Наставник - сайт Открытых уроков. Учителя Казахстана. Образование в Казахстане
.
.
ИНТЕРБЕЛСЕНДІ ОҚЫТУДЫҢ ТЕОРИЯЛЫҚ ЖӘНЕ МЕТОДОЛГИЯЛЫҚ ТҮСІНІКТЕРІ -

ИНТЕРБЕЛСЕНДІ ОҚЫТУДЫҢ ТЕОРИЯЛЫҚ ЖӘНЕ МЕТОДОЛГИЯЛЫҚ ТҮСІНІКТЕРІ

Сабақ жоспары | Документы | Қосымша сабақ жоспары Загрузок: 0 | Просмотров: 2960 | Размер: | Автор: гость
. Оңтүстік Қазақстан облысы
Түркістан қаласы «Майдантал»
жалпы орта мектебінің математика
пәнінің мұғалімі
Кадирова Дана Адилхановна

«Ешбір адамға білім алу мен жетілу жай беріле
салмайды, немесе тек айтумен ғана
іске аспайды. Оған қол жеткізуге
тырысатын әрбір жан соған өз еңбегімен,
өз күшімен ұмытылуы тиіс» Дистервег

ИНТЕРБЕЛСЕНДІ ОҚЫТУДЫҢ ТЕОРИЯЛЫҚ ЖӘНЕ МЕТОДОЛГИЯЛЫҚ ТҮСІНІКТЕРІ
1.«Интербелсенді оқу немесе оқыту» дегеніміз не? Бүгінгі күннің басты ерекшеліктерінің бірі «Қазақстан Республикасның ақпараттық кеңістіктің бәсекеге қабілеттілігін 2006-2009 жылдардағы дамыту тұжырымдамасында» келтіргендей,ақпараттың «ақылға сыймайтын шамадан тыс,оны игеруге адамның биологиялық мүмкіншіліктерінен артық» мөлшерде дамуы.Сол себепті де оқу\оқыту қысқа мерзімде ақпараттың көлемді бөлігін тиімді түрде ұсынатын,сол ақпаратты жоғары деңгейде игеретін және практикада бекіте алатын әдістерді қолдануды талап етеді. Бұл талап білім саласында инновациялық өзгерістерге әкеліп, оқудың\оқытудың негізі ретінде тұлғалақ дамуды қарастырады.Өйткені динамика мен өзгерістерге толы ақпараттық дәуір экономикасы адамның білімді әрі білікті тұлғасына тәуелді,өйткені бұл дәуірдің идеологиялық,әлеуметтік,саяси сұраныстары адамнар келесідей құзырлықтрды талап етеді.
-ақпараттың ішінен өзіне қажеттісін таңдап,оны пайдалану;
-проблемаларды шешу және шешім қабылдау;
-өмірге деген көзқарасын ұстанатын сенімдерін, қажеттіліктерін, құндылықтарын жалпы адами құндылықтармен байланыстыру
Басқаша айтқанда, «интербелсенді» дегеніміз біреумен қоян-қолтық қарым-қатынаста болу,онымен бірлесе әрекет жасау,диалог құру.
Интербелсенді оқыту білім игеру процесін келесідей ұйымдастыруға ынталы:
1)Барлық үйренушілерге бірлескен таным процесіне белсенді араласуға мүмкүндік жасау
2)Әрбір үйренушінің өзінің үйренгені мен өз білімі туралы түсініктерін ортаға салып,бірлесе талқылап, олар туралы ой толғауына мүмкіндік жасау
3)Үйренушілер білімді өздігімен құрастыратын орта құру;
Интербелсенді оқыту – әрекетпен және әрекет арқылы оқыту,ал мұндай ұстаным қомақты нәтижелерге жеткізетін ең тиімді жүйе деп есептелінеді, өйткені адамның жадында бірінші мезетте тек өзінің әрекеттері мен өз қолымен жасағаны ғана қалады.Кезінде көне қытай ғұламасы Конфуций былай деген екен: «Маған айтып берсең-ұмытып қаламын,көрсетсең- есте сақтармын,ал өзіме жасатсаң- үйренермін!»
Интербелсенді оқыту барысында үйренушілер әрдайым белсенді болып,өзіндік пікір қалыптастырып,өз ойларын дұрыс жеткізе білуге,өз көзқарасын дәлелдеуге, пікірталас жүргізуге, басқаларды тыңдауға, өзге пікірді сыйлауға және онымен санасуға үйренеді. Мұндай сабақтарда бір ғана дұрыс жауап блмайды, өйткені басты мәселе дұрыс жауапты табу емес,керісінше жеке тіжірибиесіне негізделген іздену процесінің өзі болып табылады.
Интербелсенді оқыту келесі жұмыс түрлері мен әрекеттері арқылы жүзеге асырылады.
-бірлескен жұмыстар (топтық,жұптық, бүкіл сынып)
- жеке және бірлескен зерттеу жұмыстары
-рөлдік және іскерлік ойындар
-пікір таластар
-шығармашылық жұмыстар
-тренингтер
-сауалнама
2.Дәстүрлі оқыту мен интербелсенді оқудың айырмашылықтары

Параметрлер Дәстүрлі білім беру(білімді жинақтауға негізделеді) Интербелсенді оқыту (білімді өздігімен игеруге негізделеді)
Негізгі мазмұны Оқыту,үйрету,білім беру Оқу, үйрену,білім алу
Негізгі мақсаты Адамдардың күнделікті болмысқа бейімделуі, «біліктілік» тұжырым бойынша білім,білік, дағды «беру» Күнделікті болмысты адам мұқтаждарына сәйкес түбегейлі өзгерту, «құзырлылық» тұжырымы бойынша құзырлардың қалыптасуына тиімді орта мен жағдай жасау
Субъект мұғалім Оқушы мен мұғалім
Объект Оқушы Бүкіл әлем,бүкіл өмір
Әдістемелік ұстаным Білім дайын күйінде беріледі,шығармашылыққа жол берілмейді Білімді күмінданып қабылдау;бұл ұстаным диалогтық қарым-қатынас ,сыни көзқарас
Әдістемелік тәсілдер Монолог,қысым жасау,жасандылық Диалог, пікірталас

Интербелсенді оқуды жүзеге асырудың негізгі шарттары мен ережелері
1.Интербелсенді оқудың шарттары
Интербелсенді оқу дәстүрлі оқытудың негізгі идеялары мен ұстанымдары болып келген авторитарлық пен үстемдікті,үйретушінің мызғымас беделін,моногты демократиялық коммуникациямен алмастырады
Іскерлік пен ытымақтастыққа,үйренушілердің мүдделері мен қызығушылығын ескеріп,өзара сыйласымдылық пен тәуекелділікке,бірлескен іс-әрекеттерге негізделген мұндай қарым-қатынас үйренушілерге саналы және ерікті түрде білім ауқымын айқындап,оқудың нсандары мен әдістерін өздігімен таңдау мүмкіншілігін нығайтады.Сол себепті бұл технологияда келесі шарттарды міндетті түрде қадағалау керек.
- Жағымды психологиялық орта орнату керек
- Үйренушілерде білім игеруге деген қызығушылықты тудыру
- Сәттілікке бағыттау
- Білім игеру процесін коммуникативтік процесс деп түсініп,бірлескен әрекеттерді қолдану
1.1.Жағымды психологиялық орта орнату
Сынып ішінде тұлғаның жан-жақты дамуы,бірлескен өнімді ірі тиімді жұмыс жасауына қолайлы тұлға аралық қатынастар мен жағдайлар жасалады.Жағымды психологиялық климат топ құрамына кіретін үйренушілердің еркіндігін меңзейді.Бұл еркіндік өзара сыйласымдылық, жолдастық,бір-біріне бейімделу және бөтен пікір мен көзқарастарды жағымды тұрғыдан қабылдау мен оларды түсінуге деген ұмтылыстан,оларға төзе білуден тұрады.Мұндай орта педагогтардың негізгі ұмтылысына айналады: «Білім берудің басты мақсаты- ешкімге ұқсамайтын дербестігі, рухани әлемі, шығармашылық потенциалы бар адамның қалыптасу мен дамуы үшін орта құру» (С.Мирсеитова, 2008.5)
Үйренушілер тек осындай жағдайда ғана ү.йрену процесі тиімді сипат алатындығын түсінуі керек.Жағымды психологиялық климат құру- әр сабақтың және жалпылама алғанда бүкіл білім игеру процесінің басты мақсаты
1.2. Мотивация тудыру немесе қызығушылықты ояту.
Үйренуге деген ықылас- ынтасы, ниеті мен зауқы болмаса,оқу нәтижесінің мардымды болуы екі талай. Француз жазушысы Анатоль Франс кезінде «Тамақ тек зор тәбетпен ішкенде ғана сіңеді» деген екен.Оқу мотивациясы дегеніміз де осы сияқты білімге,білуге деген «тәбет».
Мотивация – әр үйренушінің білімге деген қажеттілігі мен мұқтаждығы, құлшынысы мен ұмтылысы, оның білім процесінде алдына қойған мақсат мүдделері. Қызығушылықты ояту арқылы үйренушілерді келесідей әрекеттерге баулуға болады:
1.Үйренушілер өздерінің бұрынғы жеке білімін айқындайды
2.Талқыланатын тақырыпты кең ауқымды контексте қарастырады
3.Үйренушілер белсенді болады
4.Үйренушілер ізденіс, зерттеу және талдауға негізделген шығармашылық жұмыстарға жұмылдырылады.
Интербелсенді сабақтың құрылымы
1.Неліктен сабақ үш кезеңнен тұрады?
Жаңашыл жобалардың басым көпшілігі ұстанған сабақтың үш кезеңін былайша суреттеуге болады:
1) Бірінші кезеңде үйренушілер өздерінің бұрыны білетіндерін естеріне түсіру арқылы білім үйренуге белсенділендіріледі.Мұнда олар «танымдық тепе-теңсіздік» жағдайында болып, жаңа білімге деген қызығушылықтары пайда болады
2) Екінші кезеңде үйренушілер дербес тұрғыдан танымдық әрекеттер атқарады. Ж.Пиаже «Балалар әрекет жасамай сөйлегенде бірін- бірі түсіне ме?» деген сұраққа «Баланың ойын түсіндіру үшін,оның әрекеттерінен бастау керек» деп жауап береді
3)Үшінші кезеңде үйренушілер үйренгені жайлы ой толғайды,оларды талқылайды,осы әрекеттер арқылы ол жаңа түсініктер құрады: «Ой тәжірбиесінің сан қилы жақтарын ой елегінен өткізе отырып, бала жол-жөнекей бір анықтаманы екінші анықтамамен алмастыратын фактілерді ашып,сол арқылы өзінің алғашқы ойларына өзгертулер енгізеді»
Қорыта айтқанда менде сабақта интер белсенді әдісті қолдану арқылы білім сапасын көтеруге , оқушылардың сабаққа деген қызығушылығын арттыруға болатындығын, оқу үрдісінде байқадым.

Әдебиеттер тізімі
1. Асхат Әлімов «Интербелсенді әдістерді жоғарғы оқу орындарында қолдану». Алматы, 2009 ж,
2. «Сын тұрғысынан ойлау мен жазуды дамыту жобасы» үшін әзірленген. V- құрал.- Алматы 1998-78 б
3. Қазақстан Республикасының ақпараттық кеңістікт ің бәсекеге қабілеттілігін 2006-2009 жылдарда даму тұжырымдамасы presscenter.kz
4. Жанпейсова М.Модульдік оқыту технологиясы оқушыны дамыту құралы ретінде \аударған Д.А Қайшыбекова\-Алматы, 2002 180б
Скачать методички (классные уроки) для учителей по разным предметам: история, литература, физика. Как провести урок с учеником, вам поможет грамотно составленный план урока. Занятия по математике, литературе, физике, информатике, химии, психологии.
.