.
.
Оңтүстік Қазақстан облысы, Түлкібас ауданы, Фотоэффект құбылысы. Эйнштейн формуласы
Сабақ жоспары | Документы | Қосымша сабақ жоспары Загрузок: 0 | Просмотров: 2439 | Размер: | Автор: ggggggggggggggggdfsfШарафкент ауылы, Әл-Фараби атындағы шағын жинақты жалпы орта мектебінің физика пәні мұғалімі Жанқожаева Құралай Нұрмаханқызы
Пәні: Физика
Сыныбы: 9
Сабақтың тақырыбы: Фотоэффект құбылысы. Эйнштейн формуласы
Сабақтың мақсаты: Оқушыларға фотоэффект құбылысының жарықтың корпускулалық теориясын сипаттайтынын және Эйнштейн формуласымен өнөрнектелетінін түсіндіру,Эйнштейн формуласын қорыта отырып топпен жұмыс істеуге баулу,логикалық ой-өрістерін дамыту.
Күтілетін нәтиже: Оқушыларға фотоэффект құбылысының жарықтың корпускулалық теориясын сипаттайтынын және Эйнштейн формуласымен өнөрнектелетінін біледі,Эйнштейн формуласын қорыта отырып топпен жұмыс істей алады.
Сабақтың көрнекілігі:Жаңа сабаққа арналған интербелсенді тақтада слайд, интернет желісі ,фотоэффект суреті бейнеленген плакат,өзін-өзі бағалау парақшалары,постерге арналған плакат,маркерлер,оқулық,жұмыс дәптері.
Сабақтың типі:Жаңа білімді меңгерту.
Сабақта қолданатын әдіс-тәсілдер: ДЖИГСО, СТО элементтері,Шаттық шеңбері, Радиоға қоңырау,Бес жолды өлең,Инсерт әдісі.
Пәнаралық байланыс:сызу,қазақ тілі,математика
Сабақтың жоспары:1Ұйымдастыру
Оқушыларды психологиялық дайындау:а).Сәлемдесу,Оқушыларды түгелдеу
ә).Ынтымақтастық атмосферасын қалыптастыружәне топқа бөлу
2 Үй тапсырмасына шолу
3.Жаңа сабаққа кіріспе
4.Жаңа сабақ
5.Сергіту сәті
6.Сабақты бекіту
7.Рефлексия
8.Үйге тапсырма
9.Бағалау
Сабақтың барысы:
1.Ұйымдастыру кезеңі:Оқушылармен сәлемдесіп,түгелдеймін.Барлығын ортаға шеңбер жасап тұрғызып,»Шаттық шеңбері» арқылы ынтымақтастық атмосфеарсын құрамын.Оқушылар бір-біріне жақсы тілектерін айтып,бүгінгі күнге сәттілік тілейді.Одан кейін «Атом-молекула» арқылы үш топқа бөлемін.Атом дегенде оқушылар ерсілі-қарсылы араласып жүреді,молекула төртеу дегенде төрт оқушыдан топтасып,қол ұстасып тұрып қалады.
Үй тапсырмасы:Үй тапсырмасын «Радиоға қоңырау»арқылы сұраймын.Партаға Эйнштейн,Планк ,Столетов,Стефан,Больцман деген физик-ғалымдардың есімдерін жазып қоям,әр топтан оқушылар шығып,ғалымдар болып отырады.Ал топтағы оқушылар үй тапсырмасы бойынша сұрақтар қояды.Үй тапсырмасы : Жарық квангттары туралы Планк гипотезасы қалай оқылады?Жылулық сәулелену немесе сәуле шығару дегеніміз не?Абсолютті қара дене деп қандай денені айтамыз?Квант дегеніміз не?
Жаңа сабаққа кіріспе ретінде «Фотоэффект құбылысы туралы және фотоэффектіні техникада қолдану »туралы слайд шоу көрсетемін.Ол слайдта фотоэффект құбылысының орындалуы мен қалай ашылғаны,фотоэффектіні техникада қолдану туралы суреттелген.
Жаңа сабақ:
Фотоэффект
Фото – грек сөзінен аударғанда - жарық, эффект латын сөзінен аударғанда - әсер деген мағынаны білдіреді.
Фотоэффект-сәулелердің әсерінен электрондардың сұйық және қатты дене бетінен босап шығу құбылысын сыртқы фотоэлектрлік эффект немесе фотоэффект деп атайды.
Фотоэффект құбылысын тәжірибе жүзінде алғаш зерттеп, заңдылықтарын тағайындаған орыс ғалымы А.Г.Столетов.
Фотоэффект құбылысын түсіндіру жолын А.Эйнштейн тапты. Ол фотоэффект құбылысын түсіндіру үшін жарықтың бөлшектік әрі кванттық қасиетіне сүйенді. Жарық екіжақтылығымен сипатталады: біріншісінде, ол толқындық жағынан танылса, екінші жолы бөлшек (корпускула), яғни Эйнштейн сөзімен айтқанда фотондар ағыны ретінде көрінеді. Бұл құбылыс жарықтың толқындық -корпускулалық дуализмі (екі жақтылығы) деп аталады
Электронның металдан босап шығуы үшін жасайтын жұмысын электронның шығу жұмысы деп атайды. Энергияның сақталу заңы бойынша жұтылған жарық фотонының hν энергиясы электронның Ашығу жұмысына және оның Ek=meυ²/2 кинетикалық энергиясына жұмсалады.
Эйнштейн формуласы
Фотоэффект құбылысы мына шарт орындалса ғана байқала бастайды:
hν0» Aшығу. Фотоэффект байқалатын жарықтың ең аз дегендегі жиілігін немесе оған сәйкес келетін толқын ұзындығын фотоэффекттің қызыл шекарасы деп атайды. Мысалы, мырыш үшін жарық толқынының ұзындығы (қызыл шекарасы)-370 мкм, калий-450 мкм, натрий-680 мкм.
Фотоэффект құбылысына негізделіп жасалған құралды фотоэлемент деп атайды. Ол катод, анод және саңылаудан тұрады.
Жаңа сабақты «джигсо»әдісі бойынша үш топқа бөліп беремін.Топтағы оқушылар өз араларында «төраға,хатшы,таймкипер»сайлап алып жаңа сабақ бойынша берілген материалды постерге түсіреді.Постер жасау кезінде ғаламтордан қосымша мәліметтер қарай отырып,оқулықпен шектеліп қалмай,фотоэффект құбылысы туралы,оны зерттеген ғалымдар туралы түсініктерін кеңейтеді.Берілген уақыт аяқталғанда топтан оқушылар шығып,постерлерін қорғай отырып,жаңа сабақ бойынша түсінік береді.Постер қорғап болған соң оқулықтағы 39-жаттығуды үш топтан үш оқушы шығып тақтаға шығарады.Тақтадағы шығарған есептерін топта отырған оқушылар тексереді,қатесі болған жағдайда қарсы топтар қатесін тауып,дұрыстауға мүмкіндік беріледі.
Сабақты бекіту кезеңі:Бес жолды өлең,яғни фотоэффект туралы сөз таптарын пайдаланып,сөйлем құрау керек.
1.Зат есім-не? Фотоэффект
2.Сын есім-қандай құбылыс?
3.Сан есім-қанша қасиеті бар?
4.Етістік-не істейді?
5.Сөйлем.Осы сұрақтарға жауап бере отырып,соңында бір сөйлем,яғни фотоэффектінің ережесін шығарады.
Бағалау.Әр оқушы өздеріне берілген бағалау парақшасына берілген критерийлер бойынша өз -өздерін бағалап,алған бағаларын мұғалім күнделіктеріне қояды.
Үй тапсырмасы:Фотоэффект құбылысы.Эйнштейн формуласы.Рымкеевич есептер жинағы №1104,1105,1106 есептер.
Кері байланыс:Инсерт әдісі бойынша оқушылар сабақ туралы оз ойларын жазады.
Сабақ бітті.
Сабақ кезеңдерінен суреттер
Скачать методички (классные уроки) для учителей по разным предметам: история, литература, физика. Как провести урок с учеником, вам поможет грамотно составленный план урока. Занятия по математике, литературе, физике, информатике, химии, психологии.
.