.
.
Атырау облысы, Атырау қаласы, Бірлік ауылы Ер Төстік және оның достары
Сабақ жоспары | Документы | Қосымша сабақ жоспары Загрузок: 0 | Просмотров: 5294 | Размер: | Автор: гостьБоран Нысанбаев атындағы орта мектептің
қазақ тілі мен әдебиеті пәнінің мұғалімі
Жумабаева Айнур Измухановна
Күні: 27.09.2014 ж
Сыныбы: 5 «Д»
Сабақтың тақырыбы: «Ер Төстік және оның достары»
Сабақтың мақсаты:
Білімділік: қазақ халқының мол мұрасымен таныстыру, соның ішіндегі балаға ең жақын аңыз - ертегілер әлемімен табыстыру. Оқушылармен бірге ертегі әлеміне саяхат жасай отырып, талдау мен сараптау жасай білуге үйрету, шығарманың айтар ойын, негізгі мазмұнын түсінуге баулу, қорытынды жасауға бағыттау. Ертегінің мазмұнын меңгеріп, әдеби талдау арқылы ертегінің көңіл толқытар тұстарын мәнерлеп, көріністер қойып, тыңдаушының жанын қозғап әңгімелеуге дағдыландыландыру, өзіндік пікір, сыни көзқарас қалыптастыру.
Дамытушылық: Ертегі сөзінің мәнін түсіндіру негізінде баланың ертегінің қызғылықты да мәндірек болуы үшін музыканың алатын орнының айту, түсіндіру. Ертегінің мазмұнын меңгеріп, әдеби талдау арқылы ертегінің көңіл толқытар тұстарын мәнерлеп, көріністер қойып, тыңдаушының жанын қозғап әңгімелеуге дағдыландыландыру, өзіндік пікір, сыни көзқарас қалыптастыру.
Тәрбиелік: Ел аузында сақталған, ғасырлар тоғысында тозбай жеткен ертегі кейіпкерлерінің бірі -«Ер төстік» ертегісіндегі Төстік бейнесі. Бойына бар асыл қасиеттерді жиған ер азамат бейнесін бүгінгі ұрпаққа берері көп. Достық, өзара көмек, ақыл мен парасаттылық, адалдық, адамгершілік, ізеттілік т. б. жақсылыққа жетелейтін нағыз адамның қадір қасиеттерін бала бойына қалыптастыру. Адал достыққа, қайырымдылыққа, адамгершілікке, батылдыққа, отансүйгіштікке тәрбиелеу.
Сабақтың түрі: дәстүрлі жаңа сабақ
Сабақтың типі: жалпылау және қорытындылау сабағы
Пайдаланылған көрнекіліктер: интерактивті тақта, сұрақ - жауап, баяндау
.
Сабақтың барысы.
I. Ұйымдастыру кезеңі
Оқушылармен сәлемдесу, сабаққа қатысын тексеру, жаңа сабақты меңгеруге бейімдеу
ІІ. Үй жұмысын тексеру (Ертегінің құрылымын слайдпен көрсету арқылы оқушылардың білімін пысықтау)
I. Кіріспе - Оқушылар әр бөлімнің қысқаша мазмұнын айтады. Төстіктің
өмірге келуі.
II. Байланыстар - Төстіктің ағаларын іздеп шығуы.
III. Шиеленіс - 9 ұлды үйлендіру. (Кенжекей жасауға не алды? Енші кімге беріледі?)
IV. Шарықтау шегі - Ерназардың Сорқұдықтың басына қонуы. Құба інген қандай шөпке бұйдасынан оралып қалды?
V. Шешуі - Төстіктің жер астына түсуі және еліне оралуы
ІІІ. Жаңа сабақ
Қызығушылықты ояту.
1. «Ер Төстік» ертегілердің қай түріне жатады?
«Ер Төстік» ертегісі қиял - ғажайып және ғылыми зерттеулерге сүйенсек, шыншыл ертегілерге де жатады.
Автор: - Ерте заманда Ерназар деген байдың Ер Төстік деген баласы болыпты. Ер Төстік батыр, ержүрек те батыл болып өседі. Оның жұт кезінде хабарсыз кеткен сегіз ағасы болған екен.
Ертегінің кейіпкері
Көп қой оның серіктері.
Ең мықтысы сегіз ұлдың -
Ерназардың Ер Төстігі.
Автор:- Ер Төстік ержетіп, хабарсыз кеткен сегіз ағасын іздеуге аттанады. Ол сегіз ағасын тауып алып, ауылға әке - шешесіне қайта оралады.
Ер Төстік ата - анасы және сегіз ағасымен бақытты өмір сүріп жатады. Мұны көре алмаған перінің қызы мен жалмауыз кемпір қастандық ойластырады.
1 - слайд Ж а л м а у ы з суреті
Ер Төстікті қолға түсірмек болады. Ер Төстік өзінің сенімді серігі - тұлпары Шалқұйрық екеуі айла тауып, жалмауыз кемпірден қашып құтылады. (Оқушы жауабы)
2 - слайд - Ш а л қ ұ й р ы қ суреті
Автор:- Ер Төстік жер астындағы Бапы ханның еліне тап болады. Бапы хан оған шарт қояды. Ер Төстік Бапының көршісі Темірханның еліне аттанады.(Оқушы жауабы)
3 - слайд Жылан айдаһар суреті
Автор: - Жолда келе жатып Ер Төстік көп достармен танысады. Алдымен танысқан досы - Епті
4 - слайд - Епті суреті
Епті
Шапшаң, жылдам тістері,
Арсиған оның тістері.
Ертегіде бар Епті
Өнерлі де әдепті.(Оқушы жауабы , кездескен сәтін баяндау)
Автор:- Ер Төстік пен Епті екеуі жүріп келеді. Алдынан шаң жұқпас жүйрік Желаяқ шығады.
5 - слайд - Желаяқ суреті
Желаяқ
Дамыл таппай жүгірген,
Айналасын бүлдірген.
Ұшып - қонған Желаяқ
Елдің бәрін күлдірген.(Оқушы жауабы , кездескен сәтін баяндау)
Автор:- Үшеуі жүріп келеді. Алдарынан құлағын жерге төсеп, тың тыңдап жүрген бір адам көрінеді. Ол Саққұлақ еді. Саққұлақ та Ер Төстікке дос болады.
6 - слайд - Саққұлақ суреті
Жер тыңдаған шапқылап,
Құлақтарын тартқылап.
Бәрін естіп жүретін.
Ойнақтаған Саққұлақ.(Оқушы жауабы, кездескен сәтін бейнелеу)
Автор:- Сөйтіп, төртеу болып жүріп келеді. Алдарынан тауды көтеріп, қайтадан орнына қойып жүрген бір адам кездеседі. Ер Төстік пен Таусоғар достасады.
7 - слайд - Таусоғар суреті.
Таусоғар әні
Тау мен тасты көтерген,
Жер-жаһанды ол кезген.
Қандай алып бар екен
Таусоғарға тең келген(Оқушы жауабы, кездескен сәтін бейнелеу)
Автор:- Олар бесеу болып келе жатады. Алдарынан бір үлкен көл көрінеді. Кенет көлдің суы көзді ашып - жұмғанша жоқ болып кетеді. Сәлден кейін ұзамай қайта пайда болады. Бұған олар таңғалып қалады. Қараса, Көлтауысар отыр. Ол да Ер Төстікке дос болады.
8 - слайд - Көлтауысар суреті
Көлтауысар
Қуанышпен қауышқан
Кісімен тез тіл табысқан.
Өзен - көлдің суларын
Жалғыз өзі тауысқан.(Оқушы жауабы, кездескен сәтін бейнелеу)
Автор:- Ер Төстіктер өздеріне қарама - қарсы келе жатқан бір адамға жолығады. Бұл жер астының қырағысы Көреген еді. Жетеуі дос болып, сапарын жалғастырады.
9 - слайд - Көреген суреті.
Көреген әні
Жер әлемді төбеден
Көрген біздің Көреген.
Жарқыраған қос көзі
Алысты көрер екен. (Оқушы жауабы,кездескен сәтін бейнелеу)
Автор:- Жетеуі жеті ай жүріп, Темір хан еліне жетеді.
Темір хан Ер Төстікке өнерлерін көрсетуін сұрайды.Ер Төстік және оның достары барлық өнерлерін көрсетіп, жұртты таңғалдырады.
(Сергіту сәтін қимылмен көрсету)
Таусоғар тауды көшіреді.
Көлтауысар көлді ішіп тауысады.
Көреген ешкім көрмегенді көреді.
Саққұлақ ешкім естімегенді естиді.
Желаяққа жеткен ешкім болмайды.
Ептінің істегенін ешкім байқамайды.
Сөйтіп, Ер Төстік шартты орындап, Бапы ханның еліне қайтады.
ІҮ. Жаңа сабақты бекіту
А)
1. Ер Төстік және оның адал достары. (Темірхан қайда көшіп кетті? Адамбаспас)
2. Шойынқұлақ пен Ер Төстік. Шойынқұлақ жанын қайда сақтайды?
3. Еліктер қай жерде жүреді? (Борықбұлақ)
4. Ер Төстікке кім көмектесті? (Күңке)
5. Ер Төстіктің елге аман - есен жетуіне көмектескен кімдер?
6. Достық, ерлік, батылдық туралы қандай мақал - мәтел білесіңдер?
7. Егер сен сол кездегі би болсаң, Шойынқұлаққа қандай жаза қолданар едің?
8. Күңкеге қандай жақсылық жасаушы едіңдер?
9. Ертегі сендерге ұнады ма?
Ертегілерде ата - бабаларымыз өмірін жеңілдету мақсатында небір қиял, армандарына қол жеткізіп келеді.
Оқушылар өз ойларын ортаға салды.
Ал Көлтауысар ертегілерде суды лезде толтырып, лезде жоқ қылады. Әрине, су – тіршілік көзі. Теңіздер, көлдер, мұхиттар тартылмасын.
Сендер әлі ержетесіңдер. Мұндай қиындықтар болмас үшін сендер қандай амал ойлап табар едіңдер?
Ә)
Өмірмен байланыс.
Саққұлақ кім? – радио, телефон.
Көреген қазіргі өмірдегі не? – ғаламтор, теледидар.
Тыңшы – сөзді тыңдауға арналған арнайы құрылғылар (диктафон)
Көлтауысар – өрт сөндіретін техника
Таусоғар – бульдозер, кран.
Сөздікпен жұмыс, дәптерге орындайды.
Б)
Жүйріктер жарысы.
Тіл жүйрігін шешен дейміз.
Мал жүйріктерін ата.
Жылқы жүйрігі – тұлпар.
Түйе жүйрігі – желмая.
1. Қазіргі желаяқтар кімдер? Ольга Шишигина
2. Таусоғарлар бар ма? Қажымұқан Мұңайтпасов
XXX жазғы олимпиада чемпиондары зіл темір көтерушілер: Илья Ильин, Зульфия Чиншанло. Майя Манеза, т. б.(оқушылар атап өтті)
Ертегіде кездескен түсініксіз сөздерге тоқталу , мағынасын түсіндірме сөздік арқылы анықтау.
Мысалы: жасау , егеу т.б
Ү. Үйге тапсырма:1. Ертегі мазмұнына сәйкес өздеріне ұнаған оқиғаларды суретпен бейнелеу.
2.«Шынайы дос» туралы эссе жазу
ҮІ.Бағалау. Сабаққа жауап берген оқушыларды түрлі түсті қағаз үлестіру арқылы бағалаймын. е қа ҮІІ.Қорытынды. «Ер Төстіктегі» Жылан Бапы патшалығы туралы хикая әрідегі оқиға екені мифтік нақыштар етек ала бастағанынан - ақ айқын танылып тұр. «Ер Төстік» ертегісі қалыптасқан кезде оның бір тарауына айналған. Сонымен, бұл ертегі батырлық эпостарымыздың қарлығашы, жаңа дәуірдің басында дүниеге келген ең ежелгі үлгілерінің бірі деп айтуымызға әбден негіз бар.
йту
Б. Нысанбаев атындағы орта мектеп
Ашық сабақ
Тақырыбы: «Ер Төстік және оның достары»
Сыныбы: 5 «Д» сынып
Пән мұғалімі: Жұмабаева А.И
Күні: 27.09.2014 ж
Атырау қаласы
Скачать методички (классные уроки) для учителей по разным предметам: история, литература, физика. Как провести урок с учеником, вам поможет грамотно составленный план урока. Занятия по математике, литературе, физике, информатике, химии, психологии.
.