Наставник - сайт Открытых уроков. Учителя Казахстана. Образование в Казахстане
.
.
Есеп. Қанша артық? -

Есеп. Қанша артық?

Сабақ жоспары | Документы | Қосымша сабақ жоспары Загрузок: 0 | Просмотров: 1249 | Размер: | Автор: гость
. Қарағанды облысы, Шет ауданы, Ақсу-Аюлы мекені.
«Ж.Ақылбаев атындағы мектеп-гимназиясы» КММ
ІІ санатты, ІІІ (базалық) деңгейлі бастауыш сынып мұғалімі Жанабекова Г.А.

1 сынып
Математика
Тақырыбы: Есеп. Қанша артық?
Мақсаты: Оқушыларға «қанша артық?» ұғымын танытып, түсіндіру. Есептер шығару, теңдіктер құру арқылы оқушылардың ойлау, есте сақтау қабілеттерін дамыту. Ұйымшылдыққа, ізденімпаздыққа, алғырлыққа тәрбиелеу.
Көрнекілігі: карточкалар, тоты құс, мысық, балық бейнеленген плакаттар, маркер, таратпа материалдар, смайликтер.
Күтілетін нәтиже: топтық жұмыс арқылы оқушыларды өзіндік ізденіске бағыттай отырып, шығармашылықпен жұмыс істеу дағдыларын арттырады;
есептерді шығарып, талдау арқылы еркін ойлау, өз көзқарасын жеткізу, дәлелдей білу, өзгені тыңдау, тұжырым жасай білу қабілеттері жетіледі;
әр оқушы өз-өзіне баға береді, өзіндік пайымын жасайды, тәрбиелік, тағылымдық мәнін ұғынады.

Сабақ кезеңдері
Әдіс-тәсілдер Бағалау ресурстар Оқушының іс-әрекеті Мұғалімнің іс-әрекеті
Ұйымдастыру кезеңі Психологиялық дайындық.
Шаттық шеңбер.

Оқушыларды топқа бөлу

карточкалар Хормен айту
Қайырлы күн, достар!
Бүгінгі күн, міне,
Сәттілікке толсын!
Біздің алар бағамыз
Кілең бестік болсын!

Үстел үстіндегі карточкаларды таңдап алып, топтарға бөлініп отырады.
Үшбұрышты карточканы таңдаған оқушылар - Алғырлар тобына,
Дөңгелекті таңдаған оқушылар – Тапқырлар тобына, Төртбұрышты таңдаған оқушылар – Зеректер тобына барып отырады. Оқушыларды ортаға «Шаттық шеңберіне» тұруға шақырамын.

Өткен сабақты қайталау «Кім жылдам?» ойыны.
Ауызша есептеулер.

Топпен жұмыс.
Өрнек пен сандарды салыстыру.

Смайликтермен

Карточкалар

Әр топқа өрнек пен сандарды салыстыруға берілген плакаттар Өрнектердің мәндерін дұрыс әрі тез жауап беруге әрекет жасайды.

Топта ұжымдасып берілген сандар мен өрнектерді салыстырады. Артық, кем немесе тең таңбаларын қояды.
Әр топтан бір оқушыдан ортаға шығып постерлерін
қорғайды.
І топ:
10-1*8-2
6+4*3+7
ІІ топ:
9-2*6+3
10-4*4+4
ІІІ топ:
7-7*6-6
4+2*8-3
Карточкада берілген өрнектерді көрсетемін:
10-5= 9-6=
8-1= 1+2=
6-3= 8-3=
7-4= 5+2=
жауаптарын тыңдаймын.

Плакат таратамын.
Оқушылардың жауабын тыңдаймын, бақылаймын.

Тұсаукесер Карточкалар

Карточкада берілген фигуралардың қанша артық? екенін табады.
Әр топтан 2-3 оқушыдан шығып түсінгендерін айтады. Алдарындағы карточкада берілген фигураларды анықтап, қанша артық? екенін табуды ұсынамын

Тапсырманы түсіндіремін, жауабын шешкіземін. Сабақтың тақырыбын, мақсатын хабарлаймын.
Жаңа сабақ

Қорытынды

Үйге тапсырма

Бағалау

Тақтамен жұмыс
Оқулықпен жұмыс

Дәптермен жұмыс

Топтық жұмыс

Сергіту сәті

«Кім тапқыр?»

Топтық жұмыс

Математикалық жұмбақ-есептер

Өздік жұмыс

Шығармашылық жұмыс

«Кластер» әдісі

Кері байланыс
Рефлексия



«Бас бармақ» әдісі.
Смайликтер

«Бағдаршам» әдісі

Смайликтер

Смайликтер Сюжетті суреттер
Оқулық

Дәптер, қалам

оқулық



Суретті плакат

плакаттар

Оқулық, қалам, дәптер

карточкалар

Маркер, плакат

Стикерлер

Күнделік Есептің мазмұнын оқиды, талдайды.

Ережені қорытып шығарады, хормен оқиды.
Қанша артық? қанша кем екенін білу үшін үлкен саннан кіші санды азайтамыз.
Дәптерлерін ашып бүгінгі күнді, тақтада жазылған есепті жазады

№ 2. Есептің жауабын ата. Түсіндір (ауызша)
І топ.
Ләйланың 5 сары және 3 жасыл тоты құсы бар. Жасылдарға қарағанда сары тоты құстар қанша артық?
ІІ топ.
Мурка мысығының 6 безегі (баласы), ал Маркиза мысығының 4 безегі бар. Мурка мысығының неше безегі артық?
ІІІ топ.
Аквариумда 7 алтын балық және 2 қара балық бар. Алтын балықтар қара балықтардан қанша артық?

Топта талқылап, жауабын айтып, түсіндіреді.

Оқушылар өлең шумақтарын айтып, қимыл-қозғалыстарын жасайды.
0-ден 10-ға дейінгі жасырынған сандарды табады.

І топ:
5, 4, *. Үшінші санды таңдап ал және тура теңдіктер құр. (9 )
5+4=9 9-5=4
4+5=9 9-4=5
ІІ топ:
Тізбектелген өрнектің мәнін тап.
10-4+3-2+1-5=
ІІІ топ:
Кестемен жұмыс.
Қосылғыш: 9,3, 5,2,5
Қосылғыш:1,2, 3, 4,5
Қосындының мәні:
Топпен жұмыс жасайды, қорғайды.

І топ:
Көлден ұшты жеті қаз,
Қайтып қонды екі қаз,
Қонбады оның нешеуі?
Кәне, кім тез шешеді?
ІІ топ:
Жаңа ғана шалғында,
Алты бұзау жүр еді.
Әлде шаршап қалды ма,
Жатып қапты төртеуі.
Нешеуі енді жайылып,
Айт, жүргенін айырып.
ІІІ топ:
Табақта бес алма,
Қолымда үш алма,
Інімде екі алма,
Қосқанда барлығын.
Болады неше алма?

Оқулықтағы № 5 Екінші қосылғышы 4 болатын үш қосынды жаз. Қосылғыштардың орындарын ауыстыр. Өрнектердің мәнін тап. Әр оқушы орнында дәптерге орындайды.
1+4=5 4+1=5
*+4=* 4+*=*
*+4=* 4+*=*
Ережені қорытып шығарады, хормен қайталайды.
Қосылғыштардың орнын ауыстырғанмен, қосындының мәні өзгермейді.

І топ:
Қайсысы артық? Жолбарыстар ма әлде қояндар ма?
ІІ топ:
Есеп құрастыр және шығар. Нешеуі артық? қай табақтағы мандарин артық?
ІІІ топ:
Есеп құрастыр және шығар. Қай құс артық?

Оқушылар топтасып жұмыс жасайды.

Жазған пікірлерін әр суреттің астына жапсырады.

Тапсырманы күнделікке жазады, түсінеді.
121 бет № 4

№ 1есепті оқып, түсіндіремін.
- Есепте не туралы айтылған?
- Бірінші бумада неше кітап?
- Екінші бумада ше?
- 6. Екі бума да белгілі. – 4
- Есептің сұрағына назар аударыңдар.
- Нені табуымыз керек?
- Бірінші бумада неше кітап артық екенін.
- Ол үшін не істейміз?
- Үлкен саннан кіші санды аламыз.

І бумада-6 кітап ? артық
ІІ бумада-4 кітап
Шешуі: 6-4=2(к)
Жауабы: І бумада 2 кітап артық
Оқушылардың жауабын тыңдаймын, ережені қорытып шығаруға ықпал етемін, қосымша мағлұмат беремін.
Жаңа сабақты толық түсінуге мүмкіндік жасаймын.

Оқушыларға тапсырманы түсіндіремін, бағыт-бағдар беремін.

Оқушылармен бірге қимыл-қозғалыстарды жасаймын, бақылаймын

Тақтаға бірнеше суреттер салынған плакатты іліп, ішінен 0-ден 10-ға дейінгі жасырынған сандарды тез, жылдам табуларын сұраймын.
Тапсырма берілген плакаттарды әр топтарға таратамын, түсіндіремін, жұмыстарын бақылаймын.

Топтарға математикалық жұмбақ-есептерді оқимын, жауаптарын тыңдаймын, қатесі болса түзетемін.

Тапсырманы түсіндіремін, дұрыс орындауын қадағалаймын.

Бұдан қандай ереже шығаруға болады?

Тыңдаймын, бақылаймын, бағыт-бағдар беремін

«Есеп» деген сөзді топтастыруды ұсынамын

Бүгінгі сабақтан алған білімімді есімнен шығармай, сақтаймын дегендер сандыққа,
Ойланып, қорытамын дегендер ет тартқышқа, керек емес дегендер қоқыс салғышқа жапсырыңдар деп түсіндіремін.

Үй тапсырмасын беріп, түсіндіремін.

Әр топты, сабақ барысында жинаған смайликтерді санап жеке оқушыларды бағалаймын
Скачать методички (классные уроки) для учителей по разным предметам: история, литература, физика. Как провести урок с учеником, вам поможет грамотно составленный план урока. Занятия по математике, литературе, физике, информатике, химии, психологии.
.