Наставник - сайт Открытых уроков. Учителя Казахстана. Образование в Казахстане
.
.
«Ер Төстік» ертегісі. Қорытынды сабақ. -

«Ер Төстік» ертегісі. Қорытынды сабақ.

Сабақ жоспары | Документы | Қосымша сабақ жоспары Загрузок: 0 | Просмотров: 3489 | Размер: | Автор: гость
. Маңғыстау облысы
Бейнеу ауданы
Боранқұл селосы
Опорный орта мектебінің
қазақ тілі мен әдебиет
пән мұғалімі
Жұмалиева Гүлнар Тлегеновна
Әдебиет. Ашық сабақ. 5-сынып.
Сабақтың тақырыбы: «Ер Төстік» ертегісі. Қорытынды сабақ.
Сабақтың мақсаты: 1)білімділік: Ертегінің мазмұнын меңгеріп, әдеби талдау арқылы ертегінің көңіл толқытар тұстарын мәнерлеп, өзіндік пікір, сыни көзқарас қалыптастыру. 2) дамытушылық: оқушы қабылдауы мен ойлау аралығын зерттей отырып, ой қорыту, оқушылық ой өрісі мен дүниетанымын кеңейту.3) тәрбиелік: адал достыққа, қайырымдылыққа, адамгершілікке, батылдыққа, отансүйгіштікке тәрбиелеу.
Сабақтың түрі:Жалпылау мен қорытындылау сабағы.
Сабақтың әдісі:Сұрақ-жауап, баяндау.
Сабақтың барысы: 1.Ұйымдастыру.
2. Үй тапсырмасын сұрау.
VІІ бөлім бойынша жоспар құру.
1. Ер Төстіктің қарақұспен дос болуы.
2. Ер Төстіктің жер бетіне шығуы.
3. Шойынқұлаққа ұсталып қалуы.
4. Шойынқұлақты өлтіруі.
VІІІ бөлім бойынша жоспар.
1. Құба інгеннің боталауы.
2. Төстіктің елге оралуы.
Оқушыларға жоспар бойынша сұрақтар қойылып, үй тапсырмасы сұралады.

3. Жаңа сабақ.
« Ер Төстік » ертегісін қорытындылау.
1. «Ер Төстік» қандай ертегі? қиял-ғажайып ертегі
2. Қандай керемет ғажайыптарды аңғардың?
Сынып 3 топқа бөлінеді. Топтық жарыс. Бір-біріне сұрақтар қояды.
І-топ.
1. «Ер Төстіктің» қиял-ғажайып ертегіге жататынын қалай дәлелдеуге болады?
2. Ер Төстіктің көмекшілеріне сипаттама жаса.
ІІ топ.
1. Зұлымдықты жақсылық жеңетінін ертегі мазмұнынан аңғардыңба? Дәлелдеп көр.
2. Ертегіде халық тұрмысына, әдет-ғұрып көріністері қай жерде кездеседі.
ІІІ топ.
1. Кенжекей қандай адам? Сипаттама бер.
2. Ертегі несімен ұнады?
Топтастыру кезеңі.
Балалар, сол ертедегі кейіпкерлерді халық аңсап, армандаған ғой. Сол арманда қазіргі өмірде орындалып, адамдық қасиетпен де, техникаменде дамыды. Соларды салыстырып көрейік.
Баяғы саққұлақ кім? – радио, телефон.
Көреген, қырағы көз? – ғаламтор, телевизор.
Тыңшы - сөзді жазып алатын диктофон.
Көлтаусар – өрт сөндіретін техника.
Таусоғар - бульдозер, кран.
Ал, сол кездегі таусоғар- біздің заманымыздағы Қажы-Мұқан, Илья Илин, Мая Манеза.
Желаяқ- Ольга Шишигина.

Енді «Ер Төстік» қандай адам?


ақылды

қамқоршы Ер Төстік батыр

адал көпшіл

Шығармадағы жағымды кейіпкерлер.
1. Ер Төстік
2. Кенжекей.
3. Төстіктің достары.
4. Бапы хан.
5. Күңке.
6. Қарақұс.
Жағымсыз кейіпкерлер.
1. Перінің қызы Бекторы.
2. Мыстан.
3. Темір хан.
4. Кеще хан.
5. Шойынқұлақ.
Әр топтың көшбасшылары өз топтарына , сұрақтарға жауап беріп отыруына қарай баға береді. Мұғалім сарапқа салып толықтырады.
Бекіту: Сұрақтармен жұмыс. Әр топқа карточка үлестірем.
І топ.
1). Ертедегі кейіпкерлермен таныса отырып қандай адами қасиеттерді кездестірдің?

ІІ топ.
1. Ерназар ұлын мыстанға бергендегі ойы-не деп ойлайсың?
ІІІ топ.
1. Ертедегі жағымсыз кейіпкерлерге сипаттама бер?
Үйге тапсырма: Ертедегі өздеріңе ұнаған кейіпкерді көздеріңе елестетіп суретін салу.
Бағалау: Сабаққа қатысып, сұрақтарға жауап берген оқушыларды бағалау.
Скачать методички (классные уроки) для учителей по разным предметам: история, литература, физика. Как провести урок с учеником, вам поможет грамотно составленный план урока. Занятия по математике, литературе, физике, информатике, химии, психологии.
.