.
.
«Имандылық – инабаттылық айнасы» «Имандылық – инабаттылық айнасы»
Сабақ жоспары | Документы | Қосымша сабақ жоспары Загрузок: 0 | Просмотров: 3203 | Размер: | Автор: гостьИмандылық – адамның қоғамдағы, күнделікті өмірдегі іс-әрекеттерін белгілі-бір қалыпқа түсіретін ішкі рухани реттеуіш қадір-қасиет, адам бойындағы адамгершілік, ізгілік, кісілік белгісі.
Дәстүрлі қазақ қоғамында адамның имандылығына – мінез-құлық жүйесіндегі ерекшеліктеріне көп көңіл бөлінген. Адамның жарық дүниеге келуі, өсуі, ержетуі, тіршілік етуі, қартаюы, ата мен баланың қарым-қатынасы, үлкендік пен кішілік, сыйластық, әдептілік пен арлылық, инабаттылық тәрізді маңызды мәселелер имандылықтың маңызды құрамдас бөлігі ретінде ешқашан да назардан тыс қалмаған. Жастардың үлкендерге құрмет көрсетуі, үлкендердің кішілерге ізет білдіруі өмір сүру салтына айналған. Қоғамда берік қалыптасқан осындай көргенділікпен өмір кешу дағдылары жинала келіп, барша адамгершілік қағидалардың, имандылықтың жазылмаған кодекстерінің қалыптасуына негіз болған. Бойына адамгершілік асыл қасиеттерді жинап өскен жасты “көргенді” деп, жүрегінен нұр, өңінен жылу кетпейтін, әрдайым жақсылық жолын ойлайтын, әр істе әділдік көрсететін адамдарды “иманды” деп атаған. Мұсылмандық дүниетаным бойынша, имандылық иманнан пайда болады. Ал иман – жүректегі нұр, нұрдың сыртқы болмысы, яғни имандылық – Алла тағалаға иман еткен адамға бітетін көркем мінез. Алла жіберген әрбір пайғамбарының міндеті – иман мен имандылыққа уағыздау деп саналған.
25 қараша күні Байқоңыр «Космос» колледжіне «Жәрімбет» мешітінің имамы келіп, мұсылмандардың қасиетті үйі – мешіт екендігін, ол - өтірік айтылмайтын, ақиқат пен шындық жолын тұтынған ең таза пәк жер екендігіне тоқталды.
Сонымен бірге мұсылман дінінің қасиетті кітабы – Құранды насихаттай келе, адам бойындағы жақсы қасиеттерді қалыптастыру жөнінде айтылды. Имам сөзінен колледж студенттері біраз мағлұмат алды. Өздерін толғандырып жүрген ислам дініне байланысты сұрақтар қойып, толық мағлұмат алды.
Қазіргі кезде ел болашағы – жастар, Қазақстанның келешегін көркейтетін білімді ұрпақ деген сөздерді жиі еститін болдық. Әлбетте, қай халықтың да болмасын, мемлекеттік даму стратегиясында жастарға, жас буынға, олардың тәрбиеленіп, ортаға сай озық білім игеріп шығуына баса назар аударылады. Бүгінгідей ақпарат пен техникалық жаңалықтар кезек шарпыған заманда, оқуға, ғылымға, тәжірибеге сүйеніп, бұл салалардағы жетістіктерге иек артқан дұрыс-ақ. Алайда жастардың саналы азамат болып қалыптасуының кілті тек құрғақ білімде тұр деп айтсақ, қатты қателескеніміз. Әрбір азаматтың бойында имандылық қасиеті басым болу керек. Сонда ғана білімді, саналы ұрпақ тәрбиеленері сөзсіз.
Байқоңыр «Космос» колледжінің
кітапханашысы Енсепова А.С
Скачать методички (классные уроки) для учителей по разным предметам: история, литература, физика. Как провести урок с учеником, вам поможет грамотно составленный план урока. Занятия по математике, литературе, физике, информатике, химии, психологии.
.