.
.
Түркістан қаласы, Ә.Науаи атындағы №13 мектеп-гимназия, Етістіктің райлары туралы түсінік
Сабақ жоспары | Документы | Қосымша сабақ жоспары Загрузок: 0 | Просмотров: 2899 | Размер: | Автор: гостьқазақ тілі мен әдебиеті пәнінің мұғалімі Жусипова Куралай Айдаровна
Сыныбы: 7-Б Күні: 19.02.2015
Тақырыбы: Етістіктің райлары туралы түсінік
Сабақтың мақсаты:
Білімділік – етістіктің райлары және оның жасалуы мен ерекшеліктері жайлы білім беру.
Дамытушылық – оқушылардың ойлау, есте сақтау қабілетін жетілдіру, алған білімді қолдана және талдай білуге үйрету, аз сөзбен түйіндеуге дағдыландыру, таным көкжиегін кеңейту.
Тәрбиелік – сөйлеу мәдениетін қалыптастыру, адамгершілікке, ынтымақтастыққа қазақ халқының ұлттық құндылықтарының бірі шешендік өнерді бағалауға баулу, сонымен бірге, туған жерін елін құрметтеуге, имандылыққа, қайрымды бола білуге тәрбиелеу.
Сабақтың түрі: аралас сабақ
Сабақтың әдісі: талдау, сұрақ-жауап, шығармашылық жұмыс
Көрнекілігі: электронды оқулық, тірек-сызба, интерактивті тақта
Сабақтың барысы:
Ұйымдастыру сәті:
а) Сәлемдесу. Оқушыларды түгелдеу.
1. Сыныпқа кірген сәттен бастап топқа бөлу. Әр оқушыға бір өлең жолы (тармағы ) жазылған карточка беріледі.Оқушылар тармақтардан шумақ құрап, сол құрамда топқа бөлінуі керек.
2. Топ басшысын сайлап, бағалау парақшаларын беру.
ә) Оқушылардың назарын сабаққа аудару.
б) Үй жұмысын әр топ бір-біріне “Үш қадамдық сұрақ” кезеңі бойынша сұрайды.
154 – жаттығуды оқып шығу.
Жаңа сабақ
Жаңа сабақ тақырыбы бойынша жарнамалы суреттер көрсетіп, түйін сөздер жазылады.
Түйін сөздер: оқып отыр, билеп жатыр, ойлан, шапқым келеді, жазса, айтқым келеді
Оқушылар түйін сөздерді негізге ала отырып жаңа тақырыпты постер қорғау арқылы түсіндіреді.
1. Талқылаушы.
2. Салыстырушы.
3. Дәлелдеуші.
4. Қорытындылаушы.
Көрсетілген кезеңдер бойынша әр топ өз ойларын ортаға салады.
177 – жаттығу.
1) Тыңдалым. Ән мәтінімен жұмыс.
Оқушылар өлеңді тыңдап мәнерлеп оқып, ат қояды да, құрамындағы етістіктерді теріп жазып, райдың қай түрі бар екендігін айтып өтеді. Сонымен бірге, ән мәтінінің авторы Қасым Аманжолов жайлы қысқаша түсінік береді.
2) Оқылым тапсырмасы.
Берілген мақал – мәтелдердің мағынасын түсіндіріп, марфалогиялық талдау жүргізу. Етістіктің рай түрлерін ажырата білу.
Артында баласы қалса,
Көзі қалды де,
Артында сөзі қалса,
Өзі қалды де.
Атадан ұл туса игі,
Ата жолын қуса игі.
Анаңа ауыр сөз айтпа!
Атыңа ауыр жүк артпа!
Қатты жерге егін шықпас,
Қаңғыған басқа білім жұқпас.
Сергіту сәті
Айтылым тапсырмасы
Жүргізілу барысы:
Журналист оқушылармен сұхбат жүргізеді.
Құрметті оқушылар, бүгінгі хабарымызды бастамас бұрын сіздерге бірнеше сұрақтар қойсам деймін.
1. Биыл қазақ хандығының құрылғанына қанша жыл толады?
2. Жеңістің жетпіс жылдығы жайлы өз ойыңызды айтып өтіңіз.
3. 2015 жылды Елбасымыз қандай жыл деп атады?
4. Президенттің жолдауында тіл мәселесі жайлы тақырып қозғалды ма,өз пікіріңізді айтып өтсеңіз.
Берген жауаптарыңыз мені қанағаттандырды. Жауаптарыңызды дұрыс, бұрыстығына көз жеткізу үшін интерактивті тақтадағы сөйлемдерге назар аударыңыздар. Сөйлемдерді сөйлем мүшесіне талдап райларды табыңыздар.
1. Биыл қазақ хандығының құрылғанына 550 жыл толады.
2. Аталарымыз жеңіске жетсе, біз бейбітшілікке жеттік.
3. Ағайын, Ассамблея жылы кұтты болсын!
4. Мен қазақстанның болашағы қазақ тілінде екендігін айтқым келеді.
3. Жазылым тапсырмасы
Интерактивті тақтадан анимациялық фильм көрсетіледі. Оқушылар оны көріп, тыңдап өз ойларын төмендегі кестеге жазады. Сөйлемдерінде рай түрлерін қатыстыру керек.
«Шеберлігіңді шыңда!»
Өзіндік пікір
Менің ойымша Өмірмен байланыстыру Қорыта келгенде
Шешендік кезеңі
Құрамында рай жұрнақтары қатысқан ақын – жазушылар мен шешендердің өлең жолдарынан мысал келтіріңдер.
Бекіту бөлімі
Етістіктің райларына байланысты сабақты пысықтау мақсатында тест жұмысы беріледі.
Рефлексия
Екі жұлдыз, бір тілек оқушылар стикерлерге өз пікірлерін жазады.
Бағалаудың критерийлері.
Критерийлер Балы
Тыңдалым 1) 177-жаттығу. Ән құрамындағы етістіктерді табуы.
2) Мәтінге ат қоя білуі.
3) Ән мәтініне қатысты сұрақты анықтай алады.
4) Тыңдаған материал бойынша тармақтар ретін таба алады.
5) Мәтін мазмұнына байланысты ойын жеткізе біледі 1
1
1
1
1
Оқылым 1) Мақал-мәтелдерді оқып мазмұнын ашуы.
2) Морфалогиялық талдау жүргізе білуі.
3) Сөздердің астарлы мағынасын дұрыс түсінеді.
4) Сөйлемдерді дұрыс оқып сөйлем мүшесіне талдауы.
5) Сөйлемдерді дұрыс байланыстыра білу. 1
1
1
1
1
Жазылым 1) Эссе жазу талаптарын орындағанына.
2) Тіл байлығын қолдана білуі, рай түрлерін ажырата білуі.
3) Ойын жүйелі жеткізуі.
4) Өзіндік көзқарасы.
5) Емле сауаттылығын сақтағанына. 2
1
1
1
1
Айтылым 1) Үй жұмысына жауап беруі.
2) Постер қорғауға қатысуы.
3) Сұхбат барысында тақырыпты ашатын сұрақтар қоя білуі.
4) Қажетті лексиканы орынды қолдана біледі.
5) Өз ойын анық жеткізе алады.
6) Ақындар мен шешендер сөзіне мысал келтіруі.
7) Тіл тазалығы.
8) Қорытынды жасап, жалпы баға бере алады. 1
1
1
1
1
1
1
1
Бал саны Баға
22-24 «5»
18-21 «4»
13-17 «3»
0-12 «2»
Үйге тапсырма беру:
178 – жаттығуды орындау. Ережені жаттау.
Рай түрлерін қатыстырып «Атаның баласы ғана емес , адамның баласы болсам...» деген тақырыпқа шығарма жазу
Скачать методички (классные уроки) для учителей по разным предметам: история, литература, физика. Как провести урок с учеником, вам поможет грамотно составленный план урока. Занятия по математике, литературе, физике, информатике, химии, психологии.
.