Наставник - сайт Открытых уроков. Учителя Казахстана. Образование в Казахстане
.
.
Ертегі еліндегі қызықтар -

Ертегі еліндегі қызықтар

Сабақ жоспары | Документы | Қосымша сабақ жоспары Загрузок: 0 | Просмотров: 1280 | Размер: | Автор: гость
. Тлеубаева Галия Балмуканбетовна

Ақтөбе қаласы,
№19 мектепке дейінгі ұйымның тәрбиешісі

«Ертегі еліндегі қызықтар»
Мақсаты: Балалардың қызығушылықтарын арттыра отырып түрлі тапсырмалар орындату. Берілген тапсырмаларды тиянақты орындай білуге дағдыландыру.
Барысы: Өзін қоршаған ортамен амандастыру.
Арайлап таң атты
Алтын сәуле таратты
Амансызба алтын күн
Амансызба жер ана
Амансызба көк аспан
Амансызба достарым
Сендерді көрсем қуанам
Есік қағылып почташы сәлемдеме әкеледі, тәрбиешіге беріп кетіп қалады.
Тәрбиеші: Балалар бізге сәлемдеме келді қане бәріміз қарайық не бар екен ішінде. Қане қалған кейіппен.
Балалар: Қанеки ашыңызшы не бар екен көрейік.
Тәрбиеші: ( ашып қарайды) Балалар мұнда хат және мына бір жіп бар екен. Қазір хатта не жазылғанын білеміз. Оқып берейін бе?
Балалар: Я әрине оқыңызшы.
Тәрбиеші: Хатты дауыстап оқиды.
Хатта: «Ертекші әже балаларды қонаққа шақырып, келер жолда ертегі кейіпкерлерінің тапсырмасын дұрыс орындауға және дұрыс дәл орындаса сыйлық айтатындарын айтып ұсыныс жасайды. Тіпті жолдан адаспасын деп сыйқырлы жіпті салып жібереді»
Тәрбиеші: Балалар хаттың мәтінін түсіндіңдер енді бұл ұсынысқа не дейсіңдер. Әлде жүрексініп қалдыңдар ма?
Балалар: Жоқ, жоқ Біз қиындықтан қашпаймыз. Жолға шығуға дайынбыз!
Тәрбиеші: Жарайсыңдар! Ертекші әже біздің сапарымызды жеңілдетіп,өзіне тез жетсін деген болар бізге сыйқырлы жіпті беріп жіберіпті.Әжеміз қандай қамқор жан еді балалар.Ол біздің қамымызды әркез ойлап жүреді. Ендеше «Ертегі еліне» қарай жол тартпас бұрын бізде өзімізді жігерлендіріп алайық.
Балалар шеңберде қол ұстасып тұрып,
Біз татау баламыз,
Қашан да қайда да
Бірлікте боламыз.
Тәрбиеші: Кеттік ендеше. Сапарымыз оң болсын!
Жіпті орай отырып бірінің артынан бірі тізбектеліп жүреді.Ең бірінші болып жолдарында түлкі кездеседі
1 Түлкі суреті:
Тәрбиеші: Балалар бұл қай ертегі кейіпкері?
Балалар: Балалар түлкі туралы оның тіршілігі туралы айта отырып,түлкі кездесетін ертегілерді естеріне түсіріп ,айтып береді. Бауырсақ ертегісін қысқаша баяндап береді.
Түлкі шығып: Жарайсыңдар балалар мені таныдыңдар! Ал менің тапсырмамды шешуге қалайсыңдар?
Балалар: Қане ол қандай тапсырма?
1 тапсырма
Түлкі тапсырмалары: « Сандарды ретімен орналастыр» Тура және кері сана.
Жол одан әрі жалғасып екінші кейіпкерге келеді
Тәрбиеші: Ой балалар бұл кім?
Балалар: Күлше қыз
Тәрбиеші: Бұны қайдан көрдік?
Балалар: Күлкешіқыз ертегісін естеріне түсіре отырып,оның мінезі,өмірі,айналасындағыларға көрсеткен қамқорлығы туралы айтып береді, ертегіні қысқаша баяндайды.
Күлше қыз: Жарайсыңдар достарым! Мен туралы көп біледі екенсіңдер. Менің тапсырмам мынадай:
2 тапсырма: Ертегі кейіпкерлерін суреттерден қарай отырып табады, дыбыстық талдау жасау.
«Етік киген мысық», «Жеті лақ» , «Шалқан», «Үш аю».
Мысық, ешкі,аю,шалқан,етік сөздеріне дыбыстық талдау жасалынады.
Жол одан әрі жалғасады, мыстан кемпірге келеді.
Тәрбиеші: Балалар мынау кім?
Балалар: Бұл мыстан кемпір (қысқаша мыстан кемпір кездесетін ертегілерді баяндайды
Мыстан: Жарайсыңдар балалар! Мен сендермен ойын ойнағым келеді.
Ойын тапсырма: «Дәл тап»
Шарты: Қапшықтарды әуен бойынша айналдыра отырып әуен тоқтағанда арттарына жасырып ішіндегіні сипап сезу арқылы табады.
Одан әрі жіпті жинай отырып жүріп келеді.
4 тапсырма: Д/О « Сурет бөліктерін тап»
Мақсаты: Үш топқа бөліініп сурет бөлігін құрап ертегіні табады.
Жіпті одан әрі жинап ертекші әженің үйіне таяйды.
Үйден ертекші аже шығып амандасады.
Ертекші әже: Амансыңдар ма құлындарым!
Балалар: Саламатсыз ба (барып құшақтайды)
Ертекші әже: Жарайсыңдар боталарым. Барлық тапсырманы мүдірмей орындадыңдар мен сендерге сендім, бәрін орындайтындарыңды білдім. Мен сендерге тағы сынап бір жұмбақ жасырғым келіп тұр. Жұмбақ шешеміз бе?
Балалар: әрине жұмбақты біз өте жақсы көреміз (келіседі)
Ертекші аже: Жұмбақтар жасырады.Сұрақтар қойып, алған әсерлерімен бөліседі, қорытындылайды. Балаларды мадақтайды.Сыйлығын таратады.
Тәрбиеші балаларды алып қоштасып тобына шығып кетеді.
Скачать методички (классные уроки) для учителей по разным предметам: история, литература, физика. Как провести урок с учеником, вам поможет грамотно составленный план урока. Занятия по математике, литературе, физике, информатике, химии, психологии.
.