Наставник - сайт Открытых уроков. Учителя Казахстана. Образование в Казахстане
.
.
Гүл өсіру. -

Гүл өсіру.

Сабақ жоспары | Документы | Қосымша сабақ жоспары Загрузок: 0 | Просмотров: 2578 | Размер: | Автор: гость
. Сынып: 6 «Г»
Күні: 08.12.2015 ж.
Сабақтың тақырыбы: Гүл өсіру.
Сабақтың мақсаты: оқушылардың тақырып бойынша алған білімдерін бекіту, тілдесім әрекеттерін жандандыру. Гүлдің қасиеттерімен таныстырып, ауызекі сөйлеу дағдыларын қалыптастыру
Сабақтың міндеттері:
• Білімділік: тыңдаған мәліметтерден қорытынды шығара алуға, тілді меңгерудегі тосқауылды жеңуге үйрету, бөлме гүлдері және олардың қасиеттерімен таныстыру.
• Дамытушылық: бейнелі ойлауын, зейінін, қиялын дамыту.
• Тәрбиелік: бөлме гүлдеріне ұқыпты қарауға, табиғатпен байланыста болуға тәрбиелеу.
• Күтілетін нәтиже:
- Тақырыпқа байланысты сөздерден сөз тіркестерін, сөйлем құрастыра алады.
- Төмен дәрежелі сұрақтарға жауап береді.
- Шағын әңгіме құрастырады, бір – бірімен диалогқа түседі.
Негізгі дереккөздер: оқулық қазақ тілі. 6 сынып, Т.М.Артықова, М.Б.Боранбай
Түрлі түсті маркерлер, А3 қағазы, бағалау парақтары, интербелсенді тақта, гүлдер, құмыралар, топырақ, т.б.
Сабақтың әдіс- тәсілдері: Блум таксономиясы, постермен жұмыс, болжау, сұрақ-жауап, практикалық жұмыс

Сабақтың кезеңдері Уақыт Мұғалімнің іс-әрекеті Оқушының іс- әрекеті Деректі көздер
Ұйымдастыру кезеңі Психолог-лық ахуал туғызу. 3 мин. Оқушыларды шеңберге қойып бір-біріне гүл сыйлату
Оқушылар шеңберге тұрып өзара гүл сыйлап, тілектер тілейді
Топтың ішінен топ басшысы даярланады
Топқа бөліну 1 мин Топқа түрлі түстер арқылы бөлінеді.
Бағалау парақтарын таратады. Топ мүшелері топталады.
Бағалау парақтарын алады. Бағалау парақтары
Үй тапсырмасын тексеру

«Болжау әдісі»

І. Білу
Сөздікпен жұмыс 7 мин

4
мин

1
мин

2 мин Өзінің бос уақыты жайлы әңгімелеу берілген болатын.

Тақтада гүлдер суреттерін көрсету

Cабақтың тақырыбы: «Гүл өсіру». Сабақ мақсатымен таныстыру

Тақтада жазылған сөздерді оқып, жаңа сөздермен танысу, сөз тіркесін құрып өткен сөздерді қайталау.
Бос уақытын қалай өткізетіні туралы әңгімелейді

Оқушылар тақырыпты болжайды.

Әр топ тақырыпты дәптерге жазады.

Әр топ мүшелері тобымен хормен оқып шығады, сөз тіркесін құрайды


Интербел-ді тақта
ІІ.Түсіну
Видео көрсетілім

1-тапсырма. 4 мин

5 мин Оқушыларға гүлді қалай күту керектігі туралы қысқаша видео ұсынылады.
-Ал, балалар бұл көрсетілімнен не көрдіңдер?
-Гүлдер қандай болады?
-Гүлдерді күту қиын ба?
Оқулық бойынша жұмыс Видеоны мұқият тыңдап, сұрақтарға жауап береді.



Диалогпен жұмыс жасайды.
Жұппен жұмыс. Екі оқушы диалогті оқып, аударып отырады. Топбасшысы бағалап отырады.






Сергіту сәті 2
мин «Көңілді күн» әні арқылы дене қимылын көрсетеді Оқушылар би қимылын жасайды.
ІІІ. Қолдану
2-тапсырма. 4
мин Топтар тапсырманы орындайды.
1.Сөйлемді толықтырып жазу.
2.Сөйлемді талдау.
3.Көшіріп жазу. Оқушылар тапсырмаларды топпен орындайды.
Дәптерлерімен алмасып, бір – бірін тексереді.
ІV. Талдау
Өз бетінше меңгеру 12
мин Әр топқа постер беріледі.
Әр топ гүлдің өсуіне ықпал ететін мәліметтермен толықтырып жазады.
Постермен жұмыс Оқулыққа сүйеніп, сөйлем құрастырады. Постерге жазып, суретін салады. Тақтаға шығып қорғайды. «Екі жұлдыз, бір ұсыныс» бағалау бойынша бір –бірін бағалайды. А3 қағазы, стикерлер
V. Жинақтау
3
мин «Гүл отырғызу» тақтадан суреттер көріп тақырыпты қорытады. Гүлдерді қалай отырғызу туралы, олардың пайдасы туралы айтып береді.
VІ.Үй жұмысын беру.
VII.Бағалау 2
мин Гүлдер туралы мақалдар жазып келу.

Оқушылар бағдаршам арқылы өз білімдерін бағалайды. Күнделіктеріне жазып алады

Топтың басшылары бағалау критерийлерге сүйеніп бағалайды.

Бағалау критерийлері
Скачать методички (классные уроки) для учителей по разным предметам: история, литература, физика. Как провести урок с учеником, вам поможет грамотно составленный план урока. Занятия по математике, литературе, физике, информатике, химии, психологии.
.