.
.
Турғанбаева Шолпан Құттыбаевна, қазақ тілі мен әдебиеті пәні мұғалімі,Түркістан қаласы «Бабай-Қорған» жалпы орта мектебі Фонетикадан өткенді қайталау.
Сабақ жоспары | Документы | Қосымша сабақ жоспары Загрузок: 0 | Просмотров: 1525 | Размер: | Автор: гостьҚазақ тілі пәні
Сабақтың тақырыбы: Фонетикадан өткенді қайталау.
Сабақтың мақсаты: а) Тіл дыбыстары және олардың жіктелуін меңгерту. Оқушыларға
деңгейлік тапсырмалар арқылы дыбыстар туралы түсініктерін,
біліктілік деңгейлерін байқау.
б) қосымшаларды қайталау, жұрнақтар мен жалғауларға шолу
жасау және осы тақырыпты ойын элементтері арқылы бекіту.
Дамытушылығы: Оқушылардың пәнге қызығушылығын арттыру, білімге деген саналы көзқарастарын танымдық ізденімпаздық қабілеттерін қалыптастыру.
Тәрбиелігі: оқушылардың сөз байлығын дамыту, қазақ тілін жетік сөйлеуге дағдыландыру. Сынып оқушыларын топтаса, бірлесе жұмыс істеуге шақыру. Логикалық ойлау қабілетін дамыту.
Күтілетін нәтижелер:
1. Фонетиканы қайталай отырып, дыбыстарды тиянақтау, оларды ажыратқызу, буын түрлерін білу;
2. Фонетика туралы білімдерін кеңейтеді;
3. Жұмысты жеке және топпен жоспарлап орындайды;
4. Алған мәліметтерін талдай алады;
5. Өзін-өзі бағалай алады;
6. Жұмыс барысында үлкен жауапкерішілікті сезінеді.
Сабақтың түрі: қайталау, ойын технологиясы
Сабақтың әдісі: қайталау, дамыта оқыту, сұрақ-жауап, сто технологиясының элементтері, баяндау, шолу.
Сабақтың керекті жабдықтары: оқулық, жұмыс дәптері, интербелсенді тақта, қажетті материалдар мен ресурстар.
Сабақтың кезеңдері Мұғалім әрекеті Оқушы әрекеті
Кіріспе Ұйымдастыру кезеңі.
1. Амандасу түгелдеу.
2. Сынып оқушыларын топқа бөлу. (3 топқа бөлінеді шашу кәмпиттері арқылы)
3. Бағалау парағын тарату
4. Үй тапсырмасы
(Дыбыстық талдау жасап келу) Оқу құралдарын алып, сабаққа әзірленеді.
Өзара ақылдасып, топ басшы сайлайды, таныстырады.
Алтыбақан, ұлттық мұра, салт-дәстүр деген сөздерге дыбыстық талдау жасайды
Негізі бөлім І. Қызығушылығын ояту.
Қайталау - оқу айнасы
Мақалдың бір данасы.
Өткенді еске түсірсең,
Ешкімнің жоқ таласы.
Мәңгі бізде сақталсын.
Ата-баба мұрасы.
«Адасқақ» ойыны
(экраннан көрсетіледі)
Жалғаулар: -лық, -лік, -лар,
-лер, -дай, -дей,-ның, -нің, -хана, -қой, -стан, -мын, -мін, -ар, -ер.
Жұрнақтар: -лық, -лік, -лар,
-лер, -дай, -дей,-ның, -нің, -хана, -қой, -стан, -мын, -мін, -ар, -ер.
Септік жалғаулар: -ның,
-мін, -ден, -нің, -ға, -сыз, -ге, -қа, -сің, -ке, -сың, -дан, -тан, -тен, -сіз, -мын
Жіктік жалғаулар: -ның,
-мін, -ден, -нің, -ға, -сыз, -ге, -қа, -сің, -ке, -сың, -дан, -тан, -тен, -сіз, -мын
«Адасқақ» ойыны жауаптары
Жалғаулар: -лар, -лер, -ның, -нің,-мын, -мін,
Жұрнақтар: -лық, -лік, -дай, -дей, -хана, -қой, -стан, -ар, -ер.
Септік жалғаулар: -ның,
-ден, -нің, -ға, -сыз, -ге, -қа, -ке, -дан, -тан, -тен
Жіктік жалғаулар: -мін, -сыз, -сің, -сың, -сіз, -мын.
ІІ. «Ой қозғау» тірек ұғым.
Ұлттық ойын «Сөз мерген» (Сөз мәнерінің мағынасын сұрап өту)
1. Фонетика нені зерттейді?
2. Әліпби деген сөз қалай шыққан?
3. Әліпбидің тарихы
4. Дыбыс пен әріптің айырмашылығы қандай?
5. Дауысты, дауыссыз дыбыстар дегеніміз не?
6. Дауысты дыбыстар тіл қатысына қарай нешеге жіктеледі?
7. Жақ қатысына қарай ше?
8. Ерін қатысына қарай неше түрге бөлінеді?
9. Дауыссыз дыбыстар неге 3 түрге бөлінеді?
10. Дыбыстық талдаудың реті қандай?
Дауысты дыбыстар
Айтылу кезінде ауа өкпеден кедергісіз шығып, үннен ғана тұратын дыбыстарды дауысты дыбыстар дейміз.
Дауысты дыбыстардың жіктелуі
Дауысты дыбыстар тілдің қатысу қалпына қарай: жуан және жіңішке; жақтың ашылу қалпына қарай: ашық және қысаң; реіннің қатысу қалпына қарай: еріндік және езулік дауысты дыбыстар болып табылады.
Жуан дауыстылар: о,ұ,ы,у ә, е, ө, ү, і, и.
Жіңішке дауыстылар: ә, о, ө, е. ү, ы, і, и.
Ашық дауыстылар: а, ә,о,ө,е
Қысаң дауыстылар: ұ,ү,ы,і,и
Еріндік дауыстылар: о,ө,ұ,ү,у
Езулік дауыстылар: а,ә,е,ы,і,и
Дауыссыз дыбыстар
Қазақ тіліне тән дауыссыз дыбыстар дауыс қатысына және жасалуына қарай өзара бірнеше топтарға бөіліп, жүйеленеді.
1. Қатаң дауыссыздар: к,қ,х,п, ф,с,т, ш, щ, ч, ц
2. Ұяң дауыссыздар: б, в, г, ғ, д, ж, з, һ
3. Үнді дауыссыздар: й, л,р,у, м, н, ң
1 тапсырма:
«Көрші» ойыны
(жуан, жіңішке «у» дыбысы бар сөдерді екі бағанға бөліп жазу.)
2 тапсырма:
«Жасырынбақ» ойыны
(Көп нүктенің орнына тиісті дауысты дыбыстарды қою) Сөздер: тану, іл, шешу, тігу, қазу, бері, жолығу, уақ, уыс, бару
Әлі...де болс... с...лқ...н б...рлық ж...рд... қ...р бас...п ж...тыр. Н...урыз к...ні әл...мг... шу...ғ...н ш...ш...п т...р бір...қ қ...зуы әлс...з ...йткен...н к...кт...м де к...ліп қ...л...пты
Сергіту сәт: «Поэзия минуты» (Ақындардың өлеңдерін мәнерлеп келтіре жатқа оқыту) Ұлы Абай – қазағымның беделі.
Ұлы Абай – кең дүниенің есігі,
Өлең – жырдың, қарасөздің бесігі.
Заманының дарасы ол данасы
Абайды білсін қазақтың байтақ даласы,
Абайдың оқы, қазақтың барлық баласы.
ІІІ. «Мағынаны тану»
«Шежіре» (Дауысты дыбыстардың жіктелуін толықтыру қосымша оқушылардан өз 7 атасын сұрау)
І – топқа. Тіл қатысына қарай 1 жуан, 2 жіңішке
ІІ – топқа. Жақ қатысына қарай: 1 ашық, 2 қысаң
ІІІ – топқа. Ерін қатысына қарай: 1 еріндік, 2 езулік.
«Дыбыстар елінде» дыбыстық талдау жасау.
Постер қорғау.
Қорытынды бөлім. Рефлексия «Екі жұлдыз, бір тілек» оқушылар өз ойын, тілегін жазады.
Үйге тапсырма:
1. Дауыссыз дыбыстардан басталатын ұлттық киім атауларын жазу
2. Қатаң дыбыстардан басталатын ұлттық аспап атауларын жазу.
Оқушыларды топ басшылары бағалайды.
Скачать методички (классные уроки) для учителей по разным предметам: история, литература, физика. Как провести урок с учеником, вам поможет грамотно составленный план урока. Занятия по математике, литературе, физике, информатике, химии, психологии.
.