Наставник - сайт Открытых уроков. Учителя Казахстана. Образование в Казахстане
.
.
Физика озаты -

Физика озаты

Сабақ жоспары | Документы | Қосымша сабақ жоспары Загрузок: 0 | Просмотров: 1663 | Размер: | Автор: ggggggggggggggggdfsf
. «№3 КОЛЛЕДЖ» МКҚК
САПА МЕНЕДЖМЕНТ ЖҮЙЕСІ

Сабақтан тыс іс-шара
Ү41. 7-ҮК 2 басылым 12 парақтың 1 беті

БЕКІТЕМІН
Директордың ОІЖ орынбасары
______________ Қаратаева.А.Р.
06.11.12014ж.

Сабақтан тыс іс-шара
Тақырыбы: Физика озаты


Әзірлеген: Абдукаримова Ғ.М.


Шымкент 2014ж

Жаратылыстану - математикалық ЦК отырысында
ҚАРАЛҒАН
Хаттама № . .2014ж.

ЦК жетекшісі_______________Исхакова Н.Н.
(қолы)

Құрастырған мұғалім _________________Абдукаримова.Ғ.М.
(қолы)

Сабақтың мақсаты: студенттердің арасындағы жүйрікті анықтау және пәнге деген қызығушылығын арттыру.
Дамытушылық мақсаты: практикалық әрекетін және ойлау қабілетін дамыту.
Тәрбиелік мақсаты: шапшаңдыққа, ұқыптылыққа, ізденімпаздыққа, ойын дұрыс айтуға және өздігінен оқуға тәрбиелеу.
Армысыздар ұстаздар мен студенттер және көрермендер! «Физика озаты» атты сайыс кешімізге қош келіпсіздер. Біздің бүгінгі кешімізге 1-курстар арасындағы үздік студенттері қатысады. Олай болса сайыскерлерімізді ортаға шақырайық.
Әділ қазылар мүшелері таныстырылады.

Ал енді ойын шарттарымен таныстырып өтейін.
Сайысымыз 5-кезеңнен тұрады:
1-кезең. Жұмбақтар.
2-кезең. Білгірлер сайысы.
3-кезең. Фокусты зерттеу.
4-кезең .Формула құрастыру.
5-кезең. Тез нүкте қою.
Әр кезеңде төмен ұпай жинаған студентіміз ойыннан шығады, соңында жеңімпаз қалады. Ол «Физика озаты» атанады.

1-кезең.
Жұмбақтар

Ал достарым Жұмбақбай атаның жұмбақтарын шешіп, аталарыңды қуантыңдар. Әр шешілген дұрыс жұмбаққа 5 ұпайдан беріледі.

Қозғалыста сипаттар шапшаңдықты,
Тағы да бір белгісіз шама шықты,
Ол болмаса денелер қозғалмайды,
Шешеді бұл жұмбақты қандай мықты?
(жылдамдық)

Барлық денелерге тән,
Онсыз болмайды сән
Әр затта болады әр түрлі,
Өлшеуге болады дәл.
(масса)

Жылдамдықты өзгертеді,
Қозғалысты тездетеді.
Қарсы шықса қозғалысқа,
Тоқтарына көз жетеді.
(Үдеу)

Көп болса, асықпайсың,
Мезеттен қашықтайсың.
Асықсаң аз болады,
Табасың мұны қайсың?
(Уақыт)

Бар секілді әлде кім,
Ішінде бос бөлменің.
Айтқанымды айнытпай,
Қайталайды ол мені.
(Жаңғырық)

Асыр салып баладай,
Зыр жүгіріп ағады.
Ақ сүт берген анадай,
Емізеді даланы.
(Су)

Шаңға толған тамағы,
Қоқыр-соқыр тамағы
(Шаңсорғыш)

Қозғалысқа келтіріп,
Жылдамдығын береді.
Өлшемдерін қарасаң,
Ньютонға ол келеді.
(Күш)

2-кезең.
Білгірлер сайысы
Бұл кезеңде қатысушылар ұпайлары белгіленген деңгейлік сұрақтарға жауап береді. Ұпайларды өздері таңдайды.

5 ұпай
1. Абсолют температураның халықаралық бірліктер жүйесіндегі өлшем бірлігі.(К Кельвин)



2. Жылдамдықты өлшеу құралы. (спидометр)
3. Массаның физикалық белгіленуі. (m)
4. Дыбыс толқындарын қабылдайтын техникалық құрал.
(микрофон)
10 ұпай
1. Ауа ылғалдылығын өлшеу құралы. (психрометр)
2. Сұйық көлемін сақтайды, пішінін ......? (сақтамайды)
3. Электр заряды жоқ бөлшек (нейтрон).
4. Будың суға айналу құбылысы. (конденсация)


20 ұпай
1. Идеал газ күйінің теңдеуі. (Ρ V= m R Τ / μ)
2. 250 км-ді 2 сағатта жүріп өту үшін көлік қандай жылдамдықпен жүруі керек? (125км/сағ)
3. Көлемі бірдей кесек пен темірдің қайсысының массасы көп? (темірдікі)
4. Қандай түс күн сәулесін көп жұтады? (қара түс)

40 ұпай
1. Ньтонның бірінші заңын жатқа айтып бер.
2. Таудан түскенде автомобильдің қай дөңгелегі айналмайды? (артық дөңгелегі)
3. Қияр ыстық суда әлде суық суда тез тұздалады? (ыстық суда, диффузия ыстық суда тез тарайды)
4. 90º бұрышты төрт есе үлкейтіп көрсететін лупамен қарағанда бұрыш қандай болады? (90º , өзгермейді)

3-кезең.
Фокусты зерттеу.
Бұл кезеңде қатысушылар фокусты түсіндіріп беруі керек. Толық, дұрыс жауапқа 5 ұпай беріледі. Берілген формулалар мен формулалардың аталуын сәйкестендіру керек. Бір сәйкестікке 5 ұпай беріледі.

1. Бөтелкеге қайнатылған жұмыртқаны қалай сыйғызуға болады?
2. Суы бар стаканның астындағы қағазды стаканды ұстамай қалай алуға болады?
3. Тәрелкедегі суды сіріңке көмегімен қалай төңкерілген стакан ішіне кіргізуге болады?

Сәйкес формулаларды табу

ɑ= F/ m Ньютонның екінші заңы

Ρ= F ʋ Қуат

I = U/ R Ом заңы

Ρ V = m R Τ / μ Күй теңдеуі

m = ρ V Масса

Ƨ = ʋt Жол

V = Ƨl Көлем

P = mV Импульс



Математикалық жаңылтпаш.

1. Бұл сайыстың шарты бойынша 3 санын 3-ке бөлінетін сандарды
және 3-пен аяқталатын сандарды атамай 30-ға дейін мүдірмей жылдам санап шығу керек.
(1,2,4,5,7,8,10,11,14,16,17,19,20,22,25,26,28,29)

2. 2 санын 2-ге бөлінетін сандарды және 2-мен аяқталатын сандарды атамай 20-ға дейін мүдірмей жылдам санап шығу керек.
(1,3,5,7,9,11,13,15,17,19)

4-кезең.
Формула құрастыру

Берілген әріптер (физикалық шамалар) арқылы, белгілі бір формулалар құрастыру керек. Бір формулаға 1 ұпайдан беріледі.

U I ρ μ Τ Ρ ʋ ɑ Ƨ m l R g t F V
Ρ= F ʋ Ƨ= ʋ t

ɑ= F/ m m = ρ V

ɑ= ʋ/ t I = U/ R

Ρ V= m R Τ / μ

5-кезең.
Тез нүкте қою.
Бұл кезеңде қатысушылар бос торкөздерге сәйкес шамаларды қойып, өрнектерді толықтыруы тиіс. Бірінші болған қатысушы 5 ұпайға ие болады.

V = h Ρ = / t
= t = F cosα
= / t = l
= F / = ρ
= ρ V Е= g h
Қосымша сұрақтар:
1. Бүкіләлемдік тартылыс заңын кім ашқан?
2. Бүкіләлемдік тартылыс заңын білесің бе?
Бағалау парағы «Физика озаты»

№ Қатысушының аты-жөні
Жинаған ұпайлары
Жалпы ұпайы
1кезең
2кезең 3кезең 4кезең 5кезең
1

2

3

4

5

6

7

8




Рахмет, достарым өнеріңе!
Уақыт өтпес тірліксіз.
Бақыт келмес бірліксіз.
Талмай еңбек етіңдер
Қыстан аман өтіңдер.

Сөз кезегін әділ қазыларға береміз.
Скачать методички (классные уроки) для учителей по разным предметам: история, литература, физика. Как провести урок с учеником, вам поможет грамотно составленный план урока. Занятия по математике, литературе, физике, информатике, химии, психологии.
.