Наставник - сайт Открытых уроков. Учителя Казахстана. Образование в Казахстане
.
.
Еліктеу сөздер туралы түсінік. -

Еліктеу сөздер туралы түсінік.

Сабақ жоспары | Документы | Қосымша сабақ жоспары Загрузок: 0 | Просмотров: 1995 | Размер: | Автор: гость
. Қызылорда облысы,
Арал ауданы,
Қызылжар ауылы
№81 орта мектебі
Пән мұғалімі: Бағила Есенбаева Әуезханқызы
Ашық сабақ: 6- сынып
Қазақ тілі.
Сабақтың тақырыбы: Еліктеу сөздер туралы түсінік.
297-298 жаттығулар
Сабақтың мақсаты:
а) білімділік: Еліктеу сөздер туралы түсінік беру, нақты мәліметтер келтіру. Басқа сөз таптарымен салыстыру;
ә) тәрбиелік: Оқушыларды алғырлыққа, зеректікке, тапқырлыққа, имандылыққа баулу;
б) дамытушылық: Оқушылардың топпен жұмыс істеулерін логикалық ойлау қабілеттерін дамыту, іскерлік дағды машықтарын қалыптастыру;
Типі: Жаңа білім беру сабағы
Түрі: Дәстүрлі емес, саяхат сабақ
Әдісі: Ой қозғау, кубизм, рафт
Технологиясы: Ойын арқылы оқыту
Көрнекілігі: Саяхат жоспары, дидактикалық материалдар, сурет, ойын,ертегі макеті, магнитофон;

Барысы:
І. Ұйымдастыру бөлімі:
а) Жаңа сабақты түсіндіру кезеңі
Оқушылардың назарын сабаққа аудару
Оқу құралдарын түгелдеу. Екі ауылға бөлу.
«Қызылжар» және «Шижаға»
Саяхат жоспары бойынша 1. «Шижаға» орта мектебі аялдамасы.
а) Ертегі айту арқылы жаңа сабақтың тақырыбын шығару, проблемалық сұрақ қоя отырып, ертегіні аяқтату, тақырып қою.
1. Ол қыздың аты кім?
2. Қандай құбылыстардың дыбыстарын, бейнелерін қандай сөздерден аңғардыңдар?
3. Мәтінді қалай атаймыз?
Сөз таптары немесе «Көп жасаған ата»
ә) Ережемен таныстыру
б) Мұғалімнің оқулық арқылы түсіндіруі.
Айналадағы әр түрлі құбылыстардың дыбыстарына, қимылдарына еліктеумен, бейнелерімен байланысты туған сөздер «еліктеу сөздер» деп аталады.
в) дәптермен жұмыс. Оқулық арқылы жаттығу орындату.
297- жаттығу. Еліктеу сөздерді тауып, қандай сөздермен тіркесіп тұрғанын көрсетіңдер.
Зу –зу ете қалды, күмп бердім, дүр-дүр етіп, (ұшқан) селк-селк ете түсесің, бұлт –бұлт, бұлт–бұлт етіп, жарқ–жұрқ–жарқ–жұрқ етіп;
г) магнитофоннан тыңдату. Абай аудармасы И.А.Крыловтан.
«Түлкі мен қарға» мысалын тыңдату арқылы еліктеу сөздерді таптыртамын.

Барынша көсіліп, Тап етті, шап етті,
Ырғалып қарқ етті. Ап кетті, қу түлкі.
Ірімщік жерге салп етті.
ғ) Мұғалімнің «Арал вальсі» әнін айтуы
Сән берген өмірге,
Туған жер Аралым
Ып–ыстық көңілге
Әр қойнау Аралым
Қайырмасы:
Айналдым Аралым,
Жайнаған Аралым
Әсемпаз, жасампаз
Бай қалам Аралым.

2. «Арал» аялдамасына келдік.
д) Суретпен жұмыс.
«Аралдың қазіргі жағдайы» және «Аралдың бұрынғы жағдайы» негізінде суреттермен жұмыс жүргіземін. Екі ауыл балаларына ауызша әңгіме құрастыртамын.
е) Галлерияға саяхат. «Қызылжар» мен «Шижаға». әр оқушы суреттегі құбылысқа қарап, өз ойларын түсіреді. Мәтінде еліктеу сөздер болады.
ё) «Автор орындығы» тәсілі бойынша осы кезде оқушылар ортаға шығады. (1-2 шыға сөйлеттіріп, көпшілікке тыңдатамын).
ж) Жұмбақ жасыру.
Көпті көрген атасы бар, оның тоғыз баласы бар, тоғызының тоғыз түрлі саласы бар. Ол не? «Сөз таптары»
з) Ойын. «Күн мен түн»
Сөз таптарына тоқталамын. Сөз таптарының макеттерін «түн» дегенде екі ауылдың балаларының тұсына қойдырту арқылы сөйлетемін. Мысалы: Зат есім, Үстеу, Сын есім, т.б. Өз тұсына сөз таптары қойылғанда, сарнай жөнелту қажет.
и) Арал қаласы ауылдық елді мекендердің орталығы, ауданымыздың аты, 2002-03 жылдары 100 жылдығын тойлау туралы айтамын.

3. «Ғажайып қоржын» аялдамасы.
А) үй тапсырмасына шолу.
І. «Қызылжар» ауылына қоржыннан сұрақ алдырту.
1.Үстеу дегеніміз не?
2.Үстеудің мағыналық түрлерін ата?
3. Мөлшер үстеуі деген не?
4. Ә.Нұрпейісов қай жерде дүниеге келген?
ІІ. «Шижаға» ауылына қоржыннан сұрақ алдырту.
1. Туынды түбір үстеулерді тудыратын жұрнақтарды ата, мысал келтір.
2.Үстеудің құрамдық түрлерін ата
3. Мақсат үстеу деген не?
4. А.Құнанбаевтың өлеңдерін ата.

а)оқулықпен жұмыс, 298 -жаттығумен жұмыс.
Абай өлеңдерінен берілген үзінділерден еліктеу сөздерді таптыртып, мағынасын көрсету. Берілгенін оқушыларға оқытамын. Үлгі: бұлт берем -сытылып шығып кету,құржаң- құржаң-ретсіз қимыл, қылпың -мазасыздану, жыртың-жыртың -орынсыз әрекет, тиым салу, пыш -пыш -сыбырлау, бұрқ –сарқ - ашулану, долдану.
ә)Қай өлеңдерден алынғанын таптырту.
1-өлең. Қартайдың, қайғы ойладың, ұлғайды арман.
2- өлең. Абралыға («Мен жасымнан көп көрдім» )
3- өлең «Қалың елім, қазағым, қайран жұртым»
4-өлең. Қыс.
б) «Сиқырлы таяқша»
Қай оқушыны түртсем, сол оқушы қарсы ауылға өткен материал бойынша сұрақ қоюы қажет.
в) ойын «Менің орным қайда?»
Орны ауысқан еліктеу сөздерді екі ауыл балаларына таптыртамын.
Мысалы: Сәуленің қолындағы жүзігі жарқ-жұрқ етеді. Айбек сасқанынан ыржың-ыржың етті.
г) дәптермен жұмыс.
Осы жоғарыдағы сөйлемдерді дәптерлеріне жаздырамын.

4. «Ұландар» жазғы демалыс орны
а)галстукті көрсету арқылы «Ұлан» сөзін талдау;
ә) Ұлан сөзіне «бес жолды өлең» әдісін пайдалану.
1)Зат есім 1.Ұлан
2)Сын есім 2.Өнерлі ұлан
3)Етістік 3.Ойнайды, оқиды, еңбектенеді
4) 4 сөзден тұратын сөйлем 4.Ұландар демалыс орнында демалды
5) Синоним немесе баламасы 5.Ұлан немесе оқушы, балалар

б)ойын «Кім тапқыр?»
Жеке сөздерді екі ауылға екі сөзден жасыртып, мақал құрату.
1. Ана 2.Сиыр 3.Бала 4.Қой 5.Ауыл 6.Ата 7.Гүл 8.Айна
в) «Ұландардың бір күні қалай өтеді?»
«Рафт әдісі» бойынша әңгімелетемін. «Менің бір күнім» тақырыбында айтқызу;
г) «Білім арқаны» ойынын ойнату.
Мұнда Қыстыгүні, биыл, ауыл, әдемі, отыз, секірді; Мысалы:
Қыстыгүні -үстеу, т.б.
Ауызша таптыртамын. Мадақтаймын.
5. «Өткел» аялдамасы
а) бата алу. Магнитофонмен жұмыс
ә)ауылға жақындағанда «Ауыл – 2003 жылымен байланыстыру», «Ауыл» сөзжұмбақ шешу
б)нан ұстап шығу
6. «Қызылжар» аялдамасы
а) Магнитофонмен жұмыс (Қызылжар туралы)
ә) Балалармен ынтымақтаса отырып, жаңа сабақты бекіту
б) «Бәйге» ойыны арқылы екі ауылды бағалау (жекелеген заттарды құбылысқа келтіру арқылы)
в)Үйге тапсырма. Еліктеу сөздерді оқып келу; «Менің туған жерім» тақырыбында эссе жазып келу.

Сау болыңыздар!
Скачать методички (классные уроки) для учителей по разным предметам: история, литература, физика. Как провести урок с учеником, вам поможет грамотно составленный план урока. Занятия по математике, литературе, физике, информатике, химии, психологии.
.