Наставник - сайт Открытых уроков. Учителя Казахстана. Образование в Казахстане
.
.
Іі дыбысы мен әрпі. -

Іі дыбысы мен әрпі.

Сабақ жоспары | Документы | Қосымша сабақ жоспары Загрузок: 0 | Просмотров: 1327 | Размер: | Автор: гость
. Алматы облысы
Балқаш ауданы №1Жамбыл атындағы орта мектебінің
бастауыш сынып мұғалімі
Онербекова Аида Бертілеуқызы

Сабақтың тақырыбы: Іі дыбысы мен әрпі.
Сабақтың мақсаты.: а) І дыбысы мен әрпін таныту,ол арқылы берілген сөздерді оқу мен жазуды үйрету.
ә) І дыбысы қатысты жаңа сөздерді білдіру арқылы оқушылардың ой-өрісін,тілін дамыту.
б) Ұқыптылыққа, сауаттылыққа, әдемі жазуға, оқуға тәрбиелеу.
Сабақтың түрі: Жаңа сабақты игеру.
Сабақтың әдісі: Түсіндіру,ой-қозғау,сұрақ-жауап
Пәнаралық байланыс: математика
Сабақтың көрнекілігі: Кесте,і әрпінің баспа,жазба түрі,суреттер, слайд, интерактив тақта
Сабақтың барысы:
І. Ұйымдастыру кезеңі:
Оқушылардың сабаққа әзірліктерін тексеру.Псих-қ трен-г.
Біз,біз біргеміз
Сөгілмесін іргеміз.
Ізденсек бірге бәріміз,
Жетерміз білім шыңына.
2 Өткенді қайталау
• Қорап ішіндегі тырсыл. Балалар не естіп тұрсыңдар?
• Дыбысты не істейміз?
• Әріпті не істейміз?
• Дыбыстан не құралады?
• Буыннан не құралады?
• Сөзден не құралады?
• Сөйлем қалай жазылады?
• Өткен сабақта қандай дыбыстың таңбасымен таныстық?
• І әрпін қандай текшемен белгілейміз? І дыбысы жуан ба, жіңішке ме?
- Үйге не берілді, кім айтады?
1 топ: І әрпіне байланысты жұмбақ айту
2 топ: «Іі әрпі» өлеңін мәнерлеп оқу
3топ: Берілген тірек сөздерін байланыстырып сөздер құрау


ІІІ. Жаңа сабақ
Жұмбақ
Үзсем, үзілмейді,
Терсем, тізілмейді . (Із)

Күшікте бар, Жалғыз таяқ боп тұр,
Мысықта жоқ. Төбесінде доп тұр.
Тиінде бар . Бұл не?
Тиында жоқ, (Іі)
(Іі)

• «Із» деген сөзде бірінші қандай дыбыс естіліп тұр?
• Іі әрпін көрсету. /Баспа түрі және жазба түрі/
- Іі дыбысын 3 рет айтады. Жеке –жеке айтып шығады..

Слайд №1
/әрбір суреттің атауларынан Іі-ны тауып,
буынға бөл, і дыбысы нешінші буында, буынның қай
жерінде тұрғанын айт./

ІҮ. Тақтамен жұмыс Слайд №2
а/ «Кірпі» сөзіне дыбыстық талдау
ә/ Берілген сөзді буынға оқиды

2. Сөздікпен жұмыс
Кірпі- ежик
Ілгіш- вешалка
Түлкі- лиса

3. Семантикалық карта . Слайд №3

Ү. Оқулықпен жұмыс Слайд №4
1. Диалогті тыңда, қайтала.

- Мынау кім? - Мынау кім?
- Бұл – Ілес. – Бұл – Інжу.
- Ілес неше жаста? - Інжу неше жаста?
- Ілес алты жаста. – Інжу жеті жаста


5. «Ой толғаныс» Слайд №5
«Менің құралым»
/Адасқан әріптерді орнына қойып, сол сөзге сөйлем құрайды./
1 топ «Кітап» 2 топ «Дәптер» 3 топ «Парта»
К, т,і,п,а Д,т,ә,п,е,р П,а,т,р,а

6. Дәптермен жұмыс. Қандай әріп керек?

қоң..р алт..
б..р күш..к
Ы с..зғыш ? әр..п і
сег..з жат..р
жас..л жем..с


Сергіту сәті
Жаздық,жаздық бәріміз,
Шаршап қалды қолымыз,
Аз ғана дем алайық
Сосын қайта жазайық.
2. Ойын

«Сөз құра» ойыны

3. Сөйлеп үйрен. Не? сұрағына жауап беру.

Не? Ілгіш.
Мынау не? Мыныу- ілгіш.
Мынау неше ілгіш? Мынау- бір ілгіш

4. Тыңда, қайтала. Неше? Қанша? сұрағына жауап беру.
Төрт ілгіш, алты қыз, екі кірпі, бір әріп, үш түлкі, бес бала.

ҮІ. Қорытындылау
- І – дыбысы қандай дыбыс?
- Мысалдар келтірейік?

Венн диаграммасы Слайд № 7
Ы,І дыбысының ұқастығын,айырмашылығын табу.

ҮІІ. Үйге тапсырма Іі дыбысы мен әрпін оқу, жазу.

ҮІІІ. Бағалау , мадақтау : Оқушыларға сабаққа белсенді қатысқаны үшін мадақтап , бағалау.
Скачать методички (классные уроки) для учителей по разным предметам: история, литература, физика. Как провести урок с учеником, вам поможет грамотно составленный план урока. Занятия по математике, литературе, физике, информатике, химии, психологии.
.