.
.
Сабақтың мақсаты: Италия
Сабақ жоспары | Документы | Қосымша сабақ жоспары Загрузок: 0 | Просмотров: 1839 | Размер: | Автор: гостьБілімділік: Оқушыларға мемлекеттің құрамы мен құрылымы, табиғаты мен ресурстары, халқы туралы білімді меңгерту.
Дамытушылық: Оқушылар білімін танымдық әрекеттер арқылы ізденуге, шешімді ойға бағыттау.
Тәрбиелік: Ел мәдениетімен таныса отырып, адамгершілікке, бағалай білуге тәрбиелеу.
Көрнеілігі: Италия картасы, интерактивті тақта, атлас карталары мен жұмыс дәптерлері.
Пәнаралық байланыс: Тарих, әдебиет, этнография.
Сабақтың түрі: Білім мен дағдыны қолдану әдісі.
Сабақтың жүрісі:
І. Ұйымдастыру.
ІІ. Үй тапсырмасын тексеру.
Францияға презентация құру.
Ширату кезеңі: Тест сұрақтары.
1. «Үлкен жетілік» тобы елдеріне кіретін «Орта Еуропа» елдері.
А) Швейцария, Дания Б) Франция, ГФР
Ә) Швеция, Исландия В) Канада, Италия
2. Франция құрамындағы арал.
А) Корсика аралы Б) Греландия аралы
Ә) Британ аралы В) Оркней аралы
3. Ұлыбритания мен Францияны қай бұғаз бөліп тұрады?
А) Ла-Манш бұғазы Б) Беринг бұғазы
Ә) Гибралтар бұғазы В) Па-Де-Кале бұғазы
4. Француздар өз елін не деп атайды?
А) Сыртқы пішін Б) Саксафон
Ә) Гексагон В) Сан қырлы
5. Франция әкімшілік-аумақтық бөлінісі.
А) Провинциялық Б) Федералдық
Ә) Округ В) Департамент
6. «Бокаж» дегеніміз қандай мағына береді?
А) Шөл Б) Батпақ
Ә) Жасанды орман В) Саванна
7. Қоршаған орта мәселелері жөніндегі министрлік қай жылы құрылды?
А) 1958 ж. Б) 1965 ж.
Ә) 1985 ж. В) 1971 ж.
8. Франция халқының діни құрамы.
А) Католиктер Б) Протестанттар
Ә) Православтар В) Мұсылмандар
9. Шіркеу мемлекеттен қай жылы бөлінді?
А) 1903 ж. Б) 1970 ж.
Ә) 1905 ж. В) 1945 ж.
10. Франция халқының неше %-ы қалада тұрады?
А) 25% Б) 74%
Ә) 90% В) 89%
11. Францияның халқы қай салада еңбек етеді?
А) Өнеркәсіпте Б) Құрылыста
Ә) Ауыл шаруашылығында В) Өндірістік еместе
12. Франция қай өнеркәсіп бойынша жетекші орында?
А) Тамақ өнеркәсіп Б) Ауыр өнеркәіп
Ә) Химия өнеркәсіп В) Мата өнеркәсіп
13. Францияда ірімішіктің неше түрі жасалады?
А) 350 түрі Б) 2000 түрі
Ә) 400 түрі В) 500 түрі
14. Францияның оңтүстігінде орналасқан тау.
А) Альпі Б) Пиреней
Ә) Атлас В) Кавказ
15. «Эйфель» мұнарасы қай елде?
А) Германия Б) Италия
Ә) Испания В) Франция
16. Жанна Да Арк қай ұлттың батыры?
А) Ағылшын Б) Италиян
Ә) Француз В) Неміс
17. Париждегі Қазақстанның прима әншісі.
А) Дариға Назарбаева Б) Майра Мұхамедқызы
Ә) Роза Бағланова В) Роза Рымбаева
18. 19-ғасырда қазақтың қай ханшайымы французша таза сөйлеген?
А) Зере ханым Б) Бөрте ханым
Ә) Айғаным ханым В) Айша ханым
19. Орыстың қайсы ақынын «француз» деген
А)В.М.Ломоносов Б) В.Лермонтов
Ә).Горкий В)А.С.Пушкин
20.ЮНЕСКО-дағы Қазақстан елшісі.
А) О.Сүлейменов Б) К.Мәсімов
Ә)Ә.Кекілбаев В) Ғ.Қасымов
21.Францияны қандай орталық дейміз
А) Халықаралық туризм Б) Сауда орталық
Ә) Сән орталығы В )Экология орталық
22. Париж-Бордо аралығындағы жолда экспресс поезд сағатына неше км жылдамдықпен жүреді.
А)250 км Б)350км
Ә) 300км В)400км
23.Ниццада гүлді қай өнеркәсіп үшін өсіреді.
А)Порфюмерия үшін Б)Тоқыма үшін
Ә)Жіп иіру үшін В)Тігін үшін
24.Курорты қалаларды ата
А)Лион,Марсель Б)Бордо,Милль
Ә)Париж,Виши В)Давиль, Ницца
25.БҰҰ-ның Білім,ғылым және мәдениет жөніндегі ұйым,ЮНЕСКО-ның штаб-пәтерлері қай қалада орналасқан
А)Вена Б)Осло
Ә)Париж В) Лондон
ІІІ. Жаңа сабақтың жоспары.
Бұл жоғары дамыған елді “теңіз бен тау елі” деп атайды. Оның келбеті машина жасау, жеңіл өнеркәсіп, шарап өндірісі мен субтропиктік егіншілік анықтап береді. Бұл әлемге атақты музыканттарды, көркемсурет шеберлерін сыйлаған. Шетілдік туризмнен көп пайда түсіреді, жыл сайын 36 млн.-ға жуық туристер келеді. (Италия)
1.Мемелекеттің құрамы мен құрылымы.
2.Табиғаты және табиғат ресурстары.
3.Халқы және мәдениеті.
Италия
Жерінің ауданы – 301,3 мың шаршы км.
Халқы - 58 млн адам.
Астанасы – Рим .
Мемлекеттік құрылымы - парламенттік республика.
Мемлекеттік басшысы - президент.
Үкімет басшысы - премьер-министр.
Заң шығарушы органы - парламент.
Мемлекеттік тілі - итальян тілі.
Ақша бірлігі – еуро.
Италия халқының саны жөнінен Шетелдік Еуропада төртінші орын алады, мұнда 61,3 млн адам тұрады. 1 км-ге 204 адамнан келеді. Халықтың ұлттық құрамы біртектес. Оның 94 %-ы италиялықтар, қалған бөлігін басқа ұлт өкілдері (ретеромандықтар, француздар, албандар, еврейлер, гректер және т.б. құрайды.
Италия туризмі-ререациялық ресурстарға негізделген экономикасының дамуына септігін тигізеді
Италия қоңыржай белдеудің орманды аймағы (Солтүстік) мен субтропиктік белдеуде (Оңтүстік) орналасқан. Жерінің 4/5 бөлігі – тау мен қырат. Ең биік жері – Монблан шыңы (4807 м) Альпі тауында ондаған ірі мұздықтар бар. Альпінің оңтүстігіндегі Падан жазығы Апеннин тауына жалғасады. Оңтүстігінің қиыр шеті – Калабрия тауы. Аралдарының көбі таулы, жанартаулы келеді. Орта және Оңтүстік Италияда жер сілкінісі болып тұрады. Пайдалы қазбалары: тас көмір, лигнит, мұнай, табиғи газ, қорғасын, темір кентасы, күкірт, т.б. Сынап кенінің табиғи қоры жағынан ел дүние жүзінде Испаниядан кейін 2-орында.
Италия-әлемдегі туристер қабылдауы,туристердің келуі бойынша 5-ші ел.
Бір жылда туристерден түскен пайда 10 млрд Ақш доллар. ЖІӨ- 12%.
Қазақстанмен қарым-қатынас жақсы жолға қойылған. Еліміздің Президенті Н.Назарбаев 2 рет (1994; 1998) ресми сапармен Италияда болып қайтты. 1997 жылы Италия Президенті О.Л. Скальфаро Қазақстанда болды. Италия еліміз экономикасындағы шет ел инвесторлары арасында 7-орында. Республикада 12 италиялық фирма өкілдігі, 46 бірлескен компаниялар жұмыс жасайды. Оның ішінде аса ірілері ретінде “Аджип” (Қарашығанақта), “Сайпен”, “Ди Анжели Индейстриз”, т.б. айтуға болады. Екі ел арасында қаржы, мәдениет, оқу-ағарту, туризм салалары бойынша да көптеген келісімдер жасалған. 1999 жылы Рим, Легче, Неаполь қалаларында Қазақстаннан табылған “Алтын адам” экспонатының көрмесі болып өтті.
IV. Жаңа сабақты бекіту.
«Дұрыс-бұрыс» ойыны
1.Италияны астанасы –Ватикан.(Рим)
2.Ел әкімшілік жағынан 20 облыстан тұрады. (94 провинция,20 облыс)
3.Елдің оңтүстік –батысында орналасқан Сицилия,Сардиния аралы бар.
4Мемлекеттік құрылымы жөнінен 1946жылдан бері Президент басқаратын Конституциялық Республика.(Параламенттік Республика)
5.Италия халқының саны бойынша шетелдік Европада төртінші орында.
6.Халқының 94 –ы еврейлер.(италиян)
7.Аса ірі сөнбеген жанартау.(Этна)
8.Рим қаласында ең үлкен мемлекет.(Ергежейлі мемлекет Ватикан)
9. Италияндықтар үшін маңызды рөл,бұл-отбасы.
10.Италиянда апатты су тасқынды өзен Висла ( По өзені)
11.Италияда «мәңгілік қала» атанған қала –Агуста.(Рим)
12.Ғажайып аралдық қала-Венеция
13.Италияның тарихи ескерткіш қалалары әлемге әйгілі.
14.Италияндар тамағы негізінен-күріш.(Макарон, мен жүгері ұны)
15.Венеция қаласы бір-бірімен қамал арқылы жалғасып 118 аралға салынған және онымен 400 көпір арқылы байланысады.
16. Италияндықтар үш нәрсені қатты сүйеді
Футбол,опера,жылдамдығы жоғары автомобиль.
І топ. Картамен жұмыс.
Сәйкестендіру.
1. Таранто қала
2. Этна арал
3. Сицилия теңіз
4. Падан шығанақ
5. Флоренция жазық
6. Арно жанартау
7. Лигурия өзен
ІІ топ. Оқулықпен жұмыс.
Мәтінді толықтыр.
Қайталанбас сұлулығымен туристерді ... карстық үңгірлер, сондай-ақ ... бұлақтар және ... балшықтар қызықтырады. Италияның жер қойнауы .................. бай. Өсімдіктердің түр алуандығы: .............
ІІІ топ. Қажетті сандарды қой.
Халық саны жағынан Италия батыс Еуропада ... орын алады. Халқының орташа тығыздығы-1 шаршы км ... адам. Падан және Лигурия ойпаттарында халықтың тығыздығы 1 шаршы км ... адамнан келеді. Халықтың ... %-ы қалаларда тұрады. Халықтың ... %-ын итальяндықтар құрайды. Халықтың ... %-ы ауыл шаруашылығында, ... %-ы қызмет көрсету саласында, ... %-өнеркәсіпте жұмыс істейді.
V. Қорытынды. Географиялық диктант.
Сұрақтар Жауаптар
1. Италия ауданы- 301,3 млн км2
2. Қандай түбекте орналасқан Апеннин
3. Солтүстіа Альпі тау сілемдері арқылы қай елдермен шектеседі? Франция, Швейцария, Австрия, Словения
4. Италия жағалауын қандай теңіздер шайып жатыр? Лигурия, Тиррен, Ион, Адрия.
5. Италия қай жылы құрылды? 1860 жылы біртұтас мемлекет болды.
6. Қай жылдан бері президент басқаратын республика? 1946 жылдан бері президент басқаратын парламенттік республика.
7. Заң шығарушы орган? Екі палаталы парламент.
8. Ел аумағының бөлінісі? 94 провинция, 20 облыс.
9. Астанасы- Рим
10. Италия халық саны- 58 млн адам.
11. Италия жер бедері- Таулы ел (80%)
12. Аумағында екі кішкентай тәуелсіз ел Сан-Марино, Ватикан
13. Ең ұзын өзені По
14. Жанартаулары Этна (3340), Везувий (1277)
15. Ұлттық құрамы, діні 98 % италияндар, діні католик.
Еуропалық жеміс бағы
Мәңгі көгілдір аспан елі Мәңгілік қала
Христовор Колумб Отаны
Ірі Халықаралық туризм
орталығы
Ең бұлты аз ел
VI. Бағалау.
14-15 жауап үшін: «5»
11-13 дұрыс жауап үшін: «4»
7-10 дұрыс жауап үшін: «3»
6 және одан аз жауап үшін: «2»
VIІ. Үйге тапсырма. 25. Италия. Экономикалық – географиялық жағдайы. Табиғат жағдайлары мен ресурстары. Халқы.(оқу, мазмұндау, конспектілеу). Италияның тарихы және мәдени ескерткіштері деген тақырыпқа хабарлама дайындау.
Скачать методички (классные уроки) для учителей по разным предметам: история, литература, физика. Как провести урок с учеником, вам поможет грамотно составленный план урока. Занятия по математике, литературе, физике, информатике, химии, психологии.
.