Наставник - сайт Открытых уроков. Учителя Казахстана. Образование в Казахстане
.
.
Есірткіге кімдер құмар және неліктен? -

Есірткіге кімдер құмар және неліктен?

Сабақ жоспары | Документы | Қосымша сабақ жоспары Загрузок: 0 | Просмотров: 1470 | Размер: | Автор: гость
. Сабақтың тақырыбы Есірткіге кімдер құмар және неліктен?
Сабақтың мақсаты: Есірткінің зинды екендігі жайлы терең мағлумат беру
Тәрбиелілігі: Оқушыларды зиянды әдеттерден аулақ болуға, саналыда тәрбиелі азамат пен азаматша болуға тәрбиелеу
Латын тілінің «narke» (ұйқы) сөзінен түрленген «narcotic» сөзі ағылшыншада «ұйықтату, жансыздандыру, масайрату» деген мағынаны береді. Ал грек тілінде «narcomania»сөзі «құмарту»деген мағынада қолданылады. Басқаша айтқанда, бұл-потологиялық құмарлықтың көрнісі. Жалпы есірткілік және стимуляторлық заттар дегеніміз –адамның жүйке жүйесін өткінші бір сәтке сал қылып , масайрататын (эйфория), жансыздандыратын, ағзаны психикалық әрі биологиялық тұрғыдан тәуелді ететін, адамды рухани-әлеуметтік тұрғыдан азғындыққа, қылмысқа, ең соңында өлімге апаратын табиғи өсімдіктер немесе синтетикалық заттардан жасалған препараттар. 1984 жылы американ ғалымы Гала вирустың қасиеттерін жан-жақты зерттеді.
1991 жылы суретші Франк Мур қызыл жолақ символын ойлап тапты 1981 жылы француз ғалымы Л. Монтье және американ ғалымы Р. Галло ЖҚТБ-жүре пайда болған иммундық тапшылық синдромы - ауруын тудыратын адамдағы иммундық тапшылық вирусын ( АҚТҚ) ашты. Осы уақыттан бастап адамзатқа төнген қатерлі қауіп туралы адамдар біле бастады.Ұлы даналар адамның азғындау себептерін ертеректен-ақ білген секілді. Әсіресе, Абай атамыздан адам мәселесіне қатысты айтылмаған сөз қалмағандай: «Қарыны тоқтық, жұмысы жоқтық аздырар адам баласын». Есірткінің тұзағына түсетіндер де көбіне өмірде алға қойған мақсаты жоқ, ештеңеге қызықпайтын, еріккен адамдар арасында көптеп кездеседі. Рухани саулық әлсіреген сайын, адам өзінің адами қасиеттерінен алшақтай беретіні белгілі. Өйткені,мұндай адамның бар ойлағаны-тән құмарын қанағаттандыру. Басқаша айтқанда, тәннің құлына айналады. Осында сана-сезім адамды көп ретте ішімдікке, есірткіге, зинақорлыққа, құмар ойындарына бастайды.Тән құмарын қанағаттандыруды ғана көксеп тұратын жанды ғылымға, спортқа, мәдени іс-шараларға, имандылыққа қызықтыру тіптен қиын. Бір өкініштісі, қазіргі заманғы тұтынушылыққа негізделген тобырлық мәдениет өмірдің мәнін «жеке бастың рақаты» ретінде түсіндіреді. Есірткі түрлері
1.Апиын алкалоидтары (морфин, кодеин),жасанды (синтетикалық) опиоидтар(героин, норфин,метадон, промедол);
2. Кейбір психикалық үдетуші заттар (кокаин және оның өнімдері, фенамин, первитамин, эфедрон және басқа амфетамин);
3. Галлюциногендер немесе психоделикалық заттар: гашиш(анаша, марихуана), ЛСД (лизергинқышқылының диэтиламиді), псилобицин, фенциклидин; 4. Галлюциногендік әсерлі құрамдас бөлімі бар психистимуляторлар немесе психикалық үдетушілер(жаргондық атауы-экстази), МДМА
Есірткінің ағзаға кері әсері Жалпы есірткі және уытқұмарлық заттардың кеселді кесірі мұны тікелей қолданатындармен шектелмейді. Бұл індеттен нашақорлардың жанұясы, жақындары, достары және тұтас қоғам зардап шегеді. Есірткіге тәуелділіктің орасан зардаптары ең алдымен моральдық-рухани өмірде көрніс тауып, қоғамдық тыныштықты орындайтындықтан , оны қолданушының ағзасына келтіретін зияны көп ретте екінші кезекке ығысып қалып жатады. Дегенмен есірткі және уытқұмарлық заттардың адам ағзасына келтіретін зияндарына қысқаша жеке-жеке тоқталып өтелік. Ми және орталық жүйке жүйесі, бауыр және бүйрек, көз, тыныс алу жүйесі, қан- тамырлары және улану пайда болады. Жас жеткіншектерді нашақорлыққа апаратын факторлар Қазіргі таңда нашақорлық дертіне шалдыққандардың басым көпшілігі өрімдей жастар. Нашақорлардың 60 пайызға жуығын жастар құрайды. Ал, жасырын түрде есірткі қолданып жүрген жастардың саны қаншама? Осы қасіреттен талй жас жеткіншек өмірін ит-қорлыққа айналдырып, көктей солып жатқаны өзекті өртейді. Есірткіні пайдалануға адам жасөспірім шағында, өтпелі кезеңде ұрынып қалады. Баланың организмі даму үстінде болғандықтан және ақ пен қараны анық ажырататын жасқа жетпегендіктен, қызығушылықпен есірткінің құрбанына айналады. Бұған біріншіден баланың жүрген ортасы әсер етеді.Адам бала кезде нені болсын білуге құмартады. Есірткі таратушылар құрбандықты ең бірінші сол баладан іздейді. Өйткені балаларды алдап-арбау өте оңай.Тіптен кейбір балалар өздері келіп есірткінің қақпанына өзі түсіп жатады. Сондықтан әрбір ата-ана балаларын , әсіресе, өтпелі кезеңде тәлім-тәрбиесіне баса назар аударып, жүріс-тұрысын жіті қадағалағаны жөн. Бүгінде мектептерде есірткіні таратумен көбіне отбасында дұрыс тәрбие берілмеген жетесіз балалар айналысады. Мұндай балалар көбіне қатыгез және бұзық келеді.Айналасына өзі секілді бұзық балаларды жинап алып, өзгелерге өктемдік жүргізгісі келеді. Міне, осындай балалар есірткі тартушылардың көзіне түсіп, құрығына ілігеді. Кейін келе мұндай балалар қысым көрсету , қорқыту, еліктіру арқылы өзге балаларды нашақорлыққа тартады. Анаша қолданатындар «крутой» болып саналады. Криминалды киноларда әсіресе дәріптелетін «крутой» қаһармандар, қоғамда криминалдық оқиғалардың өріс алуы, мектеп және жоғары оқу орындарда криминалды топтардың тайраңдаған жүрістері жастарды еліктіреді.
1.Жас жеткіншектердің нашақорлыққа салынуына сеп болатын факторлар мыналар: Ата-ананың баласын тәрбиелеуге уақытының болмауы және үйден тыс өмірін дұрыстап қадағаламауы; Отбасы мүшелерінің бірінің арақ –шарап ішуі немесе есірткі қолдануы; Отбасында жиі-жиі ұрыс-жанжалдың болуы салдарынан баланың әке-шешесінен көңілі суып, үмітсіздікпен қараусыздық сезіміне салынуы; Отбасы мүшелерінің бір-біріне деген сүйіспеншілігінің болмауы, мінез-құлықтарының өзімшіл, бірбеткей және қатыгез болуы; Мектеп мұғалімдерінің , мектеп психологтарының нашақорлық мәселелеріне көңіл бөлмеуі, балалар арсында түсіндіру жұмыстарын дұрыс жүргізбеуі; Жас жеткіншектің достарының арасында нашақорлардың болуы, өзінен жасы үлкен достарының жетегінде жүруі; Отбасында имандылыққа баулитын тәрбиенің болмауы; Алкогль мен есірткіге иқол жеткізудің оңайлығы, құзырлы мемлекеттік органдардың есірткіге қарсы күресінің пәрменсіздігі; Балалардың жастайынан дискотека, түнгі клуб, түнгі ойын-сауық кештері,туған күн кештеріне үйірсектігі, осы тұрғыдан, ата-аналар мен сынып жетекшілерінің дұрыс қадағаламауы; Криминалдық пен гангстерлікті, есауыстық пен әпербақандықты, әсіресесексуалдықты дәріптейтін топ,рок музыка, кино, теле бағдарламалар да жас жеткіншектерді есірткіге бір табан жақын қылады. Жанұяның міндеті. Ата-аналар, отбасы мүшелері балалардың тәрбиесіне жіті мән беруі қажет. Жеме-жемге келгенде , балаларды нашақорлықтан сақтайтын негізгі құрылым-отбасы екенін ата-аналар түсінуі қажет. Балаға ең алдымен әке-шеше үлгі-өнеге болуы тиіс. Балалар барлық мәселелерін ең алдымен ата-анасына айта алатындай арада жақындық болуы керек. Мектептің міндеті. Нашақорлықтың тамыры имектептен бастау алады. Есірткінің құрығына ең көп мектеп оқушылары ілінеді. Өйткені, мектеп балалары албырт, аңғал болғандықтан тез алданады. Осы тұрғыдан мектеп мұғалімдері, сынып жетекшілері, мектеп психолог тары балаларды нашақорлықтан сақтау үшін көптеген жұмыстар атқаруы қажет. Ел боламын десең есірткіден тыйыл Ұрпақтың салауатты өміріне салқынын тигізіп келе жатқан есірткі нәубеті қазіргі таңда Қазақстан қоғамның алдындағы көкейтесті мәселелердің біріне айналып отыр. Сондықтан да ажалды дерттің тамырына балта шабу ұлттық қауіпсіздіктің басым бағыттарының бірі ретінде айқындалады. Өйткені, есірткі індеті негізінен жас жеткіншектер арасында жайлаған. Ал жастар –ұлттың болашағы. Көп ретте статистикалық есептер мен көрсеткіштер айтылып жатады., алайда осы көрсеткіштерді адами тұрғыдан қарай білсек, қаншама жастың тағдыры қыршынынан қиылып жатқанын көріп , қабырғаң қайысады. Сондықтан бұл дертке тұтас ел болып жұмыла күресу керек. Әрине , мәселенің басы-қасында болғандықтан, ата-аналар мен педагогтердің жауапкершілігі тым ауыр. Бұрынжасөспірімдер нашақорлыққа 12-14 жастан салынатын болса, қазір тоғыз жастан бастап еірткінің дәмін тата бастайды. Жастар арасындағы нашақорлықтың негізгі себебі үйдегі және мектептегі тәрбиенің әлсіздігі болып отыр. Қазақстанда нашақорлықтың зияндылығын ашып айтып, жиркендіретін үгіт-насихат жұмыстары мардымсыз. Нашақорларды емдейтін орталықтар тым аз. Облыс орталықтарындағы наркодиспансерлерде көбінесе маскүнемдер емделеді. Жасөспірімдер арасында ағарту жұмыстарын жүргізуде балалардың психологиясына әсер ету тетіктері дұрыс ескерілмей жатады. Ендеше өзгеше тәсілдерді де педагог-мамандар ойластыруы қажет. Нашақор- лықты тізгіндеудің және бір жолы – жалпы халықтық наркологиялық тексеру жасау. Қорытынды: Қадірлі оқушылар! Нашақорлық-адамды өлтірудің ең баяу тәсілі, саналы, ерікті түрде адамның өзін-өзі өлтіруі. Өмірің өзіңнің қолыңда, жоғарыда жазылғандарды оқығаннан кейін сенің бұл зиянды әдеттерден аулақ болатыныңа сенеміз!!! Өмірің жарқын болсын!!!
Скачать методички (классные уроки) для учителей по разным предметам: история, литература, физика. Как провести урок с учеником, вам поможет грамотно составленный план урока. Занятия по математике, литературе, физике, информатике, химии, психологии.
.