Наставник - сайт Открытых уроков. Учителя Казахстана. Образование в Казахстане
.
.
Ежелгі Герман тайпасы және Рим империясы -

Ежелгі Герман тайпасы және Рим империясы

Сабақ жоспары | Документы | Қосымша сабақ жоспары Загрузок: 0 | Просмотров: 1862 | Размер: | Автор: Публикатор
. Венера Темірова
ОҚО, Сарыағаш ауданы, N37 Б.Майлин атындағы орта мектептің тарих пәні мұғалімі
Сабақтың тақырыбы: §1. Ежелгі Герман тайпасы және Рим империясы
Сабақтың мақсаты:
 Герман тайпаларының Батыс Рим империясына басып кіруі, Франк мемлекетінің құрылуы, олардың мемлекеттік құрылымы туралы оқушыларға түсінік беру.
 Оқушыларды ізденіс жұмыстарына баулу.
 Белсенді, білімді азамат тәрбиелеу
Сабақтың түрі: Жаңа білімді игеру
Әдісі:баяндау, сұрақ-жауап
Көрнекілік:дүние жүзінің саяси картасы, суреттер
Сабақтың барысы: І.Ұйымдастыру кезеңі
ІІ.Жаңа сабақтың жоспары:
1. Герман тайпалары және олардың Батыс Рим империясына басып кіруі.
2. ІҮ-Ү ғасырлардағы ғұндар
 Б.з.б. 50 жылдары Қытайдан жеңіліп, ғұндардың бір бөлігі Орал тауының оңтүстігіне қоныс аударған. Ал ІҮ ғасырдың 70-жылдары ғұндардың Батысқа қарай жаппай жөңкіле көшуі басталды. Олардың осы Батысқа қарай жылжуы тарихта «Халықтардың ұлы қоныс аударуы» деп аталды.
3. Франк мемлекетінің құрылуы.
 Мемлекеттің негізін салушы салий франктерінің мереовей руынан шыққан көсемі Хлодвиг.«Салий ақиқаты»
4. Мемлекетті басқару.
 Ел бірнеше аймақтарға бөлінді. Оларға салық жинайтын, әскерге басшылық жасайтын, сот ісін жүргізетін басшы-граф тағайындалып қойылды.
5. Жер иелену
6. Франктердің христиан дініне енуі.
Сабақты бекіту:
Сұрақтарға жауап беру:
 Рим империясының әлсіреуінің басты себебі неде?
 Герман тайпаларын неліктен Рим жеріне басып кірді?
 «Халықтардың ұлы қоныс аударуын» кімдер басқарды?
 Франктердегі жер иелену тәртібі қандай болды?
 Франктер неліктен христиан дінін қабылдады?
 Құл иеленуші қоғам қашан жойылды?

 Тарихи мәтінмен жұмыс:

Өз билігін нығайту мақсатымен _____ жазбаша заңдар жинағын шығарды. Ол _____ деп аталды. Бұл заңдар жинағы бойынша жасақшының өмірі жәй қарапайым франктің өмірінен _____ есе қымбат бағаланды.

 Тарихи мәтінмен жұмыс:

Карл Мартеллдің _____ реформасы Еуропада жаңа қоғамдық құрылыс _____ негізін қалады.

Кубизм әдісі арқылы жұмыс жасау:
1. Ұлы Карл билігін сипаттаңыз.
2. Ұлы Карл билігі тұсындағы мәдениеттің дамуына зерттеу жасаңыз.
3. Графтардың атқаратын қызметіне тоқталыңдар.
4. Ұлы Карл империясының орнында қандай мемлекеттер құрылды?

5. Бағалау
Үйге тапсырма: §1. Оқу. Картамен жұмыс: Ұлы Карл империясының орнында құрылған мемлекеттер.
Скачать методички (классные уроки) для учителей по разным предметам: история, литература, физика. Как провести урок с учеником, вам поможет грамотно составленный план урока. Занятия по математике, литературе, физике, информатике, химии, психологии.
.