Наставник - сайт Открытых уроков. Учителя Казахстана. Образование в Казахстане
.
.
Еуразияның табиғат зоналары. -

Еуразияның табиғат зоналары.

Сабақ жоспары | Документы | Қосымша сабақ жоспары Загрузок: 0 | Просмотров: 4012 | Размер: | Автор: гость
. Күні: 23.04.2015
Сыныбы: 7 «А»
Сабақ тақырыбы: Еуразияның табиғат зоналары.
Мақсаттары:
А) Еуразия материгіндегі табиғат зоналарының ерекшеліктерін анықтау, жер бедеріне, климат жағдайларына байланыстылығын талдау;
Ә) Картадан дұрыс анықтауды, сипаттама беруге,салыстыруға, ақпараттық материалмен жұмыс жасауға, талдауға дағдыландыру. Тапқырлықты, өзбеттілік ізденуді, сөйлеу мәдениетін дамыту;
Б) Табиғатты аялауға баулу, экологиялық тәрбие беру.
Көрнекілік: карта, оқулық, интерактивті тақта, слайд, табиғат зоналары кестесі.
Сабақ түрі: жаңа сабақ , топтық-жарыс
Сабақта қолданылатын әдістер: 1. Дамыта оқыту әдісі; 2. Проблемалық оқыту; 3. Л.В. Тарасовтың экологиялық оқыту әдісі;Үш тілділікті меңгерту.
Пәнаралық байланыс: биология, экология, орыс және ағылшын тілі.
І кезең. Ұйымдастыру кезеңі:
Оқушылармен амандасып, түгелдеу. Сабаққа даярлығын, психологиялық дайындығын тексеру.
«Сергіту сәтін» өткізу.
Сыныптағы оқушыларды «Белдеулер» мен «Зоналар» топтарына бөлу. Сабақтың мақсаты мен жүргізілуі тәртібімен таныстыру. Сабақ 6 кезеңнен тұрады.

Сабақ барысы:
ІІ кезең. Жаңа сабақты түсіндіру. Кесте арқылы, слайд арқылы.
Еуразия солтұстік жарты шардың барлық климат белдеулерін алып жатқандықтан, мұнда солтүстік жарты шарға тән барлық табиғат зоналарының жиынтығы кездеседі. Олар материктің көп бөлігінде ендік бағытқа сәйкес, батыстан шығысқа қарай созылып жатыр.
Солтүстіктегі арктикалық аралдардан бастап, тайга зоналарына дейін табиғат зоналары ендік бағытта тұтас алап болып созылып жатыр. Ал одан оңтүстікке қарай зоналар батыстан шығысқа қарай жіңішке жолақтар түрінде таралады.
Еуразия материгінің табиғат зонасы әр түрлілігімен ерекшеленеді. Онда табиғат зоналарының барлық белгілері бар: экваторлық, тропиктік, қоңыржай, субтроиктік, субарктикалық, арктикалық.
Табиғат зонасы Табиғат жағдайы Жануарлары мен өсімдіктері
1 Арктикалық шөл Жазы өте суық әрі қысқа. Қысы -40ºС Мүк, қына, балдыр, ақ аю, ақ түлкі
2 Тундра мен орманды тундра Жауын-шашын аз, температура төмен, климаты қатал, күшті жел, қарлы боран жиі болады. Мүк, қына, бұталар, бұғы, бұлан, қоңыр аю, кеген, құр.
3 Тайга Жазы біршама жылы әрі ұзақ. тек қана қылқан жапырақты ағаштар өседі, топырағы күлгін батпақты. Ағаш текті өсімдіктер, қылқанжапырақтылар, қарағай, шырша, май қарағай, самырсын, балқарағай, зубр, бұлан, марал, елік, қоңыр аю, қабан.
4 Аралас және жалпақ жапырақты ормандар Таига мен жалпақ жапырақты ормандары арасында жатыр. Қылқанды, ұзақ және жалпақ жапырпақты орман, емен және амур барқыт ағашы, лианалар, корей самырсыны. Зубр, аю, кедра.
5 Орманды дала және дала Шығыс Еуропа мен Батыс Сібір жазығының оңтүстігінде Алтайға дейін Жалпақ жапырақты ағаштар, емен, үйеңкі, қайың, көктерек, селеу. Қасқыр, қарсақ, түлкі, тышқандар.
6 Шөлейт және шөл, шөлейтті Каспий маңы ойпатынан басталады. Қыста мин.-40ºС, жазда мак.+50ºС. Жусан, селеу, бетеге, бұйырған сексеуіл, қызғалдақ, қаңбақ. Жабайы түйе, құлан, ақбөкен.
7 Қатты жапырақты мәңі жасыл ормандар Жазы ыстық, құғақ, қысы жылы , жаңбырлы. Емен, тығын емені, қарағай, лавр, грек жаңғағы, зәйтүн.
8 Субтропикті дала Жазы өте ыстық Цитрус, анар, жүзім, жер жаңғағы.
9 Субтропикті ылғалды, муссондық ормандар. Жазы ылғалды, қысы біршама құрғақ. Магнолия, камелия, камфора, лавр, бамбук, емен, шамшат, шегіршін. Жолбарыс, қабылан, Гималай аюы, бамбук аюы-панда, маккака, гиббон, тоты құстар, үйректер.
10 Тропиктік шөлдер Ең ыстық, ең құрғақ климат. Құрма пальмасы, бөкендер, онагр, таргыл қорқау қасқыр, шиебөрілер.
11 Саванналар, сирек ормандар Жауын-шашынның түсуі мен мөлшерінің мезгілдері бойынша белдеу ішінде әркелкі болады. Пальмира пальмасы,сандал ағашы, тик, майлы ағаш.
12 Субэкваторлық ауыспалы ылғалды ормандар Аса құрғақ емес, жаңбырлар саваннадан көбірек жауады Жабайы, пілдер, маймылдар.
13

Экваторлық белдеудегі ылғалды ормандар Жауын-шашын мол, температура тұрақты жоғары. Ротанг пальмасы, лианалар, орхидеялр. Мүйізтұмсықтар, бұқалар, макакалар, ит басты маймылдар, ірі орангутандар, жолбарыс, қабылан, тауыс.
14 Биіктік белдеулер Биіктеген сайын ылғалдың артуына қарамастан, ауа температурасы төмендейді Қодас, қар барысы, ұлар, аюлар, арқарлар, буволдар, жабайы пілдер, қабылан, жолбарыс.

ІІІ кезең. Сабақты бекіту.
1) «Метро ойыны».
1. Қоңыржай белдеудің көпшілік бөлігін қандай табиғат зонасы алып жатыр? Тайга
2. Жазы өте суық және қысқа зона? Арктикалық шөл
3. Тундрада ең көп тараған өсімдік? Бұғы мүгі
4. Исландияда мұз басу дәуірінен сақталап қалған тіршілік иесі? Қойөгіз
5. Тек қана қылқан жапырақты ағашатар өсетін зона? Тайга
6. Қиыр Шығыста қорғауға алынған ірі жыртқыш? Уссурий жолбарысы
7. Қандай ағаштан жасалған жиhаздар айрықша бағаланады? Шамшат пен еменнен
8. Польша мен Белоруссия елдерінде орналасқан әйгілі ну орман? Беловеж
9. Беловеж нуы қорығында қорғауға алынған жануар? Зубр
10. Грузин шайының плантациялары қай зонада? Субторпиктік ормандарда
11. Тар шөлі қандай зонада орналасқан? Тропиктік шөлдерде
12. Құрғақ өзен арналары? уэд
13. Суда шірімейтін Тик ағашын не жасауға пайдаланады? Кеме мен вагон
14. Үндістан мен Шри Ланкада кең таралаған жабайы жануар түрі? Піл
15. Ит тұмсығы өтпейтін қалың ну орман қалай аталады? Джунгли
16. Кесілген ормандардың орнына жергілікті халық не өсірген? Күріш
17. Жауын шашын көп түсетін жер? Черапунджи
18. Үндістандағы ыстық және аптапты шөл? Тар
19. Арктикалық белдеуде өсетін өсімдіктер? Мүк, қына, балдырлар
20. Құрғақшылыққа төзімді тікенекті өсімдік? Ксерофиттер
21. Жер асты сулары жақын жатқан жерлерде пальманың қандай түрлері өтеді? Құрма

2) «Зеректік таныту». Оқушылар заман талабына сай үш тілде қазақша, орысша, ағылшынша жануарларға сипаттама беруі қажет.
Панда, бамбук аюы (лат. Ailuropoda melanoleuca) - аю тұқымдасына жататын сүтқоректі. Қытайда кең таралған. Жылына 1-2 қонжық туады. Бамбук өркені және тамырларымен қоректенеді. Қытайда панда халықтың асыл казынасы болып жарияланды. Терісінің түсі жартысы ақ жартысы қара. Денесі ірі аяқтары қысқа. Панда аю қазіргі таңда сирек кездесетін, аз қалатын және жоқ болып кетуі үлкен қауіпі бар жануарлардың тізіміне кіреді. Зерттеуші ғалымдардың арасында үлкен панданы алғашқы көріп зерттеген Арман Дэвид еді. Бұл 1869 жылында болды.

Орангутандар (лат. Pongo) Суматра мен Калимантан аралдарының батпақты тропиктік ормандарында тіршілік етеді. Орангутанның денесін жапқан қалың түктері қызыл-жирен не қызғылт-қошқыл түсті. Қолы өте ұзын, Бассүйегінің ми сауыты жақсы дамыған. Орангутандар ағаш басынан жерге түспейді, негізінен жеке жүреді. Олардың саны жылдан жылға азаюда, сондықтан қорғауға алынған.

Тауыс құстардағы көркемдіктің төресі, хас сұлулық пен тәкаппарлықтың символы. Көптеген елдер бұл құсты патшалықтың, әулиеліктің белгісі ретінде құрметтейді. Отаны Оңтүстік Азия. Тауыс құсының орысша атауы – Павлин. Дүниедегі ең әдемі құс тауыс құсы екені талай рет айтылып та, жазылып та жүр. Үндістанда қасиетті құс саналған: оны өлтіргендерге жазалау қаупі төнген. Тауыс құсы ұшады, лып етіп жеңіл ұшады, көздеген биігіне оңай көтеріледі.

Жолбарыс (лат. Panthera tigris) – ірі жыртқыш аң. Қазіргі кезде Ресейдің Қиыр шығысында, Үндістан түбегінде, Қытайда, Ява, Суматра аралдарында ғана кездеседі. Дүние жүзінде жолбарыстың саны жылдан жылға азаюда. Қазіргі уақытта жабайы ортада (13 мемлекетте) мекендейтін жолбарыстардың саны 3200 шамасында ғана қалды[3]. Сондықтан жолбарыстың барлық түрі қорғауға алынған. Жолбарысты қазақ халқы ежелден күштіліктің символы санаған.

3) Ойын. «Мен .....зона». Сөйлемді аяқта.
Мен Арктикалық зона. Арктикалық белдеудің қиыр солтүстігіндегі аралдарды алып жатырмын. Жазым өте суық және қысқа. Қыста температурам – 40 тан төмен болады. Қарлы борандар мен тұмандар жиі болып тұрады. Аралдарды түгелдей дерлік мұз басып жатыр. Мұздан бос жерлерде мүк, қына, балдырлар өседі. Жануарлардан ақ аю мен ақ түлкі кездеседі. Соңғы кезде ақ аю саны азаюда.

Мен тропиктік зона. Еуразия шөлдеріндегі ең ыстық және ең құрғақ климатпын. Менің зонамда құрма пальмасы өседі. Адам төзгісіз ыстық пен құмды дауылдарға, су тапшылығына қарамастан менің шөлдерім арқылы ежелден керуен жолдары өткен.

Мен экваторлық зона. Еуразияның оңтүстігіндегі аралдарды алып жатырм. Менің зонамда ит тұмсығы өтпейтін қалың ну орман джунгли бар. Жергілікті халық үй құрылысына, жиhаз бен қағаз жасауға пайдаланылатын бамбуктің көптеген түрлері өседі. Маймылдардан макакалар мен ит басты маймылдар, ірі орангутандар, құстардан әдемі қауырсынды тауыс кездеседі. Қазіргі кезде кесілген ормандарымның орнына жергілікті тұрғындар күріш пен шай бұтасын өсірумен айналысады.

Мен тайға зона. Қоңыржай белдеудегі ең ірі табиғат зонасымын. Жазым біршама жылы әрі ұзақ. Менің зонамда тек қана қылқан жапырақты ағаштар өседі. Қорғауға алынған ірі жыртқыш Уссурий жолбарысы тіршілік етеді. Ормандарда терісі бағалы, кәсіптік маңызы бар аңдар мен құстар өте көп. Мысалы: бұлан, марал, елік, т.б.

IV. Сергіту сәті. «Көңілді күн»

4) Денотаттық графикалық сызба.
Оқушыларға интерактивті сызбаға назар аудартып, «Егер табиғатқа тіл бітсе, онда...» деген тақырыппен өз ойларын айтқызу. Мен қазір алғашқы жолын «Егер» деп бастаймын.

Егер

Сіз табиғат қорғау Министрі болсаңыз.....
Сіз ақын болсаңыз, онда.......

Сіз эколог болсаңыз, онда.......
Сіз суретші болсаңыз, онда.........

Табиғатқа тіл бітсе, онда.........

5) Суреттік диктант.
Тақтада көрсетілген жануарлар мен өсімдіктердің суреттерін атап, оларды тіршілік ортасына қарай орналастыр.

Арк. балдыр, ақ аю, саңырау құр, ақ түлкі, қойөгіз, бұлан.
Қоңырж. белдеу: самырсын, зубр, марал, қабан, уссурий жолбарысы, шамшат, сексеуіл,жабайы түйе.
Субтропиктік белдеу: лавр ағашы, цитрус, грек жаңғағы, панда, макака, гиббон,
Тропиктік шөлдер: құрма пальмасы, жабайы есек, нар,.
Субэкваторлық белдеудегі зоналар: тик ағашы, жабайы піл, орангутан, тауыс

6) «Ол кім? Бұл не?» оқушылардан тез жауап алу үшін, әрі сергіту мақсатында пайдаланылады.
• Черапунджи
• Оймякон -71
• Өлі теңіз ең төмен жер
• Гималай
• Хуанхэ
• Амазония
• Гренландия
• Диснейленд
• Голливуд

V. Бағалау. Оқушыларды жауап беру деңгейлері бойынша бағалаймын. Неге олай бағалағанымды айтамын.

Үйге тапсырма: §21-22 оқу. Кескін картаға табиғат зоналарын түсіру. Қосымша материалдар, суреттер қорын жинап әкелу.

VІ. Қорытынды. Қорытындылай келе, бүгінгі сабақта Еуразия материгінің табиғат зоналарының түрлерімен таныстырдым. Сабақтың жетістіктері мен кемшіліктеріне тоқталамын.
Білгенге білім байлық, бағасы артық.
Салмағы сан жетпейтін қорғасындай.
Үйренсең өнер білім өшпес мұра,
Таусылмас тау кеңінің ордасындай.
Білім өшпес жүрекке жанған шырақ,
Ол көк сауыт, құрыштай қару жарақ.
Оқысан ғылым қорын білім асар,
Көңілдің кіршік басқан көзін ашар.
Скачать методички (классные уроки) для учителей по разным предметам: история, литература, физика. Как провести урок с учеником, вам поможет грамотно составленный план урока. Занятия по математике, литературе, физике, информатике, химии, психологии.
.