Наставник - сайт Открытых уроков. Учителя Казахстана. Образование в Казахстане
.
.
Ертегілер еліндегі ғажайып математика -

Ертегілер еліндегі ғажайып математика

Сабақ жоспары | Документы | Қосымша сабақ жоспары Загрузок: 0 | Просмотров: 2836 | Размер: | Автор: гость
. Ертегілер еліндегі ғажайып математика

Тақырыбы: Ертегілер еліндегі ғажайып математика «Маша мен аю»
Мақсаты: Білімдерін тиянактау.
Білімділік: Баланың қарапайым математикалық түсініктерден алған білімін тиянақтау, геометриялық пішіндерді танып, ажырата білуін жетілдіру, қарапайым сан мен санаутүсініктерін калыптастыру, апта күндерін ажырата білуге үйрету. : Сандарды тура, кері санауға үйрету, логикалык ойын арқылы баланың қиялын, ой -өрісін, есте сақтау қабілетін дамыту.
Үйымдастырған оқу іс - әрекеті;
Таным
Бөлім:Қарапайым математика
Көрнекілігі: Геометриялық пішіндер, тура, кері санауға арналған сандар,
Балалармен шаттық шеңберін күрамыз.
Амандасу үлкенге,
Тәрбиенің ісі ғой
Ал, кәнекей, бәріміз
Сәлем,- дейік үлкенге
Қайырлы күн, қонақтар.
Қайырлы таң, балалар
Балалар орындарына отырады.

Тәрбиеші: Жылдың қай мезгілі?
Балалар: Қыс мезгілі
Тәрбиеші: Қыс айларын ата?
Балалар: Желтоксан, каңтар, ақпан
Тәрбиеші: Қазір қандай ай?
Балалар: Ақпан
Тәрбиеші: Қымбатты балалар, қандай ертегі білесіңдер?
Балалар: «Маша мен аю», «Түлкі мен ешкі», «Қаскыр мен коян»
Тәрбиеші: Олай болса, Маша мен аю ертегісінің койылымын тамашалаймыз!, бүгін біз ертегілер еліндегі ғажайып пішіндермен таныспақпыз. Ерте, ерте, ертеде бір әсем сарайда Маша атты бір ерке кыз өмір сүріпті, оның эдемі сарайы болыпты. Сол сарайда жалғыз түрыпты. Жалғыз түрып іші пысқан Маша былай деп армандайды:

Маша-Ақерке О шіркін? Менің мынадай сарайымда көп достарым болса ғой Мен олармен бірге есеп шыгарып, ойнап көңіл көтерер едім.
Аю: Нұрсултан Кім бар мына әсем сарайда? Рұқсат болса кірейін.
Маша: Мен Машамын. Сен кімсің?
Аю: Мен Аюмын. Мен үшбұрыш ала келдім, сені таныстырайын, оның үш бұрышы, үш кабырғасы, үш төбесі бар. Ол тура сенің үйіннің төбесіне ұксайды.
Маша: А солай ма, мен білмеппін. Үйге кіру үшін менің
тапсырмамды орында.
1 - тапсырма. Бір аптада неше күн бар?
Жауабы:.
Дүйсенбі
Сейсенбі
Сэрсенбі
Бейсенбі
Жүма
Сенбі
Жексенбі.
Біздің балаларда апта күндерін айтып береді.
Маша: Жарайсың! Кіре ғой сарайға.
Бір кезде Қасқыр келеді.
Қасқыр-Нұрқанат бұл сарайда кім тұрады?
Маша: Мен Машамын, сен кімсің?
Қасқыр: Мен касқырмын. Менің қолымдағы төртбүрыш, оның
төрт бүрышы, төрт қабырғасы бар. Ол теледидарға үксайды.
Маша: Солай екен ғой, үйге кіру үшін менің тапсырмамды орында.
2 - тапсырма
I - ден 5 - ке дейін тура, кері санап бер.
0 1 23455432 1 0
Маша: Дұрыс, үйге кіре ғой
Қоян-Аяжан: Бүл әсем сарайда кім түрады?
Маша: Мен Машамын, сен кімсің?
Қоян: Мен қоянмын, Мен саған таныстыруға дөңгелек экелдім.,
оның бұрышы жоқ, допка, күнге үксайды.
Маша: , қане маған берші, Үйге кіру үшін мына тапсырманы орындайсың.
3 - тапсырма.
Алма ағашта бес алма
Қандай тәтті жесе алма,
Бесеуінде жеп қойсаң
Қалады онда неше алма.
Қоян: 0 алма.
Маша:Жарайсыңдар!
Осы кезде түлкі кіріп келеді.
Түлкі: Мына әсем сарайда кім тұрады?
Маша: Мен Машамын, сен кімсің?
Түлкі-Інжу Мен түлкімін. Менің колымдағы шаршы пішіні.
Оның төрт бұрышы, төрт қабырғасы тең.
Маша: Солай екен. Онда сен менің тапсырмамды орында.
4 - тапсырма. 1 - ден 5 - ке дейін санамақ айтып бер.
Аяжан
Бір дегенің бесік,
Содан шыктық өстік.
Екі дегенің елім,
Өзен тауым көлім
Үш дегенім үміт,
Үміт артар жігіт
Төрт дегенім төзім,
Төзе білім өзім
Бес дегенім бакыт,
Бағалайтын уақыт.
Тәрбиеші: Жарайсың Түлкі.
Енді біздің балаларда санамақ білетін болар, қане кім айтып береді?
Сергіту сәті:
Бойды сергек тік ұста
Емін - еркін тыныста
Оң қолыңды соз алға
Қол ұшына карада
Үшбұрыш сыз ауада
Сол кол босқа тұрмасын
Шеңбер жасап тынбасын.
Тәрбиеші: Енді балалар аңдарды ортаға шақырып отырғызайық.
5 - тапсырма. Саусакпен санап үйренейік:
Бес кәмпитім көп еді,
Сараңдығым жоқ еді.

Бір кәмпитім атаға,
Бір кәмпитім эжеге,
Бір кәмпитім анамға
Бір кәмпитім әкемге
Өзімеде жете ме?
Қорытынды.
Тәрбиеші: Балалар пішіндер туралы тақпақтар айтайық:
1. Айтжан Пішіндерді үйрендім
Қабырғасы тік сайлы.
Үш бұрыш бүл үйлердің Шатырына ұқсайды.
2. АрдақБөлініп - ап екіге,
Отырған сэт шетінде.
Төртбұрышта үқсайды
Үстелдердің бетіне.
6 - тапсырма. Балаларға логикалык сұрак:
Айгүлдің мамасы дүкеннен екі төртбүрышты доп сатып экелді.
Оның біреуін бөпесіне берді. Нешеуі калды?
Ағашқа бес торғай конды, оның екеуі ұшып кетті. Ағашта неше
торғай калды?
Біліп санның шамасын Мысал ойлап табасың.
Тәрбиеші:Енді балалар шығармашылық жұмысы жасаймыз
Балалар аю жапсырады,қыздар Машаның суретін бояды
Сергету сәті
- Балалар сендерге ертегі үнады ма?
- Біздерге қонаққа нелер келді?
Маша: Сендермен бірге ойын ойнап, есеп шығарып, көңілімді
көтергендеріне қуаныштымын. Сіздерге ризамын.
Балаларды Маша мадактайды.
Рольдегі балалармен таныстыру:
Маша - АқеркеАю -Нұрсұлтан Қаскыр Нұрканат Қоян -Аяжан
Түлкі - Інжу
Осымен бүгінгі «Ертегілер еліндегі ғажайып математика» атты ұйымдасқан оку іс - эрекетіміз аякталды. Балалар: Қол үстасып тұрайык

Шеңберді біз құрайық. Көріскенше күн жақсы,
Сау саламат болайық!
Нені біледі: Балалар геометриялык пішіндерді атап, ертегі
кейіпкерлерін дұрыс атай білді,
Игеру керек: Дамытушы ойындар арқылы ой қабілеттерін дамыту,
Сандарды ажыратуды, кері тура санауды, сұрақтарға дұрыс жауап
беруді игеру керек.
Меңгеру керек: Геометриялық пішіндерді ажыратуды, ертегі
кейіпкерлерін шатаспай меңгергендері байқалады.
Скачать методички (классные уроки) для учителей по разным предметам: история, литература, физика. Как провести урок с учеником, вам поможет грамотно составленный план урока. Занятия по математике, литературе, физике, информатике, химии, психологии.
.