.
.
ИННОВАЦИЯЛЫҚ ЖАҢА ҮРДІС - ПЕДАГОГИКА ҒЫЛЫМЫНЫҢ ЖЕТІСТІГІ ИННОВАЦИЯЛЫҚ ЖАҢА ҮРДІС - ПЕДАГОГИКА ҒЫЛЫМЫНЫҢ ЖЕТІСТІГІ
Сабақ жоспары | Документы | Қосымша сабақ жоспары Загрузок: 0 | Просмотров: 1691 | Размер: | Автор: гостьТөлеби ауданы, Ленгер қаласы, Алатау жалпы орта мектебінің қазақ тілі мен әдебиеті пәнінің мұғалімі Утепбергенова Назира Амирқызы
Мұғалімнің инновациялық әрекеті дегеніміз не? Педагогтердің басым бөлігі бұл ұғымда екі негізгі құрамды ажыратады: бұл алдынғы әрекетке қарағанда жаңашыл және осы жаңашылдық білім беру сапасын көтеруге бағытталған. Білім беру саласында инновация дегеніміз – білім беру концепциясын, оқу бағдарламаларының мазмұнын, тәрбиелеу және оқыту әдістері мен тәсілдерінін өзгерту мен жаңарту. Білім беру саласындағы инновациялық үрдістердің мәнін түсіну негізінде — педагогиканың екі мәселесі жатыр, ол педагогикалық тәжірибені оқу, жалпылау, тарату және педагогика ғылымының жетістіктерін тәжірибеге енгізу. М.В Клариннің айтуынша «инновация» ұғымы тек қана жаңа жаңашылдықты қалыптастыру және тарату емес, ол осы жаңашылдыққа байланысты іс әрекеттегі, ойлау стиліндегі өзгерістердің қалыптасуы дейді[1]. Қазақстанның білім жүйесінің бүкіл әлемдік кеңістікке интеграциялануының негізінде инновациялық жатыр. Бұл талаптарға гуманистік-бағытталған инновациялық бағытта дамитын білім негізінде алынған, тек мәдени құндылықтарды сіңіретін емес, сонымен бірге дамыта алатын жеке тұлғаның типі алынады. Педагогтің инновациялық әрекеті оның инновациялық потенциалына байланысты, ол келесі параметрлермен өлшенеді: - Жаңа идеяларды қалыптастыратын шығармашылық қабілеті, оларды тәжірибеге енгізе білуі; - Жаңашылдыққа ашық болу; Өзінің іс әрекетін әрі қарай дамытуға дайын болу; - Ақпаратты өңдеуге дайын болу; - Ой өрістері мен пікірлерінің тәуелсіз болуы; - Жан –жақтылық. Тұлғаның осындай типін қалыптастыру инновациялық – білім беру мекемелерінің жаңа типтерінің пайда болуына әкеледі, ол лицейлер, гимназиялар, жеке меншік мектептер, т.б. Мұғалімнің іс әрекетіндегі инновациялық деп мазмұны, мақсаты, іске асыру мерзімдері, мәселелері, инновациялық тәжірибенің нәтижелерін талдайтын әдістері көрсетілген тұтас жүйені айтуға болады. Білім беру жүйесіндегі инновацияны шартты түрде: - жалпы (қазіргі білім берудің ауқымды концепциялары: оптималдандыру, тәжірибелік технологиялар мен гуманистік қағидалар, ақпараттық технологиялар) - жеке (қазіргі білім беру парадигмасымен ұштасып жатқан, тікелей білім беру мекемелеріне енгізілетін авторлық жаңашылдықтар) Инновациялық әдістемелерге оқыту процесін үздіксіз оқыту мәнмәтінінде құрастыру болып табылады, оқушы мұғалім берген материалды тек қана қабылдап қоймай, мұғаліммен бірге белсенді диалогқа түсе отырып оқу процесінде инициативті орын алып, сұрақтарға өздігінен жауап іздеп, тапқан жауабын соңғы деп санамауы керек. Үздіксіз білім беру - жеке тұлғаның білім потенциалының өмір бойы өсуі. Инновациялық білім беруде мамандарды дайындау процесінде ғылым және білім беру компоненті тығыз байланыста болу керек. Оған айқын мысал болып табылатын Назарбаев Университеті. Сонымен жеке тұлғалық шығармашылығы қалыптасқан, өздігінен дами алатын жауапкершілігі дамыған тұлғаны қалыптастыру үшін мектептегі оқыту процесі инновациялық болуы керек. Қазіргі мектептердегі оқушылардың бойындағы функционалды сауаттылық пен өмірге қажетті құзырлылықтар жиынтығын дамытуға басты назар аударылып отыр. Сондықтан әрбір ұстаз жаңа кезең мұғалімінің қызметіне сай болу үшін педагогикалық үрдістің бірізділігін және оқу мен тәрбиенің бір тұтастығын сақтай отырып, оқушының рухани өсуіне жағдай туғыза алатын, жаңалықтарды қабылдауға әзір, өз әрекетіне өзгеріс енгізе алатын, өзгермелі өмірге оқушыны да, өзін де дайындай білетін шығармашыл тұлға болуы тиіс. Қазіргі білім беру жүйесінде қойылатын талаптың басты міндеті – педагог мамандардың кәсіби құзырлылығын қалыптастыру мен біліктілігін үздіксіз арттыруды, ғылыми-әдістемелік қызметтің жаңашылдығын, түрлері мен әдістерін іздестіруді қамтамасыз ету, оны үйлестіре білу болып отыр. Осы мақсатта республикамызда бұрын болмаған, мектеп мұғалімдері біліктілігін арттыру деңгейлік курстарынан өткізілуде. Бағдарламаның басым бөлігі, түрлі тәсілдер қарастырылғанына қарамастан, сындарлы оқыту теориясы негіздерін қамтыған. Бұл теория оқушылардың ойлауын дамыту олардың бұрынғы алған білімдері мен жаңа немесе сыныптағы түрлі дерек көздерінен, мұғалімнен, оқулықтан және достарынан алған білімдерімен астастырыла жүзеге асады деген тұжырымға негізделеді. Сындарлы оқытуға негізделген сабақтар оқушыларға өз білімдері мен ұстанымдары жайында ойланып, сұрақтар қойып, білімін толықтырып, белгілі бір тақырыпты оқып-білу кезеңінде өз түсінігін өзгертуге мүмкіндік береді деп айтылған[3]. Әдіс тәсілдерді әр мұғалім өзінің ізденісі арқылы оқушы қабілетіне, қабылдау деңгейіне қарай іріктеп, қолданылады. Оқушыларға тиімді пайдалыларын жетілдіре түседі.Сыни тұрғыдан ойлау «ойлау туралы ойлану» деп сипатталған. Ол маңызды мәселелерді талқылау және тәжірибені ой елегінен өткізуді қамтиды[3]. Бағдарламаның басым бөлігі, түрлі тәсілдер қарастырылғанына қарамастан, сындарлы оқыту теориясы негіздерін қамтыған. Бұл теория оқушылардың ойлауын дамыту олардың бұрынғы алған білімдері мен жаңа немесе сыныптағы түрлі дерек көздерінен, мұғалімнен, оқулықтан және достарынан алған білімдерімен астастырыла жүзеге асады деген тұжырымға негізделеді. Сындарлы оқытуға негізделген сабақтар оқушыларға өз білімдері мен ұстанымдары жайында ойланып, сұрақтар қойып, білімін толықтырып, белгілі бір тақырыпты оқып-білу кезеңінде өз түсінігін өзгертуге мүмкіндік береді деп айтылған[3]. Әдіс тәсілдерді әр мұғалім өзінің ізденісі арқылы оқушы қабілетіне, қабылдау деңгейіне қарай іріктеп, қолданылады. Бұл бағдарламаның басты мақсаты педагог қызметкерлердің қосымша білім мен дағдылар көлемін алудағы білімдік қажеттіліктерін қанағаттандыру, қазақстандық мұғалімдерге қарқынды өзгеріп жатқан өмір жағдайында үздіксіз кәсіби дамуға дайын болуға көмектесу. Мұғалімдерді оқушылардың бойында өз бетімен білім алу, өзін-өзі реттеу дағдыларын қалыптастыруға, түрлі адамдармен тиімді диалог жүргізе алатын, қазіргі заманда табысты өмір сүруге дайын, сандық технологияларда құзырлылық танытатын белсенді азамат, болашақ маман ретінде қалыптасуға көмектесетін оқу үдерісін ұйымдастыру үшін қажетті біліммен және практикалық дайындықпен қамтамасыз ету. Бұл бағдарлама негізінен жеті модульге сараланған. Сыни тұрғыдан ойлауға үйрету екі мағынада қарастырылады: оқушылардың сыни тұрғыдан ойлауын дамыту және мұғалімдердің сыни тұрғыдан ойлауын дамыту. Оқушыларға қатысты олар жан-жақты ойлап, өз ойларын толықтай жеткізе біледі, ойларын дұрыс болмаса да еркін жеткізе алады, әр оқушы әртүрлі ойларын айту арқылы ортақ бір пікірге келеді. Сын тұрғысынан ойлау – өз алдына сұрақтарға жауап іздеп, жан - жақты пікірлесу, талдау жасап отыру, яғни оқушы санасын сол тақырыпқа байланысты ояту, ой шақыру, ойын жеткізу оны дәлелдей алу. Сонымен қатар қасындағы оқушының пікірін тыңдау, сол пікірлерді салыстыру. Бұл технологияның негізгі ұстанымдар: әлсін – әлі қайталау, міндетті кезеңдік бақылау, тіректерді пайдалану, келіспеушіліктің болмауы, оқушының жетісіктерінің жариялығы, қателерді түзеуге мүмкіншілік жасау, барлық балалар дарынды, табысқа жетуге жағдай жасау, оқытумен тәрбиенің бірлігі. Сын тұрғысынан ойлауды дамыту күрделі процесс болып келеді. Сыни ойлау ақпарат алудан басталып, қаралатын мәселеге байланысты шешім қабылдаудан аяқталады. Сыни ойлау кез – келген жас аралықтарына тән. Сыни ойлау күрделі үрдіс болғандықтан, оқушыға сыни ойлау ортасын жасау қажет. Мұнда әр оқушының ойы шыңдалып, өз даму деңгейіне сай жетістіктерге жетуге болады. Сыни тұрғысынан ойлау қалыптасқан ортада оқушы, нақты мақсат қоюға дағдыланады. Өзіне деген сенімі артады. Оқу процесіне белсенді қатысады. Жолдастарының пікірін сыйлайды. Өзін толғандыратын, проблемалық сұрақтар қоя біледі. Сараптауға, бағалауға дағдыланады. Пәнге деген қызығушылығы артады. Білім сапасын арттырудағы жаңа технологияларды оқып, үйреніп, сараптай келе, мынадай тұжырым жасауға болады: -білім алушылардың білім, білік сапасын арттырудағы жаңа технология түрлері сан алуан, оларды таңдау жэне одан шығатын нәтиже оқытушының кәсіби біліктілігіне тікелей байланысты; - жаңа инновациялык технологияларды енгізу жүйелі әрі мақсатты түрде жүргізілгенде ғана жетістікке жетуге болады; Қазіргі жас ұрпақтың саналы да сапалы білім алуының бірден - бір шарты оқу орындарындағы білім беру процесіне жаңа технологияларды енгізу екендігі сөзсіз түсінікті. Сондықтан ғылыми - техникалық прогрестен қалыспай, жаңа педагогикалық инновацияларды дер кезінде қабылдап, өңдеп, нәтижелі пайдалана білу – әрбір ұстаздың негізгі міндеті болып табылады.
Пайдаланылған әдебиеттер тізімі:
1.Кларин М.В. Инновации в обучении: метафоры и модели: Анализ зарубежного опыта. М., 1997.
2. Сластенин В.А., Подымова Л.С. Педагогика: инновационная деятельность. М., 1997
3. Мұғалімге арналған нұсқаулық. «Назарбаев Зияткерлік мектебі» ДББҰ, 2012
4.«Жеке тұлғаның шығармашылық дарындылығын дамыту жолдары» Е. Т. Акитбаев., 2006ж
Скачать методички (классные уроки) для учителей по разным предметам: история, литература, физика. Как провести урок с учеником, вам поможет грамотно составленный план урока. Занятия по математике, литературе, физике, информатике, химии, психологии.
.