.
.
Ешкімде ешқашан ұмытылмайды. Ешкімде ешқашан ұмытылмайды.
Сабақ жоспары | Документы | Қосымша сабақ жоспары Загрузок: 0 | Просмотров: 1408 | Размер: | Автор: гостьӘсел: 71 жыл .Сонау сұрапыл кезең басталған шақта дүниеге келген сәбилер сәбилер бұл күндері алпысты еңсереген ел ағалары.Әйтсе де сол қасіретті жылдар жыл сайын қайта жаңғырып, өткенді еске салады.
Балжан: Ия. Сол жаңғырық бүгінгі жеткіншек ұрпақты бейбітшілікке, патриотизмге үндейді.Ұлы Жеңістің тарихтан алатын орны ерекше.Бүкіл кеңес халқының 20-25 миллионнан астам ержүрек ұлдары мен қыздары құрбан болды.
Әсел: Фашистік қарақшылар 1710 қала мен жұмысшы поселкілерін, 70 мың село мен деревняны құртып жіберді.Ұлы Отан соғысына Қазақстаннан 1 млн 70 мың адам қатысса олардың басым көпшілігі майдан даласында қаза тапты, хабар-ошарсыз кетті.Қазақстаннан құрылған әскери дивизия басты жерлерде соғысты.Иван Васильевич Панфилов басқарған атқыштар дивизиясы сол бір ауыр күндерде ерліктің ерен үлгісін көрсетті.28 панфиловшылардың 23 қаза тапты.Оның 22-сі Қазақстандықтар еді.
Балжан: Теңдесі жоқ ерлігі үшін 500 Қазақстандық жауынгер Кеңес одағының батыры атағын алды Олар- екі рет батыр атағын алған Т. Бигельдинов ,Н. Әбдіров шығыстың қос жұлдызы Әлия мен Мәншүк апаларымыз және Қ. Қайсенеов, Б. Момышұлы сынды ержүрек батыр ағаларымыз еді.
Әсел: Ұлы Жеңіске ат салысуда тылдағы еңбекте апаларымыз бен аналарымыз әкелерімізден кем түскен жоқ.Уақытпен санаспай,ыстыққа күйіп, суыққа тоңа жүріп Ұлы Жеңіске өз үлестерін қоса жүрді.
Балжан:Жеңіс жеңілдікпен келген жоқ.1418 күнге созылған бұл қатерлі айқастағы халқымыздың жанқияр ерлігі мен жеңіс тарихын ешкімде ешқашанда ұмытпақ емес.Соғыс өрті қашанда халық есінде.
Әсел: Жанын қиған сен үшін
Тоқта достым сабыр ет
Үнсіз тұрып бір минут
Басыңды иіп тағзым ет- Ендеше соғыс даласында хабар-ошарсыз кеткен, қаза тапқан ағаларымыз бен апаларымызды бір сәт үнсіз тұрып еске алайық.
Мәңгілік алауға гүл шоқтарын қою.
Балжан: Жеңдік қой жауды, арман не құрбым
Күркіреп күндей өтті ғой соғыс
Келемін қайтып, өлеңімді айтып
Қайда екен қайда дариға сол қыз
Міне , осынау елімізге лаң салған алапаттың аяқталғанына 71 жыл толып отыр.Сұрапыл соғыс жылдарынан өтіп, бүгінде бейбіт күндегі еңбектің жемісін көріп отырмыз.
Әсел: Сүйінші елім сүйінші!
Арылтып жаудан жерімді.
Табанға жаншып өлімді
Жеңіспен желпіп өмірді
Оралды ерлер көңілді
Десеңдер бұл қай күні? 9-шы Май күні.
Балжан:Кептерлер қалқып көкке ойнап,
Қызыл ту шалқып көк бойлап
Мәре –сәре , мәз- мейрам
Отанымыз той-тойлап
Десеңдер бұл қай күні? 9-шы Май күні.
Дұрыс айтасыңдар балалар 9-шы мамыр фашистік германияны жеңіп шыққан күніміз.Осы Ұлы Жеңісті сыйлаған аталарымыз бен ағаларымыз апаларымызға арналған «Ешкімде ешқашан ұмытылмайды» атты мерекелік ертеңгілігімізді бастаймыз.
Жаннұр : Бұл айдың өз сәні бар
Салтанатты сайраны
Жетісінде мамырдың
Ағалардың мейрамы.
Абылай: Қас дұшпанын ықтырып
Әділдігін ұқтырып
Бейбіт күнді қорғаған
Аталарым тік тұрып
Ән « Жас ұландар».
Қасым: Жауды ықтырар айбаты
Сүсініңдер қараңдар
Бейбіт өмір солдаты
Ер теңізші ағам бар
Томирис: От жалындай қайраты
Сүсініңдер қараңдар
Бейбіт өмір солдаты
Менің танкист ағам бар.
Балжан: Жеңіс деген жақсылықтың сыңары
Жігер менен құштарлықтың құралы
Күрескердің арманы мен ұраны
Қуанышпен мерекенің бұлағы
« Теңізшілер» биі.
Нұрзада: Ұшағы ол қанаты
Сүйсініңдер қараңдар
Бейбіт өмір солдаты
Менің ұшқыш ағам бар.
Каусар: Қызарып күн батса да
Ағарып таң атса да
Күзетіп жүр қас қақпай
Шекарада сақшы аға.
Ән
Әсел: Ару қыздар алаулап от кешкендер
Сыздап тұр ау әлі күн оқ тескен жер
Қаласыңдар мәңгілік ел есінде
Ару қыздар алаулап от кешкендер- Әлия Молдағұлова Казачиха деревнясы үшін болған ұрыста асқан батылдық көрсетті.Ол өзінің жараланғанына қарамастан «Алға» деп ұран тастап жауға қарсы шықты.Әлия осы ұрыста қаза тапты ол небәрі 19 жаста болатын.
Би « Көк орамал».
Орысша тақпақтар.
Балжан: Бақыт деген келер дәйім күреспен
Бақыт үшін қарт бабалар күрескен
Бақыт үшін арпалысты әкелер
Тек бақытқа қол созумен ұл өскен
«Сарбаздар» биі.
Әсел: Халық тыныштық үшін, бақытты өмір үшін күресті.Сондықтанда елімізде
Соғыстың өрті жанбасын
Сәбилер жетім қалмасын
Бесігінде сәбидің, Есігінде әр үйдің,
Болмасын соғыс болмасын!
Ән «Жойылсын жалғыз сөз соғыс деген».
Балалар хормен: Олар сонау ерлердің ,Алып берген жеңісі
Біз солардың бөбегі ,Біз солардың жемісі
Балжан-Әсел: Жеңіс келді далама
Жеңіс келді қалама
Жеңіс келді әке боп
Елдегі бар балаға
Жеңіс келді ән болып
Келді ауылға сән-көрік
Жеңіс келді алақай!
Тойып жейтін нан болып.
Біз бейбітшілікті жақтаушы, достықты жырлаушы,тыныштықты сақтаушы елміз. Елімізде және жер бетінде мәңгілік тыныштық болсын.Ата –бабаларымыздың ерлігін ешкімде ешқашан ұмытпақ емес , бейбіт өмір болсын деген тілекпен мерекелік ертеңгілігімізді аяқтаймыз.
Скачать методички (классные уроки) для учителей по разным предметам: история, литература, физика. Как провести урок с учеником, вам поможет грамотно составленный план урока. Занятия по математике, литературе, физике, информатике, химии, психологии.
.