Наставник - сайт Открытых уроков. Учителя Казахстана. Образование в Казахстане
.
.
Етіс. Етістің түрлері -

Етіс. Етістің түрлері

Сабақ жоспары | Документы | Қосымша сабақ жоспары Загрузок: 0 | Просмотров: 4163 | Размер: | Автор: ggggggggggggggggdfsf
. Етіс. Етістің түрлері
Мұғалім :¬¬¬¬¬¬¬¬¬¬¬¬¬¬¬¬¬¬¬¬¬¬ Шинтаева Гульмира Күні: 5.02. 2015 жыл
Пәні: қазақ тілі Сыныбы: 6
Сабақтың тақырыбы Етіс. Етістің түрлері
Сабақтың мақсаты Оқушыларға етістер және оның түрлері туралы мәлімет беру, шығармашылық қабілетін арттыру.
Оқушылар етістер және оның түрлері туралы мәлімет алады, шығармашылық қабілеттері артады..
Күтілетін нәтиже
Сілтеме
Қасымбек А., Такишева а., Шыныбаева А., ТұрсыноваА., "Қазақ тілі" 6-сынып . Алматы "Арман ПВ" 2009ж
Мұғалімге арналған нұсқаулық; Үшінші деңгейге арналған ресурстар;
Дереккөздер мен жабдықтар интернет материалдары; интербелсенді тақта, стикер, флипчарт, маркер, смайликтер, бағдаршам түстері
Табыс критерийі: 1. Етістер туралы жалпы мәлімет алады.
2.Етіс түрлерін бір- бірінен ажырата алады.
Кезеңдері Уақыты Мұғалімнің іс-әрекеті Оқушының іс-әрекеті Тапсырмалар Оқу үшін бағалау және
оқуды бағалау
Қызығушылықты ояту кезеңі 1 мин Ұйымдастыру, амандасу, сынып оқушыларын түгендеу, оқу құралдарының түгел болуын қадағалау, сыныптың сабаққа дайындығын қадағалау. Сабақ басталарда зейіндерін шоғырландырып, өзіндік реттелу жасау.
3мин Оқушылардың назарын сабаққа аудару , сыныпта ынтымақтастық атмосферасын қалыптастыру үшін оларды шақырып, «комплименттер бұрқасыны» ойыны арқылы топқа бөлемін.
Олай болса біз бүгінгі сабағымызда да көп нәрсені ұғып, үйренеміз. Оқушылар мұғалімнің алдынан түрлі түсті қағаздарды алып, ішіне өзіне ұнайтын комплиментті жазып, домалақтап ортаға лақтырады. Содан соң кез келген қағазды алып, ішіндегі мақтау сөзді оқиды. Қолдарына тиген қағаздардың түсіне қарай топқа бөлінеді. "Комплименттер бұрқасыны"

Қол шапалақтау
2 мин Сынып оқушыларын топтарына қарай бөліп отырғызамын және топ ережесін қайталап, сыныптың ұранын айтқызып, топ ішінен топ басшысын сайлап, бағалау парақшасын таратамын. Сынып оқушылары топтарына қарай бөлініп отырады және топ ережесін қайталап, сыныптың ұранын айтып, топ ішінен топ басшысын сайлап, бағалау парақшасын алады. топқа бөліну
Топтың ережесін қайталау
Мадақтау
Мағынаны тану кезеңі 2мин Үй тапсырмасын топ ішінде сағат тілімен бір-бірімен дәптерлерін ауыстыру арқылы тексертемін. Нәтижесін топ басшысына белгілетіп баяндатамын. Үй тапсырмасын топ ішінде сағат тілімен бір-бірімен дәптерлерін ауыстырып, тексереді. Нәтижесін топ басшысына айтады. Топ басшысы баяндайды. «Мен саған, сен маған»
әдісі
Ақша арқылы бағалау
Бағалау парақшасына топ басшысы өз тобының мүшелерін бағалайды.
4мин

2 мин

5 мин Оқушыларға ұшақтың макетін беремін. Бір қанатына оқушылар бірінші сұрақ жаздырамын, содан кейін ұшақтарын ұшыру арқылы өздеріне түскен ұшақтың екінші қанатына соның жауабын жаздырамын. Оқушылар ұшақтың макетін алып, бір қанатына оқушылар бірінші сұрақ жазады, содан кейін ұшақтарын ұшыру арқылы өздеріне түскен ұшақтың екінші қанатына соның жауабын жазады.
«Ұшақ» әдісі

Ұшақ макеті
ақша
Интербелсенді тақта арқылы сұрақтар қоямын. Оқушылар сұрақтарға жауап беру арқылы жаңа сабақтың тақырыбын аштырамын. Интербелсенді тақтадағы сұрақтарға жауап беру арқылы жаңа сабақтың тақырыбын ашады. «Тұсаукесер»
Интербелсенді тақта


Оқушыларға мәтіндер таратып, етістер туралы мәліметті
түсіндіруді тапсырамын.

Оқушылар мәтіндерді оқып,
топ болып ақылдасып, етістер туралы мәліметті түсіндіріп айтады.
«Бірге ойлаймыз.
Бірге талқылаймыз » әдісі.

Мәтін жазылған парақшалар, ақша
5мин 235-жаттығу
Интербелсенді тақтаға жаттығуды үш топқа бөліп көрсетіп қоямын. 235-жаттығуды интербелсенді тақтадан жаттығуды әр топ орындайды.
Оқулықпен жұмыс


Оқулық, дәптер, тақта, ақша

10 мин Оқушыларға шығармашылық тапсырмалар жазылған ресурстар таратамын.
Әр топ өздеріне берілген шығармашылық тапсырманы орындап, көпшілік назарына ұсынады. "Шығармашылық шыңы"
І топ- етіс, етістің түрлері жайлы мәлімет беру
ІІ топ- етіс, етістің түрлеріне өлең шығару
ІІІ топ- етіс, етістің түрлеріне ребус жасау Плакат, стикер, маркер, ақша
5 мин Оқушыларға интербелсенді тақта арқылы сұрақтар қоямын. Оқушылар интербелсенді тақта арқылы көрсетілген сұрақтарға жауап береді. «Теңге алу» әдісі
(бекіту сұрақтары)
Интербелсенді тақта, ақша
3 мин Топ басшысына топ мүшелерінің бағасын есептетемін. Өзім әр топтың тапқан ақшасын есептеп нәтижесін шығарамын. Топ басшысы топ мүшелерін бағалау парақшасына бағалап, нәтижесін шығарады. Бағалау

Бағалау парақшасы
1 мин 236-жаттығу. Етістердің ережесін жаттау, ереже дәптерге жазу 236-жаттығу. Етістердің ережесін жаттау, ереже дәптерге жазу Үй тапсырмасы күнделік
Рефлексиялық кезең 2 мин Бүгінгі сабақта қай әдіс ұнады? деген сұраққа жауап жаздырамын.
Бүгінгі сабақта қай әдіс ұнағанын стикерге жазады. рефлексия стикер
Скачать методички (классные уроки) для учителей по разным предметам: история, литература, физика. Как провести урок с учеником, вам поможет грамотно составленный план урока. Занятия по математике, литературе, физике, информатике, химии, психологии.
.