Наставник - сайт Открытых уроков. Учителя Казахстана. Образование в Казахстане
.
.
Геолог-ғалым Қаныш Сәтбаев -

Геолог-ғалым Қаныш Сәтбаев

Сабақ жоспары | Документы | Қосымша сабақ жоспары Загрузок: 0 | Просмотров: 1444 | Размер: | Автор: гость
. Сабақтың тақырыбы: Геолог-ғалым Қаныш Сәтбаев
Сабақтың мақсаттары:
Білімділігі:
Оқушыларды Ә.Қайрановтың өлеңімен таныстыру, түсінік беру, өлеңнің мазмұнын ашып, талдау жұмыстарын жүргізу.
Геолог – ғалым Қаныш Имантайұлы Сәтбаевпен таныстыру.
Дамытушылығы:
Оқушылардың көркем сөзді, көркем ойды, өз сөздік қорларын пайдалана алу, соның нәтижесінде ауызша сөйлеу дағдылары мен жазба тілдерін жетілдіру, шығармашылық ізденіске баулу.
Тәрбиелігі:
Оқушы бойына жақсы қасиеттерді сіңіру, мамандық таңдай білуге, еңбек етуге тәрбиелеу.
Сабақтың түрі: Аралас сабақ.
Сабақтың әдісі: Түсіндіру, сұрақ-жауап, көрнекілік әдісі.
Сабақтың көрнекілігі: Қ.Сәтбаевтың суреті: қима қағаздар, тірек сызбалар.
Сабақтың барысы:
І.Ұйымдастыру кезеңі.
Психологиялық дайындық.
Оқушылардың сабаққа дайындықтарын тексеру.
ІІ. Үй тапсырмасын тексеру.
«Бәйге» ойынын ойнау арқылы үй тапсырмасын тексеру.
1. ортадағы 50- Әбілхан Қастеев кім?
2. сол жақтағы 30 – суретшілерден кімдерді білесіңдер?
3. оң жақтағы 20 – суретші ата Қастеевтің өлеңін жатқа айтып бер.
4. оң жақтағы 10 – «Сурет сабағы» атты өлеңді мәнерлеп оқып бер.
5. ортадағы 60 – Суретші деген кім?
6. сол жақтағы 40 - сөйлем дегеніміз не? Сөйлемдердің соңына қандай тыныс белгілері қойылады?
ІІІ. Жаңа сабақ
Сөз құра! Сандарды рет-ретімен қойсаң, сөзді оқисың.

Л Г О Е Г О Я И
40 10 30 20 60 50 80 70

Г Е О Л О Г И Я
10 20 30 40 50 60 70 80

ІҮ. Жаңа сабақты түсіндіру.
Геология – жер құрылысы мен қабатын, оның тарихын зерттейтін және ондағы пайдалы кендерді табудың әдісі туралы ғылым.
Геолог- жер асты қазба байлықтарын жер астынан іздеп табатын маман иесі.
Бүгінгі сабағымызда біз геолог ғалым Қаныш Имантайұлы Сәтбаевпен танысамыз. Қ.Сәтбаев туралы айтып түсіндіру.

Бүгінгі сабағымызда біз Ә.Қайнаровтың «Геолог» деген өлеңімен танысамыз. Бұл өлеңде «Геолог» мамандығы туралы айтылады.
Ү. Оқулықпен жұмыс.
- Өлеңді тұтас мәнерлеп оқып беру.
- Әр оқушыға бір шумақтан оқыту
ҮІ. Сөздік жұмысын жүргізу.
Ғалым – ақыл ой иесі, ғұлама, көп оқыған, білімді адам.
Кен – жер астынан қазылып алынатын пайдалы қазбалар.
ҮІІ. Шығармашылық тапсырма.
1. Елімізде қандай қазба байлықтар бар? Осы суреттегі гүлдердің
ішіндегі әріптерден сөздер құрасақ, еліміздегі пайдалы қазба байлықтардың аттары шығады. (алтын, мұнай, газ, тас көмір, мыс, темір, тұз)
2. Қазба байлық не үшін қажет?

ҮІІІ. Дәптермен жұмыс.

157 – жаттығу.

ІХ. Сабақты қорытындылау.
Х. Үйге тапсырма
ХІ. Оқушыларды бағалау.
Скачать методички (классные уроки) для учителей по разным предметам: история, литература, физика. Как провести урок с учеником, вам поможет грамотно составленный план урока. Занятия по математике, литературе, физике, информатике, химии, психологии.
.