.
.
ҚЫЗЫЛОРДА ОІІД ЕБҚКБ ТАРАПЫНАН ЖАРИЯЛАНҒАН САЙЫСҚА ЕСІРТКІ ЗАРДАБЫ
Сабақ жоспары | Документы | Қосымша сабақ жоспары Загрузок: 0 | Просмотров: 1449 | Размер: | Автор: гостьҚызылорда облысы
Қазалы ауданы
Қожабақы ауылы
№25 мектептің 8 сынып оқушысы
Амангелді Тоқтарбек
ЕСІРТКІ ЗАРДАБЫ
Дәл осындый бақытты күн кезінде
Есін алған еркектің де, ездің де.
Есіріткінің ізін қуған жас өрен,
Тоқырауға тап болады түбінде.
Тарқатсам сөз түйінін ретіменен,
Қазіргі жас жүреді өз бетіменен.
Ана жүр қойдыр алмай етегінде,
Бала жүр есіріткінің жетегінде.
Бала деймін үлкенде жүр есіріп,
Ес жыйса екен тым болмаса кешігіп.
Түбін құртқан талай елдің есірткі,
Оны бірақ қазақ жасы ұмытты.
Бой түзейік ел едік қой намысты,
Теңеп едік өзімізге барысты.
Жанарында от ойнаған қазақтың,
Болса есірткі қонып тұрған бағы ұшты.
Алауласын өр рухың кеудеңде,
Есірткінің ағымына жол берме.
Қандай кезең бола берсін бауырым ,
Қазақсың сен, оны мәңгі дәлелде.
ҚЫЗЫЛОРДА ОІІД ЕБҚКБ ТАРАПЫНАН ЖАРИЯЛАНҒАН САЙЫСҚА
Қызылорда облысы
Қазалы ауданы
Қожабақы ауылы
№25 мектептің 7 сынып оқушысы
Бақытжан Айжан
Темекі тартқаның, өзіңді құртқаның!
Келді кеше жаңа тарих, жаңа заман,
Әлемді бір серпілткен сара заман.
Халқым менің оянды көзі ашылып,
Қуанамын бүгін міне дәл осыған.
Дегенменде істер көп шешімі жоқ,
Мен білгеннен әліде білмесім көп.
Бүгінгінің жастары ақылды ғой,
Санасызда жетеді шашылған сөк.
Жалқаулар бар арамызда бірі сараң,
Екі қолға бір күректе таппаған.
Шылым шегіп, тәуелді боп нашаға,
Өзін дерлік жіпсіз ғана байлаған.
Шылым деген тірі жүргеннен өлгенің,
Ойың емес өзіңдіде бөлгенің.
Паравоздай мәз боласың бұрқырап,
Мүйіз шығып жатқанында көрмедім.
Әуелгі байлық денсаулық деген бұл бабам,
Кемтарлар бар өмір бақи сорлаған.
Мәнін біліп он екі мүше қадірін,
Байқамадым шылымнан бір арланған.
Шөпті тартып бөленесің таңғажайып елеске,
Көрінесің бұл өмірге енді қайтіп келмеске.
Білсең егер айтшы маған шындығын,
Пайдасынан зияны көп емеспе
Достарым, ағаларым, әпкелерім,
Із салып соңдарыңнан мен еремін.
Таза жолдан адаспай тура жүрсек,
Шығамыз бұл тұзақтан деп сенемін.
ҚЫЗЫЛОРДА ОІІД ЕБҚКБ ТАРАПЫНАН ЖАРИЯЛАНҒАН САЙЫСҚА
Қызылорда облысы
Қазалы ауданы
Қожабақы ауылы
№25 мектептің 10 сынып оқушысы
Қаразым Наурыз
Салауаттылық – өмір салтымыз.
Нашақорлык адамдардың бұзады әркез тірлігін,
Біз сақтайық бұл қазақтын өмірі мен бірлігін.
Спортпенен шұғылдансаң тек жеңіске жетесің,
Ал, адамдар ұмытпайық ешқашанда бұл күнін.
Сара жолға бастап жүрер салауатты бұл өмір,
Спортпенен көркейеді, дамиды әркез бұл өңір.
Ал, шылымға арақтарға әуес болсаң сірә да,
Сана емес, тіпті дағы уланады бар көңіл.
Жақсыларға жақ боп әркез мейірімді боп жүреміз,
Тек саналы, тәрбиелі ғажап өмір сүреміз.
Арақ, шылым, нашақорға болып әркез біздер жат,
Биік - биік белестерді бағындырып жүреміз.
Жаман әдеттен аулақ болу - адамгершілік белгісі.
Жер бетінде жақсылық пен жамандық атаулының бірге жүретіні ақиқат. Адам баласы соның екеуінде таңдап алады. Пенде болғаннан кейін жаңылыспау мүмкін емес. Біздің денсаулығымызды жамандыққа итермелейтін де өзіміз. Сондықтан кейде тура жолдан тайып жатамыз. ДЕНСАУЛЫҒЫМЫЗДЫ нашарлатамыз.
Айналадағы адамдардың сан түрлі жат қылықтарға бой алдырып жатқанын көргенде, еріксіз налимыз. Өзім қатарлы жастардың арақ, темекі, тіпті өмірінің тамырын үзетін нашақорлық дертіне ерте шалдыққанын көргенде құлазып қаламын. Біз неге жаман әдетке әуеспіз?
Мүмкін, балалық жасап үлкендерден көргенін істеу арқылы бой алдыратын шығармыз. Бірақ, денсаулық өзіміздікі ғой. Ертең он екі мүшесі кеміп, ауру болғанда, ешкімнің ештеңесі кетпейді. Сонда өміріңнің ерте аяқталуына өзі кінәлі болады. Достар, денсаулығымызды сақтайық! Жаман жолға аяқ баспайық.
ҚЫЗЫЛОРДА ОІІД ЕБҚКБ ТАРАПЫНАН ЖАРИЯЛАНҒАН САЙЫСҚА
Қызылорда облысы
Қазалы ауданы
Қожабақы ауылы
№25 мектептің 10 сынып оқушысы
Дәріғұл Бекзат
Денсаулықты сақтайық!
Шылым шегу зиянды ,
Ауруды да туғызар.
Өкпеден өкпе қалдырмай,
Өміріңді де құртқызар.
Сондықтанда балалар.
Өміріңді қор қылмай,
Денсаулықты сақтауға.
Күш жігерін бұрады,
Денсаулық бұл мол байлық.
Оны ешқашан құртпайық,
Денсаулықты таза ұстап,
Өмірімізді қорғайық.
Дені сау адам әрқашан .
Шылымнан аулақ болады,
Шылымның зиян екенін,
Әрқашан біліп тұрады.
«Нашақорлық тұйыққа апарар жол»
Қазір бір шылымды алып қарасақ, оның құрамында мыңнан астам улы зат бар. Оны қолға алғаннан бастап, аузына салғанның өзі, оны шеккенде улы зат денеңе тарай бастайды. Осы кезден бастап сенің денсаулығың нашарлайды. Міне, адамдардың басқа жолға түсуі деп айтуға болады. Сондықтан әр адам өз денсаулығына және шылымға, араққа тәуелді болмауға өзін-өзі үйретіп, бойын аулақ ұстау керек. Нашақорлық өмірге сәттілік әкелмейді. Өміріңді аздырады. Сондықтан да нашақорлықтан аулақ бол. Нашақорлық денсаулығыңды жояды.
Нашақорлық адам өміріне вирустар жинайды. Адам өз өлімін нашақорлықпен келетінін білмейді. Әр бала нашақорлыққа тәуелді болады. Оның себебі қызығып аузына алғандықтан, осындай нәтиже береді. Қазіргі заманда наша улы зат болып есептеледі, оны әкелуге тыйым салуда, бірақ нашақорлық тыйылмай тұр. Болашақ үшін бәріміз бірігіп нашақорлықты жоюға күш біріктіру қажет. Барлық Қазақстан азаматтары, нашақорлықты ұмытып, ізгі істер істеуге тырысайық. Сапалы білім алып нашақорлықты жояйық. Сендерге нашақорлық сәттілік әкелмейді.
Скачать методички (классные уроки) для учителей по разным предметам: история, литература, физика. Как провести урок с учеником, вам поможет грамотно составленный план урока. Занятия по математике, литературе, физике, информатике, химии, психологии.
.