.
.
Турдалиева Назия Ратбекқызы, Ломоносов атындағы мектеп-гимназиясы бастауыш сынып мұғалімі, ОҚО Түлкібас ауданы І дыбысы мен әрпі
Сабақ жоспары | Документы | Қосымша сабақ жоспары Загрузок: 0 | Просмотров: 2685 | Размер: | Автор: гостьСабақтың тақырыбы: І дыбысы мен әрпі
Сабақтың мақсаты: Оқушыларға І дыбысы мен әрпін таныстыру, сөздік қорларын молайту.
Күтілетін нәтиже: І дыбысы мен әрпі мен танысады, сөздік қоры молаяды.
Дерексөздер: Оқулық, электронды оқулық, кеспе әріптер, буындар, кесте.
Сабақтың түрі: Жаңа сабақ
Сабақтың әдісі: Ой қозғау, топтастыру, тізбектей оқу, миға шабуыл.
Уақыт Мұғалімнің іс-әрекеті Оқушының іс-әрекеті
5 мин 1. Оқушыларды түгендеу
2. Оқу- құралдарын даярлау
3. Оқушылардың назарын сабаққа аудару
4. Үлкенге де сіз
Кішіге де сіз
Сәлембердік сіздерге
Құрметпенен біз. Кезекші оқушы мұғаліммен бойланысады.
Оқушылар хормен қимылмен көрсетеді.
10 мин
Өткен сабақты пысықтау
1. «Сөз ойла» ойынын жүргізу
• Ж дыбысынан келетін сөздерді айту
• Ж дыбысынан келетін сөздерді буынға бөлу.
• Ж дыбысын оқыту 4-5 оқушыға
2. Сұрақ – жауап алу. Ой қозғау:
• Дыбыс деген не ?
• Әріп деген не?
• Дыбыстар нешеге бөлінеді ?
• Ж дыбысы қандай дыбыс ?
Ойынға қатынасады.
Әр топ өз тапсырмаларын орындап, дайын екендігін шапалақ ұру арқылы білдіреді.
3 мин
Сергіту сәтін жүргізу «Қамажай» әніне би жаттығуларын жасайды.
15 мин
2 мин
10 мин
1. Жаңа сабақты жұмбақ шешу арқылы ашу.
Кірпіде бар,
Құста жоқ.
Күлкіде бар,
Мысықта жоқ. ( І )
Кірпі, түлкі сөздерін хормен айту.
2. Оқулықпен жұмыс.
А) Оқулықтың 52 – бетімен жұмыс жүргізу.
Ә) Тізбектеп топпен оқу.
3. Электронды оқулықтан таныстыру
3. Дәптермен жұмыс.
А) жұмыс дәптерінің 11-бетімен жұмыс жасау.
Ә)Дыбыстық талдау жасау.
Сергіту сәтін өткізу.
Сабақты қорытындылау.
1. «Кім шапшаң» ойыны
Буыннан сөз құрау.
Жа, жо, жу, жыл, ша, ор, ман, ға, ас, ла, та, на, сан, қа.
2. «Кім тапқыр» сөзжұмбақ шешу.
1) Нолден кейінгі сан (бір)
2) Сөз құралы (тіл)
3) Ең кіші қыз (сіңіл)
4) Ағаға көмекші (Іні)
Б і р
Т і л
С і ң і л
І н і
3. Шығармашылық жұмыс.
4. Сурет бойынша сөз құрау, сөйлем құрау, әңгімелесу.
Дауысты дыбыс
Тіл арқылы жіңішке
І дауысты
жасалады
Сөздің басында, ортасында,
соңында кездеседі
Жаңа сабақты жұмбақ шешу арқылы ашады.
Мұқият тыңдайды.
Оқулықпен жұмыс жасайды.
Тізбектей оқиды
Дәптеріне көркем сауатты етіп жазады.
І дыбысы бар сөздерге дыбыстық талдау жасайды.
Ойынға қатысады.Жаңа, жылға, орман, орманға жаңаша сөздерін жасайды.
Сөзжұмбақ шешуге белсенділік танытады.
Өз ойларын ортаға салады.
Топтастыру әдісі бойынша І дыбысын топтастыруға қатысады.
5 мин Мадақтау
Үйге тапсырма: оқу 52-53 бет жазу Күнделікті дайындайды жазады.
Скачать методички (классные уроки) для учителей по разным предметам: история, литература, физика. Как провести урок с учеником, вам поможет грамотно составленный план урока. Занятия по математике, литературе, физике, информатике, химии, психологии.
.