Наставник - сайт Открытых уроков. Учителя Казахстана. Образование в Казахстане
.
.
Ибалы адам - иманды қоғам -

Ибалы адам - иманды қоғам

Сабақ жоспары | Документы | Қосымша сабақ жоспары Загрузок: 0 | Просмотров: 1805 | Размер: | Автор: гость
. Тақырыбы: Ибалы адам - иманды қоғам
Сыныбы: 7-ші сынып
Өнегелі сағатымыздың мақсаты: халқымыз ұстанған дін туралы ой қозғау, білім жүйесінде имандылық қағидасына құрылған діннің тәрбиелік мәнін тереңірек ашып, тиімді қолдана білу. Оқушыларды адамгершілікке, имандылыққа, ізеттілікке тәрбиелеу.
Көрнекілігі: нақыл сөздер,
тақырыпқа арналған слайд
І Ұйымдастыру кезеңі
ІІ Иман мен дін- тәрбиенің мәйегі, дамуымыздың демі.
III Қорытынды.
Кітапханашы: Қазақстан Республикасының Президенті Н.Назарбаев «Қазақстан өз дамуындағы жаңа серпіліс жасау қарсаңында» атты Қазақстан халқына Жолдауында егеменді еліміздің әлемдегі бәсекеге қабілетті озық елдердің қатарына кіру стратегиясының басым бағыттарының бірінде «Біз Исламның, басқа да әлемдік және дәстүрлі діндердің озық үрдістерін құрметтеп әрі дамыта отырып, осы заманғы зайырлы мемлекет орнатамыз» деп айрықша атап өткен болатын.
Жүргізуші:Осындай жоғары талаптар тұрғысынан алғанда жастарға діни тәлім-тәрбие беру мәселесі бүгінгі қоғам мен мемлекеттік деңгейде кеңінен қолдау тауып, әлеуметтік, мәдени маңызға ие педагогикаға ғылымның өзекті бір мәселесіне айналып келеді. Иман-адам жүрегінің тазалығы, адамгершілігі, тәубәшілігі. Көптеген ақын-жазушылар, ғұламалар дін турасында өз дәуірінде өз ойларын айтып кеткен. Барша мұсылмандардың діні есептелетін Ислам діні туралы біз бүгін өнеге сағатымызда Абай, Шәкәрім, Мұқағали қөзқарасымызбен танысамыз. Кезінде ағартушы , ақын Абай да имандылыққа баса назар аударып, өзінің қара сөздерінде оған айрықша орын берген. Отыз алтыншы қара сөзіне көңіл аударсақ.
1-оқушы: Абай «36-шы қара сөзі» Әділбек Сұлтанбек.
Жүргізуші: Қазақ ғұламаларының бірі-Шәкәрім Құдайбердиев те өзінің поэзиялық туындыларында ақиқат жолы Алланың берген шапағатында, риясыз мейірімділігіне, адамдардың ұятында, ақиқат жолы дұрыс дін мен білімде деп ой түйе отырып, өз заманымыздағы теріс уағыз айту мен «шатақ дінге» қарсылық білдіріп, алдамшы діндер Алланы тануға, сүюге кедергі келтіретіндігін ескерткен. Ақынның бұл ойын бүгінгі ислам уағыздарын бұрмалап, қазіргі дін жолында адасып, алданып жүрген кейбір жастарымызға ескерту деп қабылдауға болады. Енді ақынның мына бір өлең жолдарына назар аударсақ.
1-ші оқушы: «Адамдық борышың»
2-ші оқушы: «Терең ойға бойласам»
3-ші оқушы: «Ешбір дін жоқ орныққан»
Жүргізуші: Шәкәрімнің жоғарыда оқылған өлеңдерінен көргеніміздей ақын дінді бұрмалап, адасып жүрген жастарға өнеге боларлықтай біраз нәрсеге тоқталған. Бәріміз білеміз Шәкәрім Меккеге сапар шеккен, діни білімі өте терең, қажы болған. Ол өз өлеңдерінде «Дін- бұл адамдарды дұшпандыққа емес татулыққа шақыратын бірден бір кілті», дейді. Соңғы кездері әсіресі, жоғары сыныптарда оқитын оқушылар арасында темекі шегу, спирттік ішімдіктрді пайдалану, топтасып қылмыстар жасау, өзге мектеп оқушылармен жанжалдасу секілді жаман әдет-дағдылардың орын алатындығы аз айтылып жүрген жоқ. Ал дін адамдарды тазалыққа, жат қылықтардан аулақ болуға шақырып, үндейді. Бұған Шәкәрімнің төмендегі өлеңдерін тыңдағанда көзіміз жетеді.
4-ші оқушы: «Бұл кездегі діндердің бәрі нашар»
5-ші оқушы: «Біреудің мінін кешірсең»
6-шы оқушы: «Иман да, сол дін де сол»
Жүргізуші: Сол сияқты хадис сөздері де тұнып тұрған тәрбие көзі. Хадистердің өн бойында имандылықпен қатар ибалы, өнегелі болу, жасы үлкедерді сыйлап құрметтеу, перзенттік ма махаббат өзек болады. Мысалы «Дін жолында әділ бол, адамдармен өнегелі қатынаста бол», « Жарлының, жолаушының қарнын тойғыз. Оларға жанашыр бол», «Кәсіптің ең жақсысы-өз қолыңмен жасаған нәрсең, алдаусыз жасаған сауда да сол сияқты», «Әуелі анаңа, тағыда анаңа, сонан соң Отаныңа жақсылық жаса», «Ар-ұят дегеніміз-иман», т.с.с хадис сөздері балаларға тек адамгершілік асыл қасиеттерді ғана уағыздайтын өнеге-ғибрат үлгісі.
7-ші оқушы: «Өмір сырын көздесең»
8-ші оқушы: «Тура жолда қайғы тұрмас»
Жүргізуші: Өкінішке орай, қазір Ислам дінін бұрмалап жүрген, экстремистік топтарда жоқ емес. Соны еліткіш жастар санасын жаулап , теріс уағыздар айтып, дінге деген олардың қөзқарастарын өзгертіп жатыр. Қыздарымыздың іштерінде беттерін бүркеп хиджап кигендері де табылып жатыр. Ата-баба зираттарын бұзып жатқан өрескел қателіктерді де көзіміз көрді. Бұл жастарымыздың адасып жүргендігі қазіргі еліміздегі өзекті мәселе екені анық.
9-шы оқушы: «Ойлансын, ұлан болса сөз ұғарлық»
10-шы оқушы: «Ойлаңыз, ақыл-білім қайда болмақ»
Жүргізуші: Бүгінгі біздің мақсатымыз халқымыз ұстанған дін турал ой қозғап , жас және жеке даму ерекшеліктерін ескере отырып имандылық қағидасына құрылған діннің тәрбиелік мүмкіндіктерін тереңірек ашып, тиімді қолдану.
Қазақтың тұңғыш педагогы, баршаны білімге шақырған Ы.Алтынсариннің өзі: «Бір Аллаға сыйынып, кел балалар, оқылық», демеді ме?! Олай болса көп оқиық, балалар. Көп оқысақ, көкірек көзіміз ашылады, адасудан, аулақ боламыз, жат жолға түсуден білікті адам алыс жүреді дегім келеді.
III. Қорытынды.
Скачать методички (классные уроки) для учителей по разным предметам: история, литература, физика. Как провести урок с учеником, вам поможет грамотно составленный план урока. Занятия по математике, литературе, физике, информатике, химии, психологии.
.