Наставник - сайт Открытых уроков. Учителя Казахстана. Образование в Казахстане
.
.
Екі жұлдыз» шығармашылық сайысының сценариі -Фанфары. -

Екі жұлдыз» шығармашылық сайысының сценариі -Фанфары.

Сабақ жоспары | Документы | Қосымша сабақ жоспары Загрузок: 0 | Просмотров: 1933 | Размер: | Автор: гость
. Екібастұз қаласы әкімдігінің білім
бөлімінің №28 Абай атындағы жалпы
орта білім беретін мектептің
директордың тәрбие ісі жөніндегі орынбасары
Ахметова Бақтыгүл Далабайқызы

Екі жұлдыз» шығармашылық сайысының сценариі
-Фанфары.

Жүргізуші:
- Армысыздар құрметті өнер сүйер қауым! Тіршілік оянатын, табиғат гүлденетін, шуақты жыл мезгілі көктеммен бірге келіп жеткен аналарымыздың, әжелеріміздің, әсем қыздарымыздың мерекесі 8 наурыз құтты болсын! Қыздарымыздың жүзі жарқын, аналарымыз бақытты, әжелеріміздің шат-шадыман болып жүргенін тілейміз.
Осынау мереке қарсаңында мектебіміздегі"Шаңырақ" ата-аналар қоғамдастығы мен "Жас қыран" оқушылар қоғамдастығы және "Шамшырақ" мұғалімдер қоғамдастығы жұмылып, бір-бірімен байланысын нығайтып, «Екі жұлдыз» байқауын өткізгелі тұр.. Екі жұлдыз деп аты айтып тұрғандай сахнада екі адамнан, яғни жұп болып өнер көрсетеді. Кейбірі ұстаз бен шәкірт болып жұптасса, кейбір сыныптардан ана мен бала болып, жұп құрып, тартысты бәсекеге келіп тұр.
Жүргізуші :
- Бүгінгі іс-шара кәсіби деңгейі жоғары, өзі жан-жақты, шығармашыл ұстаз бен дарынды оқушыларды, ойы жүйрік, бәсекеге қабілетті, өзгерістерге бейім тұрған жастарды тәрбиелеп жүргенбелсенді ата-аналарды анықтай отырып, ұстаз бен шәкірт арасындағы сыйласты жарасымдылық, отбасы мен бала арасындағысүйіспеншілік құндылықтарын қалыптастыру мақсатында өткізіліп отыр.
Бүгінгі алдарыңызда сайысқа түскелі отырған 16жұбымыз бар. Олай болса сахна сыртында жүректері лүпілдеп, үкілері үлпілдеп тұрған өнерпаз дүлділдерімізге сәттілік тілей отырып сайыстың шымылдығын ашайық.
Қазақтың қасиетті даласында
Думанды ауыл аймақ арасында
Қызықтап көрермендер жиналыпты
Қошемет көрсетуге баласына,- дей келе сіздердің қошеметтеріңізбен бүгінгі байқауға қатысушы жұптарымызды ортаға шақырамыз!
1 «А» сынып оқушысы Ануарбек Бекасыл және әжесі Садыкова Клара апай
1 «Ә» сынып оқушысы Рахим Аңсар және анасы Рахимова Гульназ Ерболовна
1 «Б» сынып оқушысы Серік Диана мен анасы Смагулова Динара Турсыновна
2 «А» сынып оқушысы Завод Еркебұлан мен анасы Кенжехан Гүлмира
3 «А» сынып оқушысы Несипбай Ислам мен анасы Мусина Жұлдыз Нұрмагамбетовна
3 «Ә» сынып оқушысы Серік Дильназ бен анасы Смагулова Динара Турсыновна
4 «А» сынып оқушысы Пардабаева Аида мен анасы Тагайбекова Сара Уразбековна
4 «Ә» сынып оқушысы Қасымжанова Қаламқас пен ұстазы, бастауыш сынып мұғалімі Баймуратова Жұлдыз Жанымхановна
5 «А» сынып оқушысы Жеңіс Ануар мен физика пәнінің мұғалімі Оспанова Жанна Маратовна
5 «Б» сынып оқушысы Садыкова Анель мен сынып жетекшісі, қазақ тілі мен әдебиеті пәнінің мұғалімі Окмет Еркегүл
6 «А» сынып оқушысы Тұрдыбекова Ақниет пен сынып жетекшісі, информатика пәнінің мұғалімі Бастемирова Зинат Еркебаевна
6 «Ә» сынып оқушысы Олегов Ақберен мен анасы Бердімұратова Бақытгүл
6 «Б» сынып оқушысы Нұғытай Айдана мен сынып жетекшісі, технология пәнінің мұғалімі Искакова Рахима Мардановна
7 «А» сынып оқушысы Ануарова Альбина мен сынып жетекшісі, орыс тілі мен әдебиеті пәні мұғалімі Ашимханова Ж анар Амангельдиновна
7 «Ә» сынып оқушысы Тлек Мөлдір мен анасы Гульнар Рыскуловна
8 «А» сынып оқушысы Сүлейменова Гульдана мен сынып жетекшісі, дене шынықтыру пәнінің мұғалімі Тимербаева Гулбахыт Жумабаевна
8 «Ә» сынып оқушысы Қасымжанова Томирис пен анасы Алганбаева Салтанат Төрениязова
9 «Ә» сынып оқушысы Ракишева Аққугүл мен анасы Ракишева Сауле Жумажановна
Жүргізуші -1:
-"Екі жұлдыз" ән байқауының шарты бойынша қатысушы жұптар сыныптардың рет саны бойынша «Отан, отбасы, бақыт» тақырыбында өз өнерлерін көрсетеді. Әділқазылар осы қатысушылардың ішінен 5 үздік жұпты таңдап, өнерлерін саралап, финалға өткізеді. Ендеше әділқазылар алқасымен таныс болыңыздар.
1.Кенжебаева Айман Кабиевна - мектеп директоры
2. Бұлық Салдат–ата-аналар комитетінің мүшесі
3. Ашимханов Жұмажан Жұмаханұлы - кәсіподақ комитетінің төрағасы
4. Гарифуллина Миргуль Секеновна - музыка пәнінің мұғалімі
5. Пушканова Лазиза Малтаевна - Сынып жетекшілер әдістемелік бірлестігінің жетекшісі.

Жүргізуші :
-Сахна төріне №1 жұп – биыл ғана мектеп табалдырығын аттаса да өзінен үлкен сынып оқушыларын оқу техникасы бойынша басып озып, минутына 100 сөз оқи алатын 1-сыныптың үлгілі де үздік, дарынды оқушысы Ануарбек Бекасыл мен , үлгі тұтарлық қасиетіне, жастарымыз бас иетін сөзі алтын, көңілі жарқын, әжесі Садыкова Клара апай өнер көрсетеді. «Асыл әжем, немерем» әндерінен попурри. Қабыл алыңыздар!
Жүргізуші :
Енді ортаға №2 жұп 1 «Ә» сынып оқушысы Рахим Аңсар және ибалы жүзді, ниеті ізгі Аңсардың анасы Рахимова Гульназ Ерболқызын сахна төріне құрметпен, қошеметтеп шақырамыз «Анашым» әні.
Жүргізуші :
№3 жұп - 1 «Б» сынып оқушысы, кішкентай өнерпаз,бүлдіршін қыз - Серік Диана мен балаларына үнемі қолдау көрсетіп жүретін анасы Смагулова Динара Турсыновна (Гүлдер-ай) әнімен
Жүргізуші :
Аттың жүйрігін мініп, иттің алғырын ертіп, қыранның қырағысын баптап, аттың құлағында ойнауды армандайтын, мың құбылтып ән салып, күмбірлете күй тартатын өнерлі жігіт болуды армандайтын дарынды оқушымыз Завод Еркебұлан мен ұлын өнерге баулып жүрген ауылымыздың жезтаңдай әншісі -анасы Кенжехан Гүлмира
3 «А» сынып оқушысы дарынды бала Несипбай Ислам мен анасы Мусина Жұлдыз Нұрмагамбетовна («Қазақстан» Ұлан Оразбай, әке ана Нұрмұхмет»
3 «Ә» сынып оқушысы, кішкентай өнерпаз, бүлдіршін қыз - Серік Дильназ бен балаларына үнемі қолдау көрсетіп жүретін анасы Смагулова Динара Турсыновна (Гүлдер-ай) әнімен
Жүргізуші :
4 «А» сынып оқушысы Пардабаева Аида мен анасы Тагайбекова Сара Уразбековна (Ару ана , Көк тудың желбірегені
Жүргізуші :
-Сахна төріне № жұп - өз ісіне жауапкершілікпен қарайтын, шәкірттеріне әрқашан мейірімді дос болуға жарайтын, қалаған ісін шын беріле істей білетін, үлкен мен кішіні бірдей сыйлап жүретін бастауыш сынып мұғалімі Баймуратова Жұлдыз Жанымхановна мен әдемі сурет салатын, білімнен сая табатын, қатарының гүлі, сылдырлаған үні бар 4 «Ә» сынып оқушысы Қасымжанова Қаламқасты ортаға ду шапалақпен шақырамыз. (ана жүрегі,
Жүргізуші -1:
-Ортаға № жұп - сұңғақ бойы келбетіне сай түскен, қашпайтұғын тапсырылған бар істен, мектепке биыл ғана келсе де, кішігірім ескертулер берсе де, ренжімей күлімдейтін, ашуы еш білінбейтін, ұжымның көңілін өзіне тек қана жақсы іс-әрекетімен тарта алатын, атқарар ісіне жанын салатын, физика пәні мұғалімі, оспанова Жанна мен нашар баға алмайтын, мұғалімдерінінң соңынан бір елі қалмайтын , ісіне жауапты, білімге талапты шәкірті5 «А» сынып оқушысы Жеңіс Ануарды шақырамыз. Қазақ жастары әнімен
6 «А» сынып оқушысы , сыныптың көркемдік мәдениет секторының көшбасшысы Тұрдыбекова Ақниет пен сынып жетекшісі, информатика пәнінің мұғалімі, сұлу да сымбатты Бастемирова Зинат Еркебаевна
6 «Ә» сынып оқушысы Олегов Ақберен мен Бердімұратова Бақытгүл (Дос туралы жыр, Атамекен)
Жүргізуші -2:
-Келесі кезекте № жұп – қазақи қалып бойында мүсінделген, тіл табыса білетін кісіңменен, асықпай қадам тастап, жүретін әсем асқақ, шәкірттерінің сүйікті ұстазы технология пәнінінң мұғалімі Искакова Рахима Мардановна,мен талапты, талантты , бала болса да ісіне жауапты, сыныптың мақтанышы 6 «Б» сынып оқушысы Нұғытай Айдананы ортаға шақырамыз. Ал құрбым, Несіпбек Аитов, Бағлан Бабжанның әні Ал құрбым
Жүргізуші -2:
-Келесі кезекте № жұп – орыс тілі мен әдебиет пәнінің білгірі, ана тілдің жанашыры, арамыздағы білікті мұғалім, ісіне сөзі сай, ішкі дүниесі керемет бай, әдемі киім киісі, сыпайы жүріс-тұрысы, артық бір сөзі жоқ, бірақ атқарған ісіне әріптестерінің көңілі тоқ Ашимханова Жанар Амангельдиновнамен мектебімізге жаңадан келсе де достарымен тез тіл табысысп кеткен, мектептің қоғамдық шараларынынң көпшілігіне атсалысып үлгерген сынып белсендісі, «әнді сүйсең менше сүй» -дейтін сымбатты қызымыз 7 «А» сынып оқушысы Ануарова Альбинаны ду қол шапалақпен ортаға шақырайық.
Жүргізуші :
7 «Ә» сынып оқушысы Тлек Мөлдір мен анасы Гульнар Рыскуловна (қазақ жері осындай»
Жүргізуші -1:
8 «Ә» сынып оқушысы қалалық сайыстардың жүлдегері Қасымжанова Томирис пен анасы Алганбаева Салтанат Төрениязова (Атамекен, Армандаймын)
9 «Ә» сынып оқушысы Ракишева Аққугүл мен анасы Ракишева Сауле Жумажановна «Анаға сәлем»
Жүргізуші: Әділқазылар алқасы финалға өтетін үздіктерді таңдағанша Қасымжанова Томиристің орындауында «Туған жер» әнін қабыл алыңыздар
Жүргізуші :
Мұғалім мектептің жүрегі. Мектебіміздің білікті мұғалімі авазова Алия Ерсаевнаның шәкірттерін ортаға шақырамыз. Халықаралық «Русский медвежонок» олимпиадасынынң 2,3 орын жүлдегерлері орыс тілінде аналарға ізгі тілектерін білдіреді. Қошеметтеп қарсы алайық!
Жүргізуші :
Сайыстың қорытындысын шығару үшін сөзді қазылар алқасына береміз.
Мектеп - жеке тұлғаны әзірлейтін мемлекеттік мекеме болса, мектептің сенімді одақтасының бірі — отбасы Еліміздің жастары мектеп арқылы өмірге жолдама алады. Мектеп еш уақытта отбасынан, қоғамнан бөлініп, автономиялық мекеме болған емес. Сондықтан оның іс-әрекеті отбасымен, жұртшылықпен, еңбек ұжымдарымен тығыз байланысты. Бүгінгі іс-шара да соның дәлелі болды деп айтуға болады. Назарларыңызға рахмет!


№28 Абай атындағы жалпы орта білім беретін мектеп

«Екі жұлдыз» сайысының әзірлемесі

Дайындаған Ахметова Б.Д.
директордың тәрбие ісі жөніндегі орынбасары

2015-2016 оқу жылы
Скачать методички (классные уроки) для учителей по разным предметам: история, литература, физика. Как провести урок с учеником, вам поможет грамотно составленный план урока. Занятия по математике, литературе, физике, информатике, химии, психологии.
.