.
.
Жамбыл облысы, Байзақ ауданы, Амангелді атындағы орта мектебі Есімдіктен өткенді қайталау.
Сабақ жоспары | Документы | Қосымша сабақ жоспары Загрузок: 0 | Просмотров: 1585 | Размер: | Автор: гостьБайдаралинова Қарлығаш
Қазақ тілі мен әдебиет пән мұғалімі
Сабақтың тақырыбы: Есімдіктен өткенді қайталау.
Сабақтың мақсаты.
а) Білімділік: оқушылардың есімдіктерден өткен материалын толық білу. Олардың түрлерін сөйлемдегі қызметін жете түсіндіріп меңгерту.
ә) Тәрбиелік: оқушылардың халқымыздың салт- дәстүрін , жеті атасын білуге және өткен сабақтарды толық игеріп түсінуге тәрбиелеу.
б) Дамытушылық: оқушылардың ой-өрісін кеңейту: мақал-мәтелдерді, нақыл, даналық сөздерді өз беттерінше айта білуге үйрету.
Сабақтың көрнекілігі:
1. Жеті ата картасы.
2. Мақал – мәтелдер.
3. Сиқырлы қоржын.
4. Жұмбақтар жинағы.
5. «Ойлан, тап» сөзжұмбақ.
6. «Атадан қалған асыл сөз» (бата плакаттар)
Сабақтың жоспары:
а) Ұйымдастыру бөлмі.
ә)Үй тапсырмасын саяхат жасау арқылы тексеру.
б) Әр ата ауылына барған сапардағы тапсырмалар.
в) Тақтамен жұмыс.
г) Үйге тапсырма беру.
1. Ұйымдастыру бөлімі. Оқушыларды сабаққа әзірлеу, түгелдеу, тәртіпке келтіру.
2. Үй тапсырмасын саяхат жасау арқылы тексеру, бағалау.
Жеті атасын білген ер
Жеті жұрттың қамын жер.
Оқушылар, біздер бүгін «Есімдіктен өткенді қайталау» сабағымызды «Жеті ата» ауылына саяхат жасау арқылы өткіземіз. Саяхатқа атарбамен барамыз. Атты арба жегу үшін бізге қандай ат әбзелдері қажет «қамыт, доға, белкөтерме, делбе, қамшы).
Ал жолға шықтық. Әуелі қай ауылға барамыз?
Аталар ауылына. Аталар ауылы бізге мынадай тапсырмалар берген.
1.Есімдік деп қандай сөз табын айтамыз?Ю Жіктеу есімдігі дегеніміз не ? Сілтеу есімдігі дегеніміз не? Есімдіктер сөйлемде қандай қызмет атқарады? Жалпылау есімдігі? Мысал келтіру.
Әкелер ауылы. Бұл ауылда біз «Өз үйіме сал» атты ойынды ойнатамыз. Мұнда есімдіктерді түрлеріне қарай өз үйлерне орналастырады.
Балалар ауылы:
(Әндерді орындап ішінен есімдіктерді табу).
1.Өз балаңнан артық бала бар ма ана?
Мәз боласың жарай қалсам шаруаңа.
2.Қазақ осы ашық жарқын қабағы
Қонақ келсе шабылып бір қалады.
Қара да тұр саған да ол кетерде
Ат мінгізіп жібек шапан жабады.
3. Бір ауылдан түлеп ұшқан жастар едік
Бәріміз де өмір жолын бастап едік
4. Елімізге қол сұға алмас
Қорқыта алмас ешбір жау.
Туған жерді қорғауға
Біз дайынбыз болсақ сау.
Немере ауылы. (Үй тапсырмасын тексеру және өз өнерлерін көрсету).
Бәрі де, ана бір өзіңнен басталады
Сен деп жаздым, алғаш өлең, дастанды.
Қуандым ба?
Өзің бар деп қуандым
Жыладым ба?
Өзің жоқ деп жас тамды.
Шөбере ауылы. (Жұмбақтар шешу).
1.Басқаның бәрін өзі сұрайды,
Өзінен ешкім сұрамайды. (сұрау)
2.Жақтас жалғауға жіктеме қояды,
Жақтау емлесіне жоламай қояды. (жіктеу)
3.Көпшіл және көңілшек,
Ештемені бөліп жармайды.
Көптік ұғым беріп,
Көпшілікті қаралайды. (жалпылау)
4.Бірінші буыны дауысты езулік,
Екінші буыны есімдік.
Екеуін қосқанда болады ол ағаш.
Тым биік. (емен)
Шөпшек ауылы. Мақал-мәтелдер.
1.Өз елім-өлең төсегім.
2.Өзге елде күркірегенше, өз елінде дүркіре.
3.Өз басыңды дауға берсең де,
Жолдасыңды жауға берме.
Немене ауылы. Бата беру.
Оқушыларды бағалау.
Скачать методички (классные уроки) для учителей по разным предметам: история, литература, физика. Как провести урок с учеником, вам поможет грамотно составленный план урока. Занятия по математике, литературе, физике, информатике, химии, психологии.
.