.
.
Оңтүстік Қазақстан облысы, Бәйдібек ауданы, Шалдар ауылы, «Абай» атындағы жалпы орта мектеп мемлекеттік коммуналдық мекемесі, қазақ тілі мен әдебиеті пәнінің мұғалімі Рысбекова Сәуле Инновациялық – педагогикалық идеялар
Сабақ жоспары | Документы | Қосымша сабақ жоспары Загрузок: 0 | Просмотров: 1740 | Размер: | Автор: гостьИнновациялық – педагогикалық идеялар
Мектепте дамыта оқуды ұйымдастырудың мақсаты – жас ұрпақтың жан-жақты жетілген азаматтық тұлғасын қалыптастыру. Осы орайда әртүрлі әдіс-тәсілдер, кешенді оқыту технологиялары жасалып жатыр. Бірақ, техноло гиялар, әдістер тек сабақтың сыртқы формасын елестетеді. Дамыған, ой- өрісі
кең азаматты қалыптастыруда әдебиет сабағының мәні ерекше. Әдебиет сабағы өзінің құндылықтарын бала жанына жеткізетіндей етіп оқытса, казіргі
кезеңдегі білім беру саласындағы көптеген проблемалар шешілген болар еді.
Көркем шығарманы танытуда жаңа әдістерді пайдалана отырып, оқушылардың өз бетінше ізденуіне, қорытынды жасауына мүмкіндік беретін әдіс-тәсілдер табу қазіргі күні шешімін таппай тұрған мәселесінің бірі 2000 жылдан бастап жалпы білім беретін орта мектептерде «Атамұра» бағдарламасына сай оқулықтар енгізілді. Бағдарламаның көптеген жетістіктері бар екені аян.
Көркем мәтіндер талдау барысында дамыта оқыту әдістеріне сүйенуді қажет етеді. Сондықтан бұл бағдарламаға арналған оқулықтарға алдын – ала жоспарлы талдаулар жасалуға, балаларға тиімді жолдар көрсетуге қажеттілік барын университет қабырғасында өткізілген педпрактика барысында анық байқадық. Кейбір мұғалімдердің сабағына қатысқанда да бұл анық байқалады. Атамұра бағдарламасына сай жазылған оқулыққа көркем мәтіндерді дұрыс талдау жүргізу үшін жүргізілетін жұмыс түрлерін көрсету қазіргі күні мектеп мұғалімдеріне аса зәру жұмыс болып тұр. Мектепте дамыта оқыту ұйымдастыру – қазіргі таңдағы ең қажетті, маңызды, керекті іс демекпіз. Мектепте оқылатын әрбір пәннің жас жеткіншек өмірдегі мән – маңызы ерекше. Соның бірі, баланың ұлттық санасы оятатын, рухани құндылығын игеретін пән - әдебиет пәні. Мұндағы көрсетілген технологиялар – сараланған тапсырмалар. Тақырыптар, жанрлар бойынша жасақталған деңгейлік әдіс-тәсілдер жүйесі дамыта оқыту теориясын жүзеге асыруға мүмкіндік береді. Деңгейіне сай талдау жұмыстарын жүргізу – оқу еңбегінің өнімділігін жоғарлатуды қамтамасыз етеді. Олай болса технологиалық ерекшеліктеріне мейлінше көңіл бере отырып қызығушылықтарын арттырады.
Мұнда білім жүйесіндегі инновация білім мақсатына жаңашылдықты енгізуді көздейді, оқыту мен тәрбиенің жаңа әдісі мен түрлерін, жаңа мазмұнын әзірлеуге, қолданып отырған педагогикалық жүйені тарату мен енгізу.
Ал, қазіргі таңдағы білім стандарты оқытудың жаңа технологияларын, яғни инновацияларды қажет етеді. Мұғалім шеберлігі- оның өткен сабағынан емес, оқушының ол сабақты қалай меңгергендігінен көрініп тұрады. Егер мұғалім дәннің сапалысын ексе, сапалы жемісін алады. Бүгінгі қоғамда барлық нәрсе жан-жақты дамып келуде, соған орай бала санасы да интеграциялануда. Сонда мектеп қабырғасында жүрген балаларға сапалы білім береміз деп компьютерлік жүйелермен жұмыс жасасақ, ол бүкіл рухани байлықтың мол қазынасы жиналған ауыз әдебиетіміздің көркем, тәрбиелі құндылықтары қайда қалмақ. ¬¬¬¬¬¬¬¬¬¬¬¬¬¬¬¬¬¬¬¬¬¬¬¬¬¬¬¬¬¬¬¬¬¬¬¬¬¬¬¬– Ұлт рухы, ұлт санасы ертең қалай болады?
Осындай мәселелерді ескере отырып, білім стандартына сәйкес жұмыс түрлерін, әдіс-тәсілдерін ұсынып жүрген бірнеше озат тәжірбешілер бар.
Инновациялық үрдістің негізі-жаңалықтарды қалыптастыру, қолдану, жүзеге асырудың тұтастық қызметі. Кез-келген жаңа әдіс жекелік, сондай-ақ уақытша жоспарға жатады. Бұл яғни, бір мұғалім үшін табылған жаңа әдіс, жаңалық, басқа мұғалім үшін өтілген материял тәрізді.
Сол себепті әдебиет пәнін оқытуда мұғалімнің инновациялық әрекетке көшуі бірден-бір көкейтесті мәселе деп есептейміз. Өйткені мектепте білім берудің сатылы үрдісі мұғалімнен шығармашылықты, жаңашыл – мұғалім арасында қарама – қайшылық туындайды.
«Инновация – ұжым жұмысына белгілі бір өзгерістер ала келетін әлдебір жаңалықты енгізу процесі. Және де сол жаңалықтар қажеттілікке сайма – сай,
тиесілі тәсілдерді қамти отыра, дәл мерзімінде енгізілуі тиіс» - дей келе, Инновациялық оқытуды енгізуде инновациялық басқарудың қажеттігі туындайды. Инновациялық басқарудың сызба жобасы мынадай болады.
Циклдің әр кезеңінде белгілі бір міндеттер атқарылуы тиіс.
Инноватцияның қай-қайсысы болса да алдыңғыдан айырмасы – жаңалығы мен пайдалылығында болады-деген тұжырымды ұсынамыз.
Бұл сызба қазіргі таңда мұғалімнің таңдауындағы тиісті жолының бірі.
Қазіргі балалар өте зерек, ақылды, сауатты. Сол себепті оларға көркем шығарманы баяндап, мазмұндап қою жеткіліксіз, мұндай тәсіл баланың пәнге деген қызығушылығын жоюы мүмкін.
Олай болса әдебиетті оқыту көркем шығарманы оқудан басталады. Балаға көркем туындыны оқытпай, әдебиеттен білім беру мүмкін емес. Көркем туындыны жай оқып шығу емес, одан алған әсері, туынды оқу-шы жүрегіне, сезіміне әсер етті ме, соны білу мұғалім үшін маңызды мәселе болып табылады.
Міне, осы жайында біраз мәліметтерді жарыққа шығарған, әдебиетті оқытуда біраз тер төккен Ә. Қоңыратбаевтың ұсынған «Липецк» тәжірбиесі қазіргі таңға дейін әрбір мұғалімге айтылған ескерту іспеттес секілді. Ол «Липецк» озаттары өзінің жаңалығын теория жағынан дәлелдемейді, сабақ методикасын негізінен дидактикаға сүйеніп жаңартуды көздейді. Липецк озаттарының принцптері мыналар:
1. Баяндау әдісі азайып, көркем текст бойынша жұмыс істеу көбейсін;
2. Сабақты активтендіру;
3. Көрнекілік әдісі мен жаттығу жұмыстарына көбірек мән беріп сабақпен байланысын арттыру.
Липецк озаттары өткен сабақ пен жаңа сабақтың арасын бөлмеу керек десе, осыны кейбір тәжірбешілер басқаша түсініп, ескі сабақты жаңа сабаққа қосып сұрайды. Ал мұндай пікір таныту әдебиет пәнін оқытудағы өзге пәндерден ерекшелігін дамытатын тұстарын ашық, айқын көрсетеді. Осы тұрғыдан қарасақ, пәнді оқыту сапасын арттыруға қаншалық талап қойылса, әдебиет сабағында көркем мәтінді меңгерту, оны талдай білуге үлкен мән беріп отыр.
Қазіргі таңда түрлі әдіс-тәсілдердің дамуы, оларды иновациялау, сондай-ақ озат тәжірбиешілердің іс-тәжірбиеде жүзеге асырылуы, пән игертудегі мұғалім күші маңызды болса, мұндай инновациялардың топтарын қарастыру өте маңызды іс болмақ.
Сол себепті прозалық көркем шығармаларды талдата отырып, игерту барысында оқулықтарға прозалардың көлемі мен жанр жағынан топтастырып, оны оқытуда инновациялардың тиімділігін қарастырып ұсынғанды жөн көрдік.
Ғылым негізін шәкірттерге терең де тиянақты етіп қабылдату жеңіл-желпі дүние емес. Білімді шәкірт зердесіне жеткізу, оның бойына сіңіру бар да, ал сол алған білімін шәкірттердің дағдысына айналдыру, іс- әрекетінде кәдеге жарата білу, үйрету бар. Ал мұны жүзеге асыру соларға орай әдіс-тәсілдерді меңгеріп, оның сырына терең бойлап білгірлікпен қолдана білмейінше мүмкін емес.
Сондықтан әрбір әдіс – балаға білім беретін құрал. Қазіргі таңда әдіс-тәсілдер көп те, соны тиімді пайдалануда оқулықтар белең алып жатады. Бірақ қандай әдіспен қай тапсырманы болмасын оқушылардың деңгейіне сай етіп пайдалану бүгінгі күннің жемісі.
Пайдаланылған әдебиеттер.
1. Бітібаева Қ «Әдебиетті оқыту әдістемесі» . Алматы, «Рауан», 1997,284 бет
2. Ақшолақов Т «Шығарманың көркем айшықтарын таныту»,1994, 18 бет
3. Қоңыратбаев Ә «Сыныптарда әдебиетті оқытудың методикасы»,1987, 2 бет
4. Наурызбаев Ж Ұлттық мектептің ұлы мұраты. «Ата тілі», 1995,
5. 15 бет
Скачать методички (классные уроки) для учителей по разным предметам: история, литература, физика. Как провести урок с учеником, вам поможет грамотно составленный план урока. Занятия по математике, литературе, физике, информатике, химии, психологии.
.