Наставник - сайт Открытых уроков. Учителя Казахстана. Образование в Казахстане
.
.
Етістіктің райларын қайталау. -

Етістіктің райларын қайталау.

Сабақ жоспары | Документы | Қосымша сабақ жоспары Загрузок: 0 | Просмотров: 2093 | Размер: | Автор: гость
. Батыс Қазақстан облысы, Тасқала ауданы, ЖББ Кузнецов негізгі мектебі.
Қазақ тілі мен әдебиет пәні мұғалімі:К.А.Хаирмухамбетов
Сабақтың тақырыбы:Етістіктің райларын қайталау.
Сабақтың мақсаты :
Білімділік: Етістіктің рай категориясын топтастыра отырып , райдың жасалу жолдарын игереді.Жаттығу жұмысын орындайды
Дамытушылық : Ойлау , есте сақтау қабілеттерін дамиды , сауатты жаза біледі, ойларын еркін жеткізеді.
Тәрбиелік : Адамгершілікке тәрбиеленеді , отансүйгіштікке тәрбиеленеді
Мақсаты :Қалау райдың жасалу жолдарын үйреніп , оның ерекше рай екеніне оқушылардың көңілі аударылады.
Пәнаралық байланыс : орыс тілі , әдебиет.
Сабақтың көрнекілігі : Сызбалар. Суреттер. Тақта , бор, кітап.
Сабақтың түрі :Жаңа сабақ.
Сабақта қолданылатын әдіс –тәсілдер : СТО технологиясы
Қызығушылығын ояту : 1. Ұйымдастыру кезеңі:
А) амандасу
Ә)кезекші диалогы
2.Нені білеміз?
Шартты рай дегеніміз не?
Шартты рай қалай жасалады?
Мысал келтіріңдер.
3. Мағынаны тану .
Ой қозғау.Етістіктің рай категориясы дегеніміз не?
Рай сөзі қандай сөздермен мәндес келеді ?.
Етістіктің рай категориясын топтайық
Ашық рай

Бұйрық
рай
Шартты рай



Қалау рай Бүгінгі сабағымыздың тақырыбы: Қалау рай.
Қалау – ниет , тілек дегенді білдіреді
Сонда қалау рай дегеніміз іс иесінің қимылды , іс- әрекетті қалауын, соған ынтасын , ниетін білдіреді , бірақ беретін мағынасы нақтылы емес және белгілі бір жолдармен жасалады.
Мысалы : Менің кітап оқығым келеді.
Сабақтан шыққан соң үйлеріңе аман жетсеңдер игі еді. .
Қалау райдың жасалу жолдары.
1. –ғы/гі ; -қы/кі жұрнақтары және тәуелдік жалғауы жалғанып , кел көмекші етістігімен тіркеседі.
Мысалы : Менің теледидар көр-гі-м келеді
Менің қалаға бар-ғы-м келеді.
2. Етістікке –ғай/-гей; -қай/-кей жұрнақтары мен жіктік жалғауы жалғанып жасалады. Мысалы : Сен досыңа хат жаз-ғай-сың.
Ол ертерек кел-гей.
3. Етістікке –ғай/-гей; -қай/-кей жұрнақтары жалғанып еді көмекші етістігімен тіркесіп те қолданылады.
Мысалы : Мен оны көр-гей едім.
Ол барғай еді .

4. Етістіктің шартты рай тұлғасына екен сөзі тіркесіп , қалау рай жасалады.
Мысалы: Анам қаладан кел-се екен . Мен оны жақсы біл-се-м екен .
Енді қалау райының жіктелуіне тоқталайық ( кесте арқылы түсіндіру),
Мысалдар келтіреді.
Кестеге сүйене отырып 175 –жаттығуды орындау ( тақтамен жұмыс ).
І қатар: Көргісі келеді ,
ІІ қатар : Орындағым келді.
ІІІ қатар : Жазғайсың
174- жаттығу. ( ауызша)
177- жаттығу Етістіктерді тауып , оларды рай түрлеріне қарай талдаңыздар .
Шығармашылық жұмыс :
Болар адам он бесінде бас болар ,
Болмас адам қырық бесінде жас болар
мақалдың мазмұнына байланысты , мағынасы ашылатындай шағын эссе құраңдар.
Оқыту .Тәуелсіздікке кімдердің арқасында қол жеткенін айта кету
«Ойлан , тап »
Қалау рай жасауға қатысатын көмекші етістіктерді атаңдар . Оларсыз қалау рай жасала ма?
Ойларыңды дәлелдеңдер Ой қорыту .
«Түртіп алу жүйесі »
Венн диаграммасы арқылы салыстыру

Сабақты бекіту : Оқушыларды бағалау.
Үйге: Ереже жаттау
ББҮ-стратегиясы арқылы бағалау
Білем Білгім келеді Үйрендім
Скачать методички (классные уроки) для учителей по разным предметам: история, литература, физика. Как провести урок с учеником, вам поможет грамотно составленный план урока. Занятия по математике, литературе, физике, информатике, химии, психологии.
.