Наставник - сайт Открытых уроков. Учителя Казахстана. Образование в Казахстане
.
.
«Әгугай» халық әндер байқауы -

«Әгугай» халық әндер байқауы

Сабақ жоспары | Документы | Қосымша сабақ жоспары Загрузок: 0 | Просмотров: 1473 | Размер: | Автор: гость
. «Әгугай»
халық әндер байқауы

Мақсаты: Оқушыларға халық әнінің басқа әндерден ерекшелігін, адамның жан дүниесіне тигізер әсерін сезіндіру. Ұлттық дәстүріміздің, құндылығымыздың жоғалмауын насихаттау.
Өту барысы:
Тасадан: ( алдарыңызда халық әні «әгугай» , бимен өрнектейтін «гүлшуақ» бишілер тобы)
(екі жүргізуші ортаға шығады)
1-жүргізуші: Мөлдір Инабат, байқау басталып кеткен бе? Мен кешігіп қалдым ба не?
2-жүргізуші: Инабат: «Жоқ, Мөлдір апа ән байқауымыздың тақырыбы «әгугай» болғандықтан «әгугай» халық әнімен ашып жатқаным ғой, сіз де дәл уақытында келдіңіз»
1-жүргізуші: Өмір ырғақ, нәзік әуен асқақ үн,
Айдын дала аспан күн!
Ғұмыры жоқ ырғақтардан басқаның!
Ей, адамзат бас әуенге, қос әнге,
Шырқат биік тіршіліктің дастанын!
Өмір ырғақ, әуеніне ермесең,
Тірлігің – тұл, тас – жаның!
Ғұмыры жоқ ырғақтардан басқаны!
2-жүргізуші: Ырғақты әуенге, сазды әнге толы « Әгугай » атты халық әндері байқауымызға
Екеуі бірге: қош келдіңіздер!
1-жүргізуші: Инабат, байқауымызды бастамас бұрын төрешілерімізді таныстырып өтейік!
2-жүргізуші: Жарайды ендеше бүгінгі байқауымыздың әділ бағасын берер төрешілер,
Мектебіміздің физика пәні мұғалімі 2014-2015 оқу жылында өткен аудандық әскери патриоттық әндер байқауының дипломанты Медеуова Айкөркем Тілепқабылқызы
1-жүргізуші: Мектебіміздің кітапханашысы Құспанова Шағала
2-жүргізуші: Ата-аналар комитетінің төрағасы Гүлбаршын апайымыз
1-жүргізуші мектебіміздің тәлімгері Айгүл Талғатқызы
1-жүргізуші: «Музыкалық әуендер жақсы мінез құлықты, адамның қоғамдық мұраттарын қалыптастыруда елеулі рөл атқарады. Музыка мен ән эстетикалық сезімдерді туғызу арқылы адамның өзін-өзі тәрбиелеуіне, бойдағы нашар қасиеттерден арылуына ықпал етеді» - деп жазған екен шығыс философы, ұлы ғұлама ғалым, энциклопедист, музыка зерттеушісі Әбу Насыр әл – Фараби.
2-жүргізуші: Олай болса, осындай жан тебірентер халық әндерінің біріне кезек берейік,
халық әні: «Дедімай-ау» Орындайтын: Сыйлыбекқызы Нұрайна
2-жүргізуші: Музыка әлемі – адамзат мәдениетінің байлығы, мұхиттай шексіз ғажайып дүние. Музыкада адамның асқақ ойлары, арман - мақсаты, ізгі тілектері, қуанышы,қайғы-қасіреті мен әртүрлі сезім иірімдері бейнеленеді. Музыканың адам жан дүниесіне тигізетін әсері орасан, сондықтан оны шынайы ықыласпен қабылдау арқылы ғана түсінуге болады.
1-жүргізуші: халық әні: «Дайдейдау». Орындайтын: мектебіміздің намысын қорғап жүрген 2014-15 оқу жылының аудандық «Ұстазға арналады аяулы әнім» ән байқауының 2орын, ІІІ Қадір әндерін орындаудан 3 орын, «ХІ Делфилік ойындар» өнер марафонының эстрадалық ән кезеңінен 2орын иегері; Болатова Дильназ Қанатқызы
1-жүргізуші: Қаншама ғасырлар бойы жинақталған музыкалық қазына – ұшы қиыры жоқ аса мол мұра. Біз музыка аясында өмір сүреміз. Ол еңбек үстінде де, тұрмыс-тіршілігімізде де, саяхат-сапарларда да, түрлі жиын кездесулерде де, мерекелік салтанаттарда да үнемі бізбен
бірге. Жер бетінде қандайда бір музыкасыз ғұмыр кешетін адам болуы мүмкін емес. Олай болса балалар, музыка біздің өмірлік жан серігіміз.
2-жүргізуші: Мөлдір апа осы сіз де былтырғы оқу жылында аудандық «Делфилік ойындар » атты өнер марафонында халық әндері бөлімінен жүлделі қайтып едіңізғой сондай бір әдемі халық әндеріңіз болса бізге де орындап берсеңіз деп едім.
1-жүргізуші: Ия ол кезде мен Жаңағы Нұрайна орындаған «Дедімай-ау » әнін айтқан болатынмын ал қазір сіздерге «Көзіңнің мөлдірін-ай » әнін орындап берейін қабыл алыңыздар.
1-жүргізуші: Бүгінгі таңда жастар үшін жарқын әуенді жеңіл музыка аса қажет. Жас адамның көңілін көтеріп билегісі келетіні анық, Осындайда ескертетін бір жай, көңілденудің жөні осы екен деп, құр даңғырлаған даңғаза музыкасымақтарға әуестенудің ешбір пайдасы жоқтығын білген дұрыс. Ондай әндер мен музыкалар адамды жеңілдікке, ұшқалақтыққа әкеліп соқтыруы мүмкін. Бір кезек байыптылықпен әдемі – әуезді тыңдап көрелікші, жанымыз бір жадырап, көңіліміз жайланып қалары анық.
2-жүргізуші: Мөлдір апа осы сенің айтып тұрғандарыңның растығына көз жеткізу үшін халық әні «Айқарагөзді» тыңдап көрейікші, олай болса, ән: «Айқарагөз» орындайтын: Сыйлыбек Нұрзат
1-жүргізуші: Әлемдік музыка қорына әр халық, әр ұлт өзіне тән өрнекпен өлшеусіз үлес қосып келеді. Әр халқтың музыкасының өзіне тән ерекшеліктері болады. Музыканың шынайылығы мен өміршеңдігі де сол халықтылығында. Соның бірі қазақтың халық әніне айналған Орыс қызы Марияның әні «Дударайым» орындайтын Сагидуллина Фарида
2- жүргізуші: Мөлдір апа бұл әнді бастамас бұрын әннің шығу тарихын тыңдап көрейікші.
(жарайды, аудиозапис )
1-жүргізуші: Балалар, қандай әсер алдыңдар?
Міне сондықтан да музыканы үлкен талғаммен, сауатты түрде талдап, тыңдай білу керек. Адамды рухани рақаттандыратын, жанын жадыратып, сезімін, ойын қозғайтын, шынайы көркем шығармаларды тыңдау, үйрену – үлкен өнер.
2-жүргізуші: халық әні: «Бипыл » орындайтын Дауылбайқызы Лаура
1-жүргізуші: Өнер халық тарихының шежіресі. Қазақ халқының басынан өткен қилы замандар, тіршілігі мен тағдыры, салт дәстүрі өмір сүрген ортасы мен әдет – ғұрыптары, ұлттық өнері арқылы ұрпақтан ұрпаққа жалғасып, тарих арнасына айналды. Соның бірі Қазақ хандығының 550 жылдығына орай айта кететін әннің бірі «Ақтабан шұбырынды, алқакөл сұлама » уақытында халықтың ащы зарынан пайда болған ән «Елім-ай» әні.
2-жүргізуші: Халық термесі «Сүгірдің термесі» орындайтын Нұрлыбаева Аружан
Ақан серінің әні: «Ләйлім шырақ». Орындайтын Сәбитова Сәуле
Халық әні: «Ақбұлақ » орындайтын Темірханқызы Альбина
Халық әні. «Шашбаулым» орындайтын Нұрлыбаев Сұлтан бимен өрнектейтін «Күншуақ » бишілер тобы
Халық әні: «Қоғалы ай» орындайтын Нұрболатов Әли бимен өрнектейтін «Асыл kz» тобы
2-жүргізуші:
Бір жансыз, мойнында бар екі құлақ,
Ойнайды дәл үстінде он шақты лақ.
Белінде сегіз белбеу екі арқаны
Ұстап алып тұрады ойламай ақ
Бар екен маңдайында жалғыз көзі
Болады күнде жиын мұның өзі
Айтыңдаршы балалар бұл қай аспап?............................
Дұрыс таптыңдар балалар ендеше ендігі орындалатын әніміздің аты да « әгугай домбыра »
1-жүргізуші: Қортындылау сөз кезегін әділқазылар алқасына береміз.
2-жүргізуші: Құрметті қатысушылар сіздерді жүлделі жеңістеріңізбен құттықтаймыз.
Екеуі бірге Көңіл қойып тыңдағандарыңызға көп-көп рахмет.

« Үшағаш негізгі орта мектебі »
коммуналлдық мемлекеттік мекемесі

« ӘГУГАЙ »


Халық әндер байқауы

Ұйымдастырған: музыка пәні мұғалімі
Назипа Губайдуллина


2015 жыл
Скачать методички (классные уроки) для учителей по разным предметам: история, литература, физика. Как провести урок с учеником, вам поможет грамотно составленный план урока. Занятия по математике, литературе, физике, информатике, химии, психологии.
.