – c 2
b) (x+4)(x – 4)=x 2–16
c) (6n – 7)(6n + 7)=6n2 – 7
d) y2 – 25=(y – 5)(y+5)

5. 42 – 32 өрнегі қандай санға бөлінеді?
a) 9
b) 10
c) 24
d) 7

VIІ. Бағалау
VIІІ. Үйге тапсырма
№157, №161 (1-6)
Скачать методички (классные уроки) для учителей по разным предметам: история, литература, физика. Как провести урок с учеником, вам поможет грамотно составленный план урока. Занятия по математике, литературе, физике, информатике, химии, психологии.
.