.
.
ОҚО Шардара ауданы Г дыбысы мен әрпі
Сабақ жоспары | Документы | Қосымша сабақ жоспары Загрузок: 0 | Просмотров: 1303 | Размер: | Автор: гость"Алатау батыр"ауылы
№3 Қазақстан Бастауыш мектебі
Бастауыш сынып мұғалімі:Кайназарова Актолкын Саттаровна
Сабақтың тақырыбы: Г дыбысы мен әрпі
Сабақтың мақсаты: Г г дыбысы мен әрпін таныту, сөздегі орны туралы түсінік беру.Ол арқылы берілген сөздерді оқу мен жазуға үйрету. Г дыбысына қатысты сөздер ойлату, сөйлемдер құрату. Танымдық іс-әрекеттер арқылы ой-өрісін, тілін дамыту. Шығармашылық қабілеттерін дамыту. Әсемдікке, табиғатты сүюге тәрбиелеу.
Күтілетін нәтиже: Топтаса, ұйымшылдықпен жұмыс жасай алады.
Көрнекілігі: Кеспе әріптер, суреттер, буындар, гүлдер.
Сабақ кезеңдері Мұғалім іс-әрекеті Оқушы іс-әрекеті Дерек көздер
Кіріспе бөлім. Ұйымдастыру кезеңі.
Психологиялық дайындық.
Гүлдер арқылы оқушыларды топқа бөлу.
Гүлдер
Ынтымақ-тастық атмосфе-расы Психологиялық дайындық
Ой – жүйрік, тіл шебер
Танытса шындықты
Мәнді ойды тілмен бер,
Сөз тауып ұқыпты. «Шаттық» шеңберіне тұрып оқушылар бір-біріне, мұғалімге сәттілік тілейді.
Шаттық шеңбері
Қызығу- шылықты ояту «Гүлдер, гүлдер көп гүлдер
Қызыл гүлдер, көк гүлдер» - деген өлең не туралы айтылған?
Гүл жайында айтылған екен. Гүл сөзі қай дыбыстан басталады ?
Бірге айтайық. Г - г - г
Г- дауыссыз дыбыс. Оны көк бояумен белгілейміз.Тағы да қандай сөздерде г дыбысы бар? Назар салып тыңдайық. (газ, кереге, гүл, көгершін)
Гүлдер жайында айтылған
Г дыбысынан басталған.
Мағына-ны тану
1. Жұмбақ шешу.
Аналарға сыйлайтын,
Аралар бал жинайтын.
Бұл немене балалар,
Үзуге адам қимайтын.
Қыр басында әр қилы,
Сары теңіз толқиды.
Түскенде салқын күз,
Жинадық алтын тіс.
Егін, жүгері,егеу, кереге, шеге, шеңгел, егіз, сегіз, бетеге, неге, мезгіл сөздерін буынға бөлу.
Г г дыбысымен таныстыру.
Г - дауыссыз дыбыс. Ғ дыбысына ұқсас.
г - жіңішке, ғ - жуан, ұяң.
-Гүл
-Егін
-Жүгері
Е-гін, жү-ге-рі, е-геу, ке-ре-ге, ше-ге, шең-гел, е-гіз, се-гіз, бе-те-ге, не-ге, мез-гіл.
Жұмбақ
Сурет- тер
Сергіту сәті. «Ақ көгершін» әнін тыңдап, билеп бойды сергіту. Қимылды жаттығулар жасайды. Ноутбук
Топтық жұмыс. Оқушыларға топтық тапсырма беріледі. Топбасшы шығып қорғайды. 1 топ-«Қызғалтақ». Дұрыс жазылмаған сөздерді қорша (қала, бата, шірің, лақ)
2топ-«Жауқазын». Буыннан сөз құра.
3топ-«Түймедақ». Г дыбысынан басталатын сөздер жаз.
Мен-тальды карта
Ой толғаныс. Бір, екі, үш,
Дем аламыз жинап күш,
Қолға қалам аламыз,
Көркем етіп жазамыз.
Дәптермен жұмыс.
Г әрпін ауада жаздыру Ауада жазады.
Дәптерге жазады.
Қоры-тынды кезеңі. Балаларға қол шапалақтау арқылы сөздерді буынға бөлгізу. Гүл, көгершін, кереге, гармон.
- Балалар бүгін сабағымыз ұнады ма?
- Қандай әріппен таныстық?
- Г қандай дыбыс? Қол шапалақтау арқылы сөздерді буынға бөледі.
Бағалау. Мадақтау, смайликтерді қалауынша жабыстыру.
Мұғалім бағалау парақшаларын толтырады.
Скачать методички (классные уроки) для учителей по разным предметам: история, литература, физика. Как провести урок с учеником, вам поможет грамотно составленный план урока. Занятия по математике, литературе, физике, информатике, химии, психологии.
.