Наставник - сайт Открытых уроков. Учителя Казахстана. Образование в Казахстане
.
.
Грамматикалық тақырыбы: «Есімше» -

Грамматикалық тақырыбы: «Есімше»

Сабақ жоспары | Документы | Қосымша сабақ жоспары Загрузок: 0 | Просмотров: 1691 | Размер: | Автор: ggggggggggggggggdfsf
. Лексикалық тақырыбы:
«Темекі саған дос емес».



Грамматикалық тақырыбы: «Есімше».




Мақсаты:

Оқушыларға темекінің зияны туралы түсінік қалыптастыру, салауатты өмір салтын ұстануға тәрбиелеу.

Дамытушылық мақсаты:

Оқушылардың жұппен, топпен жұмыс жасай отырып, ойлау, өз пікірін еркін жеткізу, ізденгіштік, салыстыру қабілеттерін дамыту.

Тәрбиелік мақсаты:

Оқушыларды ережені сақтай отырып, бір - бірін тыңдай білуге, сыйлай білуге, жәрдемдесе білуге, қолпаштай білуге, ортақ шешім қабылдай білуге тәрбиелеу.

Күтілетін нәтиже:

Сын тұрғысынан ойлау дағдыларын қалыптастыру; жұптық, топтық жұмыстар негізде диалогтік қарым - қатынасқа түсу арқылы сөйлеу қабілетін дамыту, шешім қабылдауға, басқаларды тыңдай білуге үйрету.

Ресурстар:

Мультимедиялық проектор. Бейнеролик: «Темекінің адам ағзаларына тигізетін әсері», Мақалалар: «Темекі қайдан шықты», «Темекінің зияны», «Темекі мен күрес шаралары».

Сабақтың барысы:

Ұйымдастыру кезеңі:

1. Оқушылармен амандасу. Түгендеу.
2. Оқушыларды сабаққа жұмылдырып, назарын жаңа сабаққа аудару.

Топқа бөліну тренингі:

Оқушылар берілген мақал- мәтелдердің жалғасын табу арқылы үш топқа бөлінеді:

1. «Дені саудың (жаны сау.)»
2. «Шынықсаң (шымыр боларсың)»
3. «Дені сау ұрпақ -(ел болашағы)»

1 топ –«Еісмшенің жіктелуі» тобы.
2 топ - «Есімшенің септелуі» тобы.
3 топ - «Есімшенің тәуелденуі» тобы.

Үй тапсырмасы:

Әр топ өз тобының атын қорғау арқылы еcімшені қайталау.
3-тапсырма (105) бет.
Адамдардың мінез-құлқына қарай бөлінуін сипаттау.

1. Сангвиниктер
2. Меланхоликтер
3. Холериктер
4. Флегматиктер

Жаңа сабақ:
«Темекі саған дос емес»

Жаңа сабақ жоспары:

1. Ой қозғау: «Зиянды заттар» ассоциация арқылы жаңа тақырыпты айқындау:

2. Жаңа тақырыбымыз: « Темекі саған дос емес» деп аталады.

Демек, сабағымыз темекінің адам ағзасына тигізетін зиянды әсері туралы болмақ.

Мұғалім:

Бір данышпан темекі туралы сұрағанда « Мен темекінің үш жақсы жағын білемін» депті:

Біріншіден, темекі шеккен адамның үйіне ұры түспейді.

Екіншіден, темекі шеккен адамды ит қаппайды.

Үшіншісі, шылымқор жан мәңгі жас болып өтеді.

Мұны дәлелдеп берсеңіз дегенде:

... Темекі тартқан адам түнімен күркілдеп жөтеліп шығады. Түнде келген ұрылар болса, үй иесі ояу екен деп ойлап, кері қайтады. Көп жөтелген адамның белі бүгіліп, ерте таяқ ұстауға тура келеді. Таяқ ұстаған адамнан ит те жасқанады. Темекіні көп тартқан адам ерте өледі. Мәңгі жас болып өтеді дегенім осы,- деген екен.

Осы жағдаятты талдауға байланысты сендерге мынадай ой тастаймын:

Оқулықпен жұмыс:



2 – ші тапсырманы постер қорғау арқылы орындайық.

«Постер қорғау»:

І – топ: «Организмге зиянды нәрселер көп»
ІІ – топ: «Салауатты өмір салтын ұстанайық!»
ІІІ – топ: «Темекі - денсаулық дұшпаны!»

(Оқушылар 3 жақты дебат құрады. Әрбір топ постерге өз ойларын жазады, өз пікірлерін дәлелдейді, пікірлерін айтуға мүмкіндік беріледі).

Видеоролик көрсетіледі.

Электронды почта:« Темекіден хат»

1 - топқа:
Сәлем досым! Мен сымбатты да әдемімін. Иісім қандай жағымды! Менің әсерімнен рақаттанасың. Менің досым бол, кел, кел!

2 - топқа:
Сәлем досым! Бәрінен де мен күштімін. Ең рақаты, ең тиімдісі мен боламын. Мені шегіп, күш - жігерің артады, көңіл - күйің көтеріледі. Мен сені ешуақытта тастамаймын, адал дос боламын. Кел, менімен дос бол.

3 - топқа:
Сәлем досым! Мені шегіп рақаттан. Көңіл - күйің көтеріліп, өмірің қызық болады. Кел, менімен дос бол. Менімен дос болсаң қайғыруды ұмытасың, жеңілдейсің.

(Әрбір топ кері хат жазады).

Кері байланыс: Оқушылар сабақтан алған әсерлерін ортаға салып, үндеу қабылдайды.

Сергіту сәті: «Спорт – денсаулық кепілі».



Дәптермен жұмыс:

Берілген сөйлемдерді жалғастырып жаз.

1. Мен жүгірумен айналысамын әрі ..............................................
2. Мен төзімді болуға тырысамын, себебі ....................................
3. Сен футбол алаңына барып тұрғанда ......................................
4. Ол жаттығуға аптасына екі рет келеді, сондықтан ..................

Қорытынды: «Кубик» ойыны.


1. Фаст – фуд - дегеніміз не?
2. Есімше дегеніміз не?
3. Есімшенің жасалуы.
4. Есімшенің түрлері.
5. Денсаулық туралы мақал – мәтел.
6. Әр темекі адам өмірін неше минутқа қысқартады?

Мұғалім:

Ұлы ойшыл Сократқа кезінде мынадай сұрақ қойылыпты:
«Адамға өмірде не қымбаттырақ, «байлық па, әлде атақ па?» деп. Сонда Сократ: Байлық та, атақ та, даңқ та адамды шын бақытты ете алмайды. Дені сау кедей, ауру патшадан бақыттырақ» деп жауап берген екен. Яғни адам бақытты болу үшін оған денсаулық керек, ал денсаулықтың кепілі – салауаттылық. «Темекі - денсаулықтың дұшпаны». Салауатты өмір салтын жандарыңа жан серік етіңдер!

Оқушыларды бағалау, мадақтау.

Рефлексия:

Оқушылар өз пікірлерін, алған әсерлерін стикерге жазады.

Үй тапсырмасы:

«Темекі - досың ба, дұшпаның ба?» атты тақырыпта баяндама дайындау.
Скачать методички (классные уроки) для учителей по разным предметам: история, литература, физика. Как провести урок с учеником, вам поможет грамотно составленный план урока. Занятия по математике, литературе, физике, информатике, химии, психологии.
.