Наставник - сайт Открытых уроков. Учителя Казахстана. Образование в Казахстане
.
.
Ежелгі Қосөзен  мемлекеттері. Шумер және Аккад -

Ежелгі Қосөзен мемлекеттері. Шумер және Аккад

Сабақ жоспары | Документы | Қосымша сабақ жоспары Загрузок: 0 | Просмотров: 5886 | Размер: | Автор: гость
. Лара Нусипкожаева.
Алматы облысы Райымбек ауданы
№ 2 Кеген орта мектебінің
тарих пәнінің мұғалімі
Тақырыбы: « Ежелгі Қосөзен мемлекеттері.
Шумер және Аккад»
Сабақты бастағанда мұғалім Азия материгіндегі бір-бірімен жарыса аққан Евфрат пен Тигр өзендерінің Кавказ тауларының оңтүстік сілемдерінен басталып, Парсы шығанағына құятынын картадан көрсетеді.
Тақтаға қос өзеннің схемасын бормен сызып, саяхат жасайды . бұл екі өзенді көбінесе Қосөзен деп атайды. Кейде өзен аралары Месопотамия деп те жазылатынын ескерте кетеді. Көне замандарда бұл аймақ батпақты, сазды болып, қамыс көп өскен.
- « Қосөзен жерінде пайдалы қазбалар, орман, тау-тас болмады, ал елі өте бай болды. Неге ?» Бұл сұрақ, әрине , әр оқушыны қызықтыратыны сөзсіз.
Балалар, көз алдарыңа елестетіп көріңдер, сендерді алдарыңда тұрған мұғалім емес, ежелгі Месопотамияның тұрғыны делік. Өткен дәуірден келген қонақтан елі жайлы, ондағы ауа райы туралы, қандай өсімдіктер мен жануарлар өсетінін, қалай өмір сүріп, тіршілік еткені жайлы сұраңдар. « Ежелгі тұрғын» жан-жағына қарап, аң таң болып:
- О, қасиетті, Шарукин бүкіл әлемді билеушім, кедейлерді жарылқаушым! Мен қайда тап болдым ?
- Мектепте тұрсыз,- деп жауап береді балалар.
- Мектеп деген не?
Оқушылар жауап береді .
- Мен өте кедей адаммын, балаларымды оқытуға мүмкіндігім жоқ. Осындай кең сарайда білім алып жүрген сендер бақытты екенсіңдер.
Осындай театрландырылған көрініс оқушыларға қатты әсер етті.
- Мен Отаным қалай оралсам екен?Қосөзеннің қайда екенін сендер білесіңдер ме?
Оқушылар картадан көрсетіп « ежелгі тұрғынға» « Сіздердің жерлеріңізде қандай өзендер бар, не өседі?», т.б көптеген сұрақтар қояды. Олар тақтадағы бормен сызылған Қосөзеннің схемасын дәптерлеріне түсіреді.
Әңгіме одан ары былай жалғасады:
- Бізде жаз айларында күннің ыстығы50-қа жетеді . Ал сендерде қалай? Қыстыгүні жаңбыр жауады. Біздің өзеннің ағыны қатты,буырқанып жатады, біз оны сүйеміз әрі қорқамыз.
Оқушылар «өзеннен неге қорқасыңдар» деп сұрайды.
- Тигр мен Евфраттың ағысы өте қатты! Бірнеше рет менің үйімді су шайып кетті. Содан кейін су тасқынына қарсы тосқауылдар қойып, егістік жерім мен үйімді қорғап қалдым. Өзен тек қана табиғи сипаттағы апат туғызып қана қоймайды, ол -асыраушымыз. Ойланып көріңдерші, неге мен бұлай айтып тұрмын?
Оқушылар сусыз өмір жоқ екенін, су болса, еккен егіннен мол өнім алатынын , бір пальманың өзінен 50кг құрма жинауға болатынын біледі.
-Қосөзеннің оңтүстік бөлігі ойпаттау, көне заманда бұл аймақ батпақты, сазды, бір сөзбен айтқанда, өмір сүруге қолайсыз болған. Соған қарамастан, біз батпақты да жұмсақ әрі құнарлы топырақты жерлерді біртіндеп игеріп, еккен егіннен мол өнім алдық. Қосөзеннің оңтүстігінен шет елге жібек, жүн, бидай, құрма, т.б шығара бастадық.
- Сендер құрма жеп көрдіңдер ме? Оны кептіріп жеп, сүйегін отқа жағамыз, пальманың жапырағынан арқан тоқып, құрылысқа пайдаланамыз.
- Сіздің үйіңіз неден салынған?
- кедей адамның үйі неден салынады деп ойлайсыңдар? Жерімізде құрылыс тастары да,ағаштар да жоқтың қасы. Бірақ бір заттан бәрін жасауға болады. Ол-топырақ (балшық)
- Балшықтан қалай жасайсыздар?- деп сұрайды оқушылар.
-Қазір бәрін айтып суретін де салып беремін .
Тақтаға және дәптерге сурет салынады.
Мұғалім сурет сала білмегеннің өзінде бала үшін көз алдында тақтаға салынған сурет, мейлі ол дөрекілеу болсын, кітаптағы дап-дайын, әдемі картинадан гөрі маңыздырақ болады.
Қосөзеннің тұрғындары кірпішті күйдірмей-ақ, күн көзіне кептіріп те жасаған. Қабір ішін сондай шикі кірпіштен өрген.
- Көріп отырсаңдар, балшықтан көптеген пайдалы заттар жасауға болады екен.Тек ауқатты адамдар ғана тас пен ағаштан үй тұрғыза алады, ал кедей шаруаның оған шамасы жетпейді. Мен балшықтан үй соқтым, енді тек есігін жасау ғана қалды, балшықтан есік жасауға бола ма?
- Жоқ,- деп жауап береді оқушылар.
- Онда ен пальманың жапырағынан тоқып , есікке перде жасаймын.
Театрландырылған қойылымды бастар алдында тақтаға қосөзендік шаруамен әңгіменің жоспарын жазып қою керек. Сол жоспарға қарап оқушылар ерте дүниеден келген адамнан Қосөзеннің географиялық жағдайы, табиғаты жайлы, халқы немен шұғылданатыны, жазудың шығуы, діннің пайда болуы туралы сұрайды.
Лара Нусипкожаева.
Алматы облысы Райымбек ауданы
№ 2 Кеген орта мектебінің
тарих пәнінің мұғалімі

Сабақтың тақырыбы:
«Қаңлылардың шаруашылығы мен тұрмысы»
Сабақтың мақсаты:
1.Қаңлы тайпасының айналысқан шаруашылығы, кәсіптері, қолөнері, сауда қатынасын жасаған елдер туралы мағұлматтар беру. Олардың жаңа тақырыптағы білімді игеруіне жол ашу.
2. Қаңлы тайпасының негізгі кәсібі – мал шаруашылығы . Мал шаруашылығы көшпелі шаруашылық болғанын зергерлік бұйымдарының сол заманының өнерінің әлемі үлгісі болып табылғанын айтып, жеке тұлғаның дүниетанымын дамыту, алған білімдерін өз бетіне қолдану, оқушыларға деңгейлік тапсырмалар бере отырып, олардың есте сақтау, ойлау , жүйелеу, іздемпаздық қабілеттерін дамыту.
3. Сырдария өзенінің орта ағысында өмір сүрген қаңлылардың жауынгер тайпа болғанын , асқан өнерлі халық екендігін түсіндіре отырып, оқушының сабаққа деген қызығушылығын, мәдени мұраларды қорғау сезімін оятып, ойы озық , жаны нәзік, жеке тұлға тәрбиелеу.
Сабақ түрі: аралас сабақ
Сабақ әдісі: іздену; ой толғау
Көрнекілігі: карта, компьютер, сызбалар мен кестелер жазылған слайдтар, үлестірмелер.
Пән аралық байланыс: география, өлкетану
Сабақ барысы:
І. Ұйымдастыру кезеңі
ІІ. Үй тапсырмасын сұрау
ІІІ. Жаңа сабақты түсіндіру
ІV. Жаңа сабақты бекіту
V. Қорытынды
VІ. Үйге тапсырма
VІІ. Бағалау
ІІ. Үй тапсырмасын сұрау.
1. Картадан қаңлы тайпасы мекендеген жерлерді көрсету
2. Хронологиялық жұмыс
• Б.з.б VІ ғ. – Авеста кітабында қаңлы тайпасы туралы жазылған
• Б.з.б 46-36 жылдары қаңлылар Қытайға қарсы тұрған ғұндарға көмектеседі.
• Б.з.б ІІІ-ІІ-б.з.б Vғ. Аралығында ғұндар өмір сүрген.
• Б.з І мың жылдығының алғашқы жартысындағы қаланың орны табылады
3. Сөйлемдерді толықтыру.
Шарты: сөйлемнің ішінде бос тұрған орындарды қажет сөздермен толтыру.
• Қытай тарихшысы Сыма Цянь « Тарих жазбаларында» көшпенділердің өмірі мен тұрмысын сипаттап жазған
• Қытайдың « Цянь Ханьшу» атты тарихи деректерінде Қаңлы мемлекетінің пайда болған уақыты, оның шекарасы, басқа да маңызды мәселелері туралы айтылған.
• Ғалымдар Қаңлы мемлекетінде жазу болған дейді.
• Қаңлылар Қауыншы, Отырар- Қаратау, Жетіасар мәдениеттерін қалдырған.
• Қаңлы мемлекеті оңтүстігінде Қытаймен және Үйсіндермен көршілес жатты.
• Қаңлылардың солтүстіктегі көршілері – сарматтар мен аландар.
4. Үлестірмелер тарату.
Сұрақтары:
1. Қаңлылар туралы қандай деректер бар?
2. Көк – Мардан қаласы ғылымға қандай мәлімет берді?
3. Қаңлылардың қоғамдық құрылысы.
5. Үй тапсырмасын қорытындылау

Астанасы Ел билеуші

Археологиялық деректер Қарым-қатынас
ескерткіші жасаған елдер


ІІІ. Жаңа сабақты түсіндіру. ( Жаңа сабақтың жоспары слайд арқылы тақтада көрсетіледі)
Жоспар:
1. Егіншілік
2. Мал шаруашылығы
3. Металл өндірісі
4. Сауда қатынастары
5. Мәдениеті және діни танымдары.
ІV.Даталар сөйлейді:
Б.з. 1-ші мыңжылдығының алғашқы жартысында қауыншы мәдениетіне жататын жерлеу дәстүрі
Б.з.б. ІІ ғ. Қытай теңгелері Мардон қорымынан табылған
Б.з. ІІІ-ІІ ғғ. Соғылған салмағы әртүрлі 1300-дей теңге табылған.
ІV. Бекіту. Қатесін тап.
1. Қаңлыларда негізгі шаруашылық аңшылық болды.
2. Суармалы егіншілік болған жоқ.
3. Құстардан шіл, аққу, көгершіндерді аулады.
4. Қаңлы жерінде металл өндірісі дамымады.
5. Б.з. ІІІ- VІ ғасырларда соғылған 5200 теңге табылды.
6. Олар Ресеймен сауда жасасқан.
7. Қаңлылардың өз мәдениеті болмаған .
8. Алтын –асар қаласы 20га жерді алып жатыр.
9. Қаңлылар құдайға сеніп, табынған
10. Қауыншы мәдениетіне жататын аймақтарда қайтыс болған адамдар кебінмен жерленген.
V. Сабақты қорытындылау.
Кестені толтыру
Не білуші едім? Бүгін не білдім? Не білгім келеді?


VІ. Оқушылардың білімін бағалау.
VІІ. Үйге тапсырма: өтілген тақырып бойынша 3 тест сұрақтарын құрау.

Лара Нусипкожаева.
Алматы облысы Райымбек ауданы
№ 2 Кеген орта мектебінің
тарих пәнінің мұғалімі

Тарих сабағында ойын әдістерін қолдану дәрістері
Оқушылар өздері мәселе туғызып, оны өздері шешуге тырысады. К.Д. Ушинскийдің дәлелдеуі бойынша ойындар баланың қабілетін дамытып қана қоймай, оны жетілдіре түседі.
Шеберлікпен ұйымдастырылған ойын ұйымдастырушының оқыту мен тәрбиелеудің таптырмайтын құралы бола біледі. Ойынға қатысушылардан ақылдылықты талап ете отырып, оларды үлкен қанатқа бөлейді.
М. Горькийдің айтуы бойынша « Ойынмен байланыстырылған оқу еңбек баланың ынта ықыласының, мінезінің қалыптасуына үлкен әсерін тигізетіндігіне көз жеткізеді». Осы ойды одан әрі А.С. Макаренко дамытады: « Бала жігерлене ойын ойнай жүріп, біртіндеп өмірде қажетті іскерлікпен дағдыны қалыптастырады.»
Ойынға деген қызығушылық, ықылас-ынта, тақырыпты еркін таңдай білу керек. Егер ойынға оқушылардың өздері тікелей қатысатын олардан ептілік пен іскерлік, ақылмен істеу болса, табандылық пен шыдамдылық және ұйымшылдық талап етіледі.
Осы жерде ойын мен еңбектің ара жігін ажыратып алу керек. Егер ойынды оқушылардың өздері ынтамен жасаса, онда ол нағыз еңбек, еңбек болғанда да шығармашылық еңбек, жемісті еңбек. Осындай еңбекпен айналысып жүрген оқушылар ұжымына талап көбірек қойылады, еңбек сүйгіштік пен шыдамдылық, әуестілік пен сыпайылық, төзімділік пен тапқырлық және әдет пен ептілік басты орынға қойылады.
Осы жерде тағы бір тәрбиелеудің құралы танымдық ойынның қасиетті жерін корсетіп кеткенді жөн көрдім. Ол әрқашан белгілі бір дәреже бойынша жүргізіледі. Ойын кезінде оқушылар өз білімдерін жинақтайды. Оқулыққа кірмеген, одан тыс материалдарды өздері іздеп табады да, сол арқылы ақылдылығы мен адамгершілік қасиеттерін байыта түседі. Ал бұл оған саналы түрде қанағаттанарлық әкеледі, өзіне деген сенімділік пайда болады.

Дидактикалық ойында мұғалімнің орны мен рөлі
Оқушылар ойынының маңызын ескеріп, оның танымдық қабілеті мен тәрбиелілік мәніне тоқталатын болсақ, онда мұғалімнің атқаратын ролі ерекше. Мұғалімсіз, оның көмегінсіз оқушылардың бастаған жаңа бастамалары іске аспай, қиынға соғуы мүмкін .мұғалім ойынның ұйымдастырушысы болып қана қоймай, қатысушысы да болуы міндетті. Өйткені ойын кезінде ерекше құлшыныс болмауы да мүмкін. Мұғалім оқушылардың жұмысына жаңа тың шығармашылық жол салып, оларды ептілікпен ойынға қоса білу керек.
Өз пәнін шебер меңгерген мұғалімнің ойынға қатысуы маңызды, өйткені тарихты жетік білмейтін балалар тұйыққа тірелуі мүмкін. Алғашқы кезеңдерінде тарих пәні мұғалімсіз хронологиялық дөңгелекті, істің мән жайын шешіп, айту, білу мүмкін емес.

Ойынға деген қызығушылық

Дидактикалық ойындардың белгілі мақсаты, жоспары және бәріне бірдей арналған ережесі болуы керек.
Бұл ойындар оқу материалдарын жақсы түсінуге көмектесіп қана қоймай, әр түрлі сұрақтар төңірегінде терең ойлануға, оқушының ой өрсін дамытуға, танымдық іс әрекет белсенділігін арттыруға көп көмегін тигізеді. Тарихи дидактикалық ойындардың маңызы жайлы айта келе, біз тарихты оқытудың ойын түріндегі жалғасының түрлерін қарастырып отырмын.
Жеңімпаз, әсіресе 11-12 жастағы бала ойын барысында көп ұпай жинауға ғана ұмтылмай, жаңалықты көбірек білуге, өзінің болжамдарының дұрыстығына көз жеткізуге, өзінің алған білімдерін толық ашуға және құрбы құрдастарының алдында беделге ие болуға тырысады.

«Бұл қайдан келді?» ойыны

Адам баласының өмір сүруі үшін тамақ, киім, тұрғын үй, ауа қажет болса мұның бәрі түптеп келгенде планетамыздың жасыл желегі өсімдіктерден алынады. 500 мыңға жуық гүлді өсімдіктердің 2897 түрі тамаққа қолданылады. Санкт- Петербургтағы өсімдік шаруашылығы институтында тек қана бидайдың 35 мың, арпаның 7 мың, сұлының 14 мың мәдени сорттарының коллекциялары бар. Өсімдіктерден жасалмайтын зат жоқ десек қателеспейміз, сондықтан өсімдік өмір тірегі екенін мұғалім мысал келтіріп дәлелдеп береді.
Ойынға қатысушыларға бидай ( астық тұқымдары, күріш, жүгері , мақта, қант қызылшасы,) күнбағыс, муляждар немесе суреттер оқушыларға таратылып беріледі. Балалар астық тұқымдас өсімдіктерді қай елдің халықтары алғаш және көбірек қолданатынын ашып көрсету керек, олардың отаны қай ел және бұларды қанша мың жыл бұрын пайдаланғанын дәлелдеу керек.
Мұғалімге жеңілдеу болуы үшін астық тұқымдас өсімдіктердің отаны қай ел, алғаш рет пайдаланған елдер жайлы мағұлматтар бере кетуді жөн көрдім:
Бидайдың отаны – Иран. Алғаш рет Оңтүстік Америкада 1528 ж, АҚШ та 1602ж, Канадада 1812 жылдары себіле бастаған . Ғалымдардың айтуы бойынша бидай б.з дейін Иракта 6,5 мың жыл бұрын , көне Египетте 5-6 мың жыл, Қытайда 5 мың жыл бұрын егілген.
Күрішті - Үнді, Бирма,Қытай,Корея; Вьетнам, Филиппин, Индонезия елдерінің халықтары көп қолданады.
Күріш көне дақылдың бірі болып саналады, осыдан 4-5 жыл бұрын Оңтүстік-Шығыс Азияда өсірілгендіктен отаны сол жер болып саналады. Күрішті Африкаға бірінші болып Христофор Колумб әкелген.
Жүгері - дәнді дақылдардың ерекше орын алатын өкілі. Европаға жүгері сабағын әкелген Христофор Колумб.
Мақта да –өте көп таралған дақылдардың бірі. Индонезияда 4000 жыл бұрын өсіріліп келеді. Америкаға 1620 жылы әкелінген. Мақтаның жабайы түрі Пәкістанда,Цейлон аралығында өседі.
Қант қызылшасы – жабайы тегі осы күнге дейін Жерорта теңізі мен Қара теңіз маңында өседі. Қызылшаның тамыр жемісінде қанттың болатындығын бірінші рет 1747 жылы неміс оптенары Маркграф байқаған. Қызылшаны Тигр ,Евфрат өзендерінің жағалауында тұратын халықтар б.э 2-1.5 мың жыл бұрын өсіре бастаған.
Күнбағыс –( күрделі гүлдер тұқымдас) майлы дақылдардың ішіндегі шаруашылыққа көбірек қолданылатын өсімдік, отаны – Солтүстік Америка. Еуропаға 16 ғасырда әкелінді.
«Жас археологтарға тапсырма» ойыны
Сыныпта 4-6 адамнан тұратын топ құрып, оқушыларға төмендегі тапсырмалар беріледі.
«Археологтар» табытқа салынып жерленген тайпа адамдардың зиратын табады. Бұл табылған заттар нені куәландырады? Бұл зираттың қай кезеңге жататынын ажыратуға бола ма? Дін пайда болған кез бе жоқ әлде дін шықпай тұрған кез бе?
Ойыңды тұжырымда!
Сыныпты екі топқа бөліп, тарихи ойындарды ұйымдастыруға болады. 2-6 қатынасудан тұратын шағын топқа кіші тарихи ойындар немесе бір тәлімгермен де ойын өткізуге болады. Бұлар картаға саяхат, хронологиялық , викториналық, тарихи бас қатырғыш ойындар т.б.
« Үндемес» ойынын оқушыларға ұсынып көрелік. Географиялық картадан бір оқушы үндемей барып белгілі бір пунктті немесе обьектіні көрсетеді, ал келесі бір оқушы үндемей ғана қолын көтеріп мұғалімнің келісімін алған соң , тақтаға жаңағының атын жазады. Тыныштықты бұзған оқушы ойыннан шығады.
« Тарихшы сөздігі» байқауы. Топтан тарихи терминнің мазмұнын ашып ,тарихи тұлғаға мінездеме беруі, оқиғаның ерекшелігін ашып көрсету сұралады.
« Мюнхгаузеншілер байқауы»- балалар бір тарихи кезеңге байланысты қиын әңгіме ойластырып, «өтірікті шындай»- әңгімелеу керек. Тыңдаушылардың міндеті сол әңгіменің ішіндегі шындыққа жанаспайды - ау деген кейбір сөздерді тауып, әңгімеге баға береді.

Ойын элементтерін пайдалана отырып, қорытынды қайталау сабағын өткізу.
« Б.з.б. 5-2 ғғ Ежелгі Грекия» сабағын өткізу туралы оқушыларға алдын-ала ескертіледі. Сабаққа дайындық кезінде оқушылардан 3 топ құрылады . Әр топ жетекшілерін тағайындайды және топтың атын қояды.
Ежелгі Грекия өмірінен топ мүшелері шағын көрініс дайындайды. Ал, қарсылас топ мүшелері сол көріністегі кейіпкерді атап, оқиғаның не туралы екенін атап көрсетеді. Әр дұрыс жауапқа 5 балл қойылады.
Сыныптан тыс оқылатын әдеби кітаптан шағын үзінді келтіріп, оны оқып беруге де болады. Топ мүшелері кітапты және оның авторын атау керек.
Сабақ топты таныстырудан басталады. Оған 3 баллдық баға қойылады. Содан кейін викторина басталады. ( Әр бір дұрыс жауапқа 1 балл) Сұрақтар көлемін мұғалім өзі қанша дайындаса да өз еркі.
Келесі турда « Капитандар байқауын» өткізуге болады. « Дұрыс жауабын тап» деген ойынды тест түрінде ме әлде басқа түрде ме, оны мұғалімнің тапқырлығына қалдырайық.
Осылайша сабақтың танымдылығын, оқушының пәнге қызығушылығын арттыру мақсатында және сабақтың барлық міндеттерін шешуде жаңа педагогикалық технологиялардың бірі дамыта оқыту технологиясында, ойын элементтерін пайдалана отырып осыны іске асыруға болады.
Скачать методички (классные уроки) для учителей по разным предметам: история, литература, физика. Как провести урок с учеником, вам поможет грамотно составленный план урока. Занятия по математике, литературе, физике, информатике, химии, психологии.
.