.
.
Физика пәні мұғалімі: Исраилова Шахида амановна, Ішкі энергия
Сабақ жоспары | Документы | Қосымша сабақ жоспары Загрузок: 0 | Просмотров: 1437 | Размер: | Автор: гостьТүркістан қаласы
Оңтүстік Қазақстан облысы Ә.Науаи атындағы № 13 мектеп-гимназия
Сынып: 10 «А»
Сабақтың тақырыбы: Ішкі энергия
Сабақтың мақсаты:
а) білімділік: Ойындар мен тапсырмаларды пайдалана отырып жылу мөлшерін есептей білуге, құралдарды қолдана білуге үйрету.
ә) тәрбиелік: Ұжымдық әрекетке, қарым-қатынас жасай білуге, өзіндік жұмысқа, ақпаратты тауып қолдана,пайдалана білуге тәрбиелеу.
б) дамытушылық: Жылу процесін түсіну,сезіну,анализ жасау,ойлау қабілеттерін дамыту
Сабақтың типі: Жаңа білімді меңгерту сабағы
Сабақтың түрі: Саяхат сабағы
Сабақтың әдісі: мұғалімнің баяндамасы, тәжірібилер демонстрациясы, күзету.
Сабақтың көрнекілігі: Компьютер, интерактив тақта, GLX құрылмасы, қағаз ыдыс, спирт жанарғысы, карточкалар, тест сұрақтары.
Сабақтың барысы:
1. Ұйымдастыру кезеңі.
Оқушылардың ынта зейінін сабаққа әзірлеу, сабаққа дайындықтарын тексеру.
2. Үй жұмысын тексеру.
1) Диффузия деп нені түсінесіңдер?
2) Қандай масса мольдік масса деп аталады?
3) Термодинамикалық параметрлерді атаңыз.
4) Температураның абсолюттік нолі неге тең?
5) Қандай процестер изопроцестер деп аталады? Оның түрлері.
6) Универсал газ тұрақтысы дегенде нені түсінесіңдер?
7) Қандай процесс адиабаталық процесс.
8) Қандай қозғалыс Броундық қозғалыс.
9) Авогадро саны нешеге тең?
3. Жаңа сабақ.
1-ші желтоқсан – Тұңғыш Президент күні. Мереке биыл алғаш рет тойланады. Былтыр Парламент 1991 жылдың 1-ші желтоқсанда өткен Тұңғыш Президенттің сайлауына қатысты осындай шешім қабылдаған болатын. Осы орайда өркендеп өскен Қазақстанның әлемдегі бүгінгі орны мен беделін мақтанышпен атап айтуға болады. «Ел - Елбасына тірек, Елбасы – елге қалқан». Бұл – бүгінгінің шындығы. Н.Назарбаев десе – Қазақстан, ал Қазақстан десе Назарбаев ойға оралады деп, халықаралық қауымдастықтың мойындағанынан толық аңғаруға болады. Сонымен қатар, «Қазақстан – бақытты ел, Президенті танымды, халқы қарымды, досы көп ел екенін де мақтан тұтамыз. Ел тарихын тұлғалар жасайды. Тұлға – елдің тұғыры, Тұлға – елдің тұтқасы. Біздің Президентіміз Нұрсұлтан Әбішұлы Назарбаев осындай тұлға!
Біз сіздермен молекулалы – кинетикалық теорияның негіздері яғни, 4-тарауды оқып үйрендік. Өткен тараудың формулаларын еске түсірейік.
Енді біз жаңа «Термодинамика негіздері» 5-тарауды бастаймыз. Денелерді қыздырғанда немесе салқындатқанда оларда өтетін физикалық процестердің жылулық қубылыстар деп аталатынын біз білеміз. Физика тарихында жылулық құбылыстарды термодинамикалық және молекулалы- кинетикалық теория тұрғысынан зерттеу қалыптасты. Ежелгі Грекия философтары жылуды көзге елестетіндей көрсетуге тырысты.
1619 жылы Галилео Галилей жылудың тегін түсіндіруге тырысты. Галилейдің ойынша жылу дегеніміз – барлық денелерге еркін кіре алатын зат. Блек Галилейдің көзқарасын одан әрі дамыта отырып, жылутек теориясын жасады. Жылутек дегеніміз – түсі, иісі және дәмі жоқ салмақсыз сұйық болып табылады. Кейінірек белгілі болғандай, бұл теория дұрыс болмай шықты. Бірақ оны жақтаушылар физика үшін үлкен еңбек етті. Олар жылусыйымдылық түсінігін енгізді, калориметрді ойлап тапты.
Термодинамика дегеніміз – жылулық құбылыстарды заттың ішкі құрылысына назар аудармай, энергетикалық түрлендірулер негізінде зерттейтін физиканың бөлімі.
Термодинамикада тек макроскоптық шамалар ғана қолданылады: температура, көлем, қысым, дененің ішкі энергиясы және т.б.
Барлық макроскоптық денелердің механикалық энергиялармен қатар, денелердің ішкі күйіне тәуелді болатын энергиясы да бар. Бұл энергияны ішкі энергия деп атаған.
Дененің ішкі энергиясы оның барлық микробөлшектерінің сол дененің массалар центріне қатысты хаостық қозғалысының кинетикалық энергиясы мен өзара әрекеттесу, яғни потенциалдық энергиясының қосындысына тең болады.
Демек, ішкі энергия дегеніміз – молекулалардың ілгерілмелі және айналмалы қозғалыстарының кинетикалық энергиясы, олардың өзара әрекеттесуі кезіндегі потенциалдық энергиясы мен молекулалардағы атомдардың тербелмеліқозғалысының энергиясы және атомды түзетін бөлшектердің қозғалыс және өзара әрекеттесу энергиясы.
4. Интернет жаңалықтары.
Мен әр сабақта келесі болатын сабаққа байланысты оқушыларға интернеттен жаңалықтар тауып келуге тапсырма беремін. Енді ішкі энергияға байланысты интернет хабарларын тыңдаймыз.
5. Жаттығу есептері. (GLX құрылмасымен бірге)
6. Тәжірибе.
7. Жаңа сабақты қорытындылау.
8. Оқушыларды бағалау.
9. Үйге тапсырма.
1). Формулаларды қайталау
2). Шығармашылық: жылу құбылыстарын немесе жылу құбылыстарына негізделген механизмдерді білдіретін ойнақы, әзіл түрдегі суреттер салу
3) 5.1 оқып келу 11 жаттығу (1,2)
Скачать методички (классные уроки) для учителей по разным предметам: история, литература, физика. Как провести урок с учеником, вам поможет грамотно составленный план урока. Занятия по математике, литературе, физике, информатике, химии, психологии.
.