Наставник - сайт Открытых уроков. Учителя Казахстана. Образование в Казахстане
.
.
Есім хан -

Есім хан

Сабақ жоспары | Документы | Қосымша сабақ жоспары Загрузок: 0 | Просмотров: 1721 | Размер: | Автор: гость
. Омарова Айнұр Жақсылыққызы,
№31 жалпы орта мектебінің тарих пәнінің мұғалімі
ОҚО, Шымкент қаласы
Сабақтың тақырыбы: Есім хан

Сабақтың тақырыбы: «Есім хан»
Жалпы мақсаттар:
Есім ханның қазақ хандығының тарихында тәжірибелі қолбасшы, білікті саяхатшы, тұлға ретінде атқарған ролін ашып көрсету.
Оқушылардыың білімдерін тірек - сызба арқылы түсіндіре отырып толықтыру, шыңдау. Картамен жұмыс жүргізу, өз бетінше қортынды жасауға, мәтіндегі негізгі мәселені табуға дағдырландыру, басқатырғыштарды шеше отырып есте сақтау қабілетін дамыту.
Оқушыны жан – жақты терең, еркін ойлауға, топпен жұмыс жасауға, ұстамдылыққа, өз ойын өзгелермен бөлісуге, өзгенің де ойын тыңдай білуге тәрбиелеу. Есім ханның әрекеттерін әңгімелей отырып ерлікке, батыр, батыл болуға тәрбиелеу.
Топтың ережелері: Белсенді болу, сынды көтере білу, өзгені сыйлау, шығармашыл болу, уақытты ұтымды пайдалану, ұйымшыл болу, тәртіпті сақтау;
Сенімділік, ынтымақтастық, сыйластық, жақын араласу
Оқушылар үшін оқу нәтижелері: Тақырыптың мазмұнын түсінеді;
Басқалардың және өз пікірін сыни тұрғыда бағалайды.
Күтілетін нәтиже: Оқушылар өз ойларын жүйелеп жеткізеді;
Топтық жұмыс жасау арқылы ынтымақтастық ахуалы қалыптасады;
Жаңаша тәсілдер мен АКТ құралдары арқылы пәнге қызығушылығы мен оқу қабілеттері артады.
Негізгі идеялар:
Тақырыптың мазмұнын түсініп, білетін және білмейтін мәліметтерді талдау арқылы сабаққа қызығушылығын арттыру.
Ресурстар: Интернеттен қосымша материалдар
Сабақта қолданылатын материалдар: Ватман, маркер, стикер, түрлі-түсті қағаздар, АКТ, А-4, А-3 қағаздар, суреттер, бейне-роликтер
Оқыту әдістері:
Топтық жұмыс, диалогтік оқыту, СТО, талдау, түсіндіру салыстыру
Дерек көздері:
XVII-ғасырдағы қазақ хандығы: Есім хан туралы // Қазақтың көне тарихы.- Алматы, 1993.- Б.257-259
Байболұлы Қ. Есім хан туралы жыр // Байболұлы Қ. Төле би: Дастандар.- Алматы, 1991.- Б. 57-172
Есім хан // Қазақтар: Көпшілікке арналған тоғыз томдық анықтамалық.- Алматы, 1998.- Т.2. Тарихи тұлғалар.- Б. 74-75
Мағауин М. Есім хан және оның заманы // Мағауин М. Қазақ тарихының әліппесі.- Алматы, 1995.- Б. 42-52
Елешева З. Есім хан мен Тұрсын хан арасындағы ант: [Қазақ және қырғыз шежірелері негізінде] // Қазақ тарихы.- 1999.- №1.- Б. 18-22
Қаратаев Т. Тарихтағы аттас тұлғалар: Есім хан // Қазақ тарихы.- 1998.- № 4-5.- Б. 53
Мағауин М. Есім хан және оның заманы // Қазақ әдебиеті.- 1993.- 10 желтоқ. (№59).- Б. 12-14
Қатысушылар: Жетінші «ә» сынып оқушылары
Тапсырмалар: Сұрақ-жауап, салыстыру, ассоциация, рөлдік ойын
Сабақтың барысы
Мұғалімнің әрекеті Оқушылардың іс-әрекеті Уақыты
Ой қозғау: «Есім хан» (мұғалім оқушыларға сұрақ қояды, сұраққа нақты жауап алады) Оқушылар «Есім хан» туралы ой пікірлерін айтады, бір-бірінің ойларын тыңдайды. 3 мин
Шаттық шеңбері. Жағымды психологиялық азуал туғызу мақсатында мұғалім оқушыларды шаттық шеңберін құруға шақырады. Оқушылар дөңгеленіп тұрып, бүгінгі сабаққа деген тілектерін айтады. 1 мин
Үй тапсырмасы: «Тәукел хан»
(мұғалім оқушылардан үй тапсырмасын сұрайды)
Оқушылар үй тапсырмасы бойынша сұрақтарға жауап береді. 2 мин
Топтастыру: «Есім ханның ескі жолы», «Есім ханның ішкі саясаты», «Есім ханның сыртқы саясаты» (мұғалім оқушыларды үш топқа бөледі) Оқушылар бүгінгі сабақта адасқан сандар «1, 2, 3» арқылы үш топқа бөлінеді. 1 мин
Топтық таныстырылым
(мұғалім топ мүшелерінен топтарын таныстыруын сұранады, уақыт беріледі) Үш топ арнайы берілген уақытта топты таныстырып шығу керек. 5 мин
Мағынаны тану: «Есім хан» (мұғалім бүгінгі сабақтың мағынасын түсіндіріп өтеді) Оқушылардың мақсаты мұғалімді тыңдау, өз ойлары мен пікірлерін айту. 1 мин
Топ жұмысы:
1-топ: «Есім ханның заңдары»
2-топ: «Есім ханның ішкі саясаты»
3-топ: «Есім ханның сыртқы саясаты» (мұғалім оқушыларға топ жұмысының барысын түсіндіріп өтеді) Берілген тапсырманы оқушылар топпен бірлесе отырып орындайды, өз ойларын ортаға салу, суреттеу, қорғау, баяндау 1 мин
Портрет жасау: «Есім хан» (мұғалім оқушыларға топ жұмысының барысын түсіндіріп өтеді) Берілген тапсырманы оқушылар флипчартқа орындайды, өз ойларын ортаға салу, қорғау, баяндау. 5 мин
Сергіту сәті: «Көңілді күн»
(мұғалім барлық оқушыларды ортаға сергіту сәтіне шақырады) Интерактивті тақтадан көрсетілген «Көңілді күн» биіне билейді, көңілдерін сергітеді. 2 мин
Шығармашылық тапсырма: «Қасым ханның Қасқа жолы, Есім ханның ескі жолы, Нұрсұлтанның Нұрлы жолы» (мұғалім оқушыларға тақырып бойынша өлең шығаруды ұсынады) Оқушылар берілген тапсырма бойынша топпен бірлесіп өлең шығарады, бір-бірлерін тыңдайды, оқиды (тапсырма компьютерде немесе ұялы телефонда орындалады) 1 мин
Синквейн: «Еңсегейлі бойлы ер Есім»
(мұғалім оқушыларға бес жолды өлеңді құрастыруды ұсынады) Берілген тапсырма бойынша әр бір оқушы «Есім хан» деген сөзге бес жолды өлең құрастырады (тапсырма планшет немесе ұялы телефонда орындалады) 2 мин
Эссе хат: «Егер мен хан болсам...» (мұғалім оқушыларға эссе хат жазуын сұранады) Оқушылар берілген тақырыпқа эссе хат жазады. 1 мин
Кері байланыс: Бүгінгі сабақтан алған мағлұматтары туралы кері байланыс орнатады 2 мин
Рефлексия Оқушылар бүгінгі сабақтан алған әсерлерін стикерге жазып, тақтаға іледі 1 мин
Скачать методички (классные уроки) для учителей по разным предметам: история, литература, физика. Как провести урок с учеником, вам поможет грамотно составленный план урока. Занятия по математике, литературе, физике, информатике, химии, психологии.
.