Наставник - сайт Открытых уроков. Учителя Казахстана. Образование в Казахстане
.
.
География Сабағында Аудио – Визуалды  Құралдарды Пайдалану -

География Сабағында Аудио – Визуалды Құралдарды Пайдалану

Сабақ жоспары | Документы | Қосымша сабақ жоспары Загрузок: 0 | Просмотров: 1333 | Размер: | Автор: гость
. «География Сабағында Аудио – Визуалды Құралдарды Пайдалану»

Уразбаева Д.У.

А.Нәуи атындағы №13 мектеп-гимназиясының I санатты
география пәнінің мұғалімі

“Біліп қана қою - аз, сол білгеніңді істе қолдана білуің керек, ниеттену ғана аз, сол ниетіңді іске асыруың керек”.
Қазір барлығымыз бүкіл дүние жүзіндегі ауқымды саяси және экономикалық өзгерістердің куәгері болып отырмыз. Бүгінгі таңда болып отырмыз. Бүгінгі таңда болып жатқан істердің бір жарқын көрінісі – біздің және басқа елдерге жаңа компьютерлік технологиялардың енуі. Қазір компьютерлер біздің өміріміздің барлық салаларына, оның ішінде білім беру саласына да енді. Бұған дәлел 1997 жылы 22 қыркүйекте ҚР президентінің «Орта білім беру жүйесін ақпараттандыру» мемлекеттік бағдарламасы.
Орта мектептер аумағында компьютерлік сауаттылықты меңгеру біздің қоғамымызды әлемдік стандарттарға таратудың түйінді мәселесі болмақ.
Қазіргі кездері оқытудың түрлі жолдары таңдалуда. Заман ағымына сай күнделікті сабақ видео, аудио қондырғылары мен теледидарды, компьютерді қолдану айтарлықты нәтиже беруде. Бұндай қондырғылар оқушылардың қызығушылықтарын арттырып, зейін қойып тыңдаумен қатар көзбен көруге түсінбей қалған сәттерін қайталап көруге тыңдауға және алған мағлұматты нақтылауға мүмкіндік береді. Оқушылардың өздері де алынған ақпаратты көшіріп алып (дискетке, бейне таспаға) онымен өз ыңғайына қарай жұмыс істей алады.
Осы орайда мен оқушыларға өздері өтіп кеткен Еуразия материгі бойынша компьютердің көмегімен ашық сабақ өттім. Мұндағы менің мақсатым оқушыларды өтіп кеткен тараулары бойынша алған білімдерін жинақтай білуге, есте сақтауға, тұжырымдай білуге дағдыландыру, пәнге қызығушылығын арттыру бағытында алған білімдерін тереңдету. Осы мақсатта 7 – сыныптарға география пәні бойынша «Еуразия» материгін қайталау сабағын өттім.
Қазақ елінің азаматтары әлем елдерімен, әсіресе экономикалық жағынан дамыған елдердің азаматтарымен тығыз байланыста болады. Осы жағдайда біздің жеткіншек ұрпақтың қай саладан болмасын, білім деңгейлерінің олардан төмен болуы бүгінгі ұрпақ үшін кешірілмес күнә. 5-сынып оқушыларының география пәніне деген энтузиазмы жоғары. Демек, оқушыларға география пәнін қызықтырып оқыту үшін барды дұрыс пайдалана алсақ, біздің ұрпақ өзгелерден кем білім алмайды.
Оқушылардың білім, білік және дағдысын тексеру мен білімді пысықтау сабақтарынан басқа кейде сабақта да қолдануға болатын тапсырмалар жасадым. Кейбір бағдарламадан тыс немесе өтілген материалдарға байланысты болмауы да мүмкін. Оның негізгі мақсаты – оқушыларды психологиялық тұрғыдан дамыту және олардың тарихқа деген қызығушылығын арттыру. География пәніне бөлінген сағат саны аз болғанымен қажетті материалдарды оқытудың әдістемесімен жетілдіру арқасында жағдайдан шығуға болады.
Пән мұғалім ретінде үнемі бір келкі сабақ өткізу оқушыларды жалықтыратынын білдім. Мектепте география пәнін оқытуда қосымша материалдарды, деректерді, әсіресе баспасөз материалдарын пайдалану оқушылардың ұғымдарының терең, жүйелі болуына әсер етеді.
Оқушы география сабағын жақсы меңгереді, есінде ұзақ сақтайды, өз тарапынан материалдар іздестіруге деген ынтасы артады.
Оқу пәнінің мазмұны сандық көрсеткіштермен құрылымдау, біріншіден - оқылып отырған саланы оқушылардың қабылдауын оңайлатса, екіншіден – қабылдау мен меңгеруді, зердені дұрыс бағыттауға мүмкіндік береді. Егер оқушылар оқылатын материал бойынша құрылымдық сызбаны өздері жасай алса, жаңа мағлұматты меңгеру дәрежесі жоғары болады. Сандық көрсеткіштермен жұмыс оқушылардың ойлау жүйесін дамытып, дарындылық қасиетін күшейтеді.
География сабақтарда жаңа технологияды пайдалану жолдары

Қазіргі кездегі білім берудегі мұғалімнің мақсаты білім мазмұнын игеруге және оны өзінің жеке білімдік капиталына енгізуге арналған ақпараттық ортадағы берілген мүмкіндіктерді қолдану болып саналады. Ал географияны оқыту – өзара байланыста және үнемі қозғалыста болатын құраушылардың басын біріктіретін өте күрделі процесс. Ол оқыту мақсаты – оның мазмұны –білім беру және оны игеруге басшылық жасау – оқушылардың оқу әрекеті – оқыту нәтижесі деген тізбекті құрайды. Оқыту процесіндегі қозғалыс оның ішкі қайшылықтарын жою барысында іске асады. Ол қайшылықтар жоспарланған және қолданылған оқыту құралдары мен әдістерінің арасында пайда болады. Мұғалім мен оқушының оқу процесі күрделі және көп қырлы болып келеді. Оның тиімділігі оқушы әрекетінің сипатымен айқындалады. Мұғалім өз пәнін қаншалық та жетік білгенімен оқушылардың қызығушылығын оятып, шығармашылық әрекетін ұйымдастыра алмаса, айтарлықтай табысқа жете алмайды. Сондықтан география пәнін оқытудың мақсаттарын айқындау одан әрі жалғасуда. Соған сәйкес мынадай міндеттерді атауға болады.
• ұлттық және жалпы адамзаттық құндылықтарды құрметтейтін, табиғаттың,
мәдениеттің және қоршаған ортаның байланыстыратын қорғау қажеттілігін сезіне білетін отан сүйгіш азамат тәрбиелеу;
• оқушыларды қоғам мен азаматтың ежелгісі мен, бүгінімен таныстырып, оларды өткен бабалардың әлеуметтік, адамгершілік тәлім-тәрбиесін ұғынуға бейімдеу;
• қазіргі қоғамға кіріккен және жетілдіруге ұмтылатын тұлға қалыптастыру;
• тұлғаны ұлттық және әлемдік мәдениетке кіріктіруге бейімдеу;
• әр түрлі көзқарастар жүйесін есепке ала отырып, оқушылардың пікірлер мен көзқарастарды еркін таңдау құқын қорғауын қамтамасыз ету, гуманистік және демократиялық құндылықтарға бағыттау:
• географиялық білімдер мен әдістерді қолданып, қоғамдық ойдағы жаңа мағлұматтарды өз позициясы тұрғысынан сын көзімен бағалап, талдай алу дағдысын қалыптастыру.
Мектепте географияны оқытудың мазмұны ғылымының дамуы барысында өзгеріп отырады.
Мектепте оқыту үшін таңдап алынған тарихтың мазмұны мемлекеттік стандарт, бағдарлама, оқулық түрінде көрініс табады. Оқушылар ол мазмұнды сыныптық, сыныптан тыс және мектептен тыс оқу түрлерін қамтитын оқуды ұйымдастырудың белгілі бір әдістемесі арқылы меңгерсе, қазіргі заман талабы оқушылардың бойында түйінді құзыреттіліктерді қалыптастыру болып табылады.
Құзыреттілік – оқу мен өмір жағдаяттарын шешу кезінде білім алушылардың білімді, іскерлікті, дағдыны және қызметтің әмбебап тәсілдерін меңгеруі көрінетін білім берудің нәтижесі. Тарих сабағының басты міндеттерінің бірі пән мазмұнын меңгере отырып, ақпаратпен жұмыс істеу болып табылады.
Ақпараттық құзыреттілік
• Сыни тұрғыдан ұғынылған ақпараттар негізінде саналы шешім қабылдауға;
• Өз бетінше мақсат қоюға және оны негіздеуге, мақсатқа жету танымдық қызметті жоспарлауға және жүзеге асыруға;
• Ақпараттарды өз бетімен табуға, талдауға, іріктеу жасауға, қайта құруға, сақтауға, түрлендіруге және тасымалдауға, оның ішінде қазіргі заманғы ақпараттық коммуникациялық технологиялардың көмегімен жүзеге асыруға;
• Логикалық операцияларды қолдана отырып, ақпараттарды өңдеуге,
• Өзінің оқу қызметін жоспарлау және жүзеге асыру үшінақпараттарды қолдануға мүмкіндік береді.
Ақпараттық құзыреттіліктің келесі бағыттары бойынша білім алушының білім беру деңгейіндегі жетістіктері тексеріледі. Олар:
1) Ақпараттық ізденісті жоспарлау:
• Ақпаратты белгілі мен белгісізге бөледі;
• Ұсынылған ақпараттан қойылған міндеттерді шешуге қажеттілерін бөліп алады;
• Анықтамаларды, энциклопедияларды қолданады, кітаптардың мазмұны бойынша және сайттағы сілтемелер бойынша бағдар жасай алады;
2) Алғашқы ақпаратты алу:
- Бақылау (қойылған міндетке сәйкес жоспар бойынша эксперимент) жүргізіледі;
- Оқушыға сұрақ қоя отырып, ақпаратты алады;
- Ақпарат көздерінен қажеттісін бөліп алады.
3) Ақпаратты екінші қайтара алу:
- Берілген екі немесе одан да көп негіздеме бойынша ақпараттарды бөліп алады және жүйелейді;
4) Ақпаратты алғашқы өңдеу:
- Алынған ақпаратты қарапайым берілген құрылым (1 белгі бойынша) аясында жүйелендіреді
5) Ақпараттарды өңдеу:
• Алынған ақпаратты дәл баяндай алады;
• Ақпараттың жеткіліксіздігін немесе өзінің түсінбегендігін ескертеді;
• Ұсынылған ақпарат көздерінен дәйектерді таба біледі және оларды негіздей алады.
Соңғы жылдары білім сапасы тест көмегімен бағалануда. Оның есесіне оқушылардың алған білімдерінің практикалық қызметте қолдану қабілетін бағалайтын тапсырмалар аз қолдануда. Тарих сабақтарында мұндай тапсырмалар қарапайым дерек көздері және құжаттарды зерттейтін зертханалық сабақтар жүргізумен тікелей байланысты.
Оқушылар сабақтан бос уақытында мұражай мен мұрағаттағы жұмыстары негізінде баяндама, реферат, ғылыми мақала дайындауы да білім бағалаудың өлшемі болуы тиіс. Сондықтан сабақ барысында және сабақтан тыс уақытта оқушылардың ақпараттық құзыреттілігін дамыту үшін қосымша материалдармен жұмысты пайдаланып барады.
Сондай-ақ, география сабақтарында интерактивті тақтадан пайдаланудың да балаға терең білім беруде маңызы зор.
Әр сабағында тапсырмаларды алдын – ала беру арқылы оқушыларға қосымша материалдарды алудың, табудың жолын көрсетіп отырады. Жаңа сабақ барысында оқушылардың ақпараттық құзыреттіліктері дамыта отырып, пәнге деген қызығушылықтарын арттырып барады. Ақпаратпен жұмыс істеуді: талдауды, сараптауды, аргумент келтіруді, мәліметке сүйенуді, ақпарат көздерінің атын, авторын білуге дағдыланады.

Пайдаланылған әдебиеттер
1. «Білімдегі жаңалықтар». Ақпараттық - әдістемелік журнал. Астана, 2009 ж.
2. «Әдіскер мұғалім». Республикалық - әдістемелік педагогикалық журнал.
3. «БиС» технологиясын қолдау әдістемесі. ОҮББИ-2004
4. Білім және ғылым. Қазан. 2008 ж. 6-7 бет.
5. «Қазақстан мұғалімі» газеті. Сәуір. 2008ж
6. «Балақаев оқулары-2013» атты көшпелі аймақтық ғылыми-тәжірибелік конференциясының материалдары. Түркістан. 5 сәуір 2013жыл
Скачать методички (классные уроки) для учителей по разным предметам: история, литература, физика. Как провести урок с учеником, вам поможет грамотно составленный план урока. Занятия по математике, литературе, физике, информатике, химии, психологии.
.