.
.
Қызылорда облысы Физика өмірде
Сабақ жоспары | Документы | Қосымша сабақ жоспары Загрузок: 0 | Просмотров: 1463 | Размер: | Автор: гостьЖаңақорған ауданы
Байкенже ауылы
№193 қазақ орта мектебі
Физика пәнінің мұғалімі: Шынар Шайдарова
Тақырыбы: «Физика өмірде»
«Физика өмірде» атты сайыс сабағын өткізу үшін 9-11 сынып оқушыларынан 2топ құралады.
Сайыстың мақсаты: Оқушыларды тапқырлыққа баулу, ұйымшылдыққа тәрбиелеу
Сабақтың өту барысы: 1.Кіріспе бөлімі
2. Ойын кезеңдері
I кезең: Бәйге «Сұрақтар»
II кезең:»Жұмбақтар сайысы»
III кезең:« Логикалық сұрақтар»
IV кезең: «Жорға» Берілген уақытта дайындалған
сұрақтарға жауап беру
3. Қорытынды бөлім
Кіріспе бөлімі.
Таланттылар ойланып,толғансын,
Тұлпарлары топ жарысында жүлде алсын.
Көңілді білгірлер,тапқырлар,
Бар өнерін алдарына салады.
Кім білімді, оқыған болса егер,
Бүгінгі күннің жеңімпазы болады.
2. Ойын шартымен таныстырылады:
I кезең: Бәйге «Сұрақтар»
II кезең:»Жұмбақтар» сайысы
III кезең:» Логикалық сұрақтар
IV кезең: «Жорға» Берілген уақытта дайындалған сұрақтарға жауап беру
I кезең: Бәйге «Сұрақтар»
1. Электр тогы дегеніміз не?
2. Ток күші дегеніміз не?
3.Еркін түсу дегеніміз не?
4.Қандай қозғалыс айнымалы деп аталады?
5. Ғылымда эксперименттік зерттеу әдісін алғаш рет қолданған ұлы итальяндық
6.Күш дегеніміз не? Күш қалай пайда болады?
7.Алғаш рет атом ядросын ашқан және жасанды атом ядроларын алған ғалым кім
8. Заттың мольдік массасы деген не?
II кезең: «Жұмбақтар» сайысы.
І. Физикалық жұмбақтар»әр жұмбақтың ұпайы -1балл
1 Өзі затты құрайды Теңесуге таразыны сұрайды (масса)
2 Тіршіліктің қамы үшін Жоқшылықты іздейді, Егер іскер жан үшін Жоқшылықты тежейді (жұмыс)
3 Жоғалмайды ешқашан ,Түрлендірсен егерде. Басқа күйге ауысса , Жұмыс істейді әрқашан. (энергия)
4 Қозғалысқа келтіріп жылдамдығын береді. Өлшемдерін қарасаң ,Ньютонға ол келеді (Күш)
5 Таба алмайсын ол мен солды Адассан қапылыста
Дәл сілтер көрсетіп жолынды Шығысқа ,батысқа (компас)
6 Сен айғайласаң –ол тоқтайды, Сен тоқтасаң ол айғайлайды (жаңғырық)
7 Хабар алар алыстан,екі өріс табысқан (электромагниттік)
8 Жәй көзге көрінбейді,қозғалуға ерінбейді? (молекула)
9 Таң атпайын десе де, Күн қоймайды (жердің өз осінен айналуы)
10 Атасы қалғып, мүлгиді, Әкесі зорға жылжиды , Ағасы шабан өзі жорға
Інісі жылдам , баласы жүйрік , зымырап тұрған ( жыл, ай, күн,сағат,минут,секунд)
III кезең: «Логикалық сұрақтар»
1 топ: 1.Сабын көпіршігін үрлеп ауаға шығару керек. Пайда болған шарик неге алдымен жоғары көтеріліп сосын төмендейді? (жылы ауа жоғары,суығанда төмен)
2.Нені сандыққа тыға алмайсың? (күн сәулесін)
2топ: 1.Архимед Герон патшаның тәжінің таза алтын емес екенін қалай білді? (тығыздықты салыстырды)
2 Қандай жағдайда шәйнектегі ыстық су тез суиды?Шәйнекті мұздың үстіне қойғанда ма,әлде мұзды шәйнектің үстіне қойғанда ма? (шәйнекті мұздың үстіне қойғанда)
IV кезең: «Жорға» Берілген уақытта дайындалған сұрақтарға жауап беру
«Білгірлер» тобына қойылатын сұрақтар:
1.Астрономиядағы ең негізгі зерттеу құралы: Телескоп
2. Молекула қандай бөлшек: Заттың ерекшелігін сипаттайтын ең ұсақ бөлшегі
3. Температураның өзгеруіне байланысты зат неше түрлі күйде болады?: Үш түрлі күйде
4. Марс планетасының қазақша атауы: Аңырақай немесе Қызыл жұлдыз
5. Жердің массасы қандай шамаға тең?: 6*1024кг-ға тең
6. Күш қандай шама: Денелердің өзара әрекеттесуін сипаттайтын шама
7. Бүкіләлемдік тартылыс заңын тұжырымдаған ғалым: Исаак Ньютон
8. Қысым қандай бірлікпен өлшенеді?: Паскальмен
9. Қысым айырымын өлшеуге арналған аспап қалай аталады: Манометр
10. Су 100градуста қайнаса неше градуста мұзға айналады? 0 градуста
«Тапқырлар» тобына қойылатын сұрақтар
1. Ток күшін қандай әріппен белгілейді,оның бірлігі,өлшенетін аспабы: I,Ампер,Амперметр
2. Жарық бөлшектері қалай аталады?: Фотондар
3. Ортаның кедергісі болмаған кездегі денелердің түсуі қалай аталады?: Еркін түсу
4Күштің шамасын қандай құралдың көмегімен анықтайды?: Динамометр
5. Бірінші ғарыштық жылдамдықтың мәні қандай? 7,9км/с
6. Дене импульсінің өзгерісі неге тең?: Күш импульсіне тең
7 Период қандай шамаға кері: Жиілікке
8. Аспанның нақты шекарасы анықталған белгілі бір бөлігі қалай аталады: Шоқжұлдыз
9. Тербеліс амплитудасы дегеніміз не?: Дененің тепе-теңдік күйінен ең үлкен ығысуының мәні
10. Айға адамзат ұрпағының табаны қай жылы тиді?: 1969жылы
Қорытынды:
Скачать методички (классные уроки) для учителей по разным предметам: история, литература, физика. Как провести урок с учеником, вам поможет грамотно составленный план урока. Занятия по математике, литературе, физике, информатике, химии, психологии.
.