.
.
А.А.Асылбаева, «Ботақан» шағын орталығының тәрбиешісі Үй құстары
Сабақ жоспары | Документы | Қосымша сабақ жоспары Загрузок: 0 | Просмотров: 1987 | Размер: | Автор: гостьШығыс Қазақстан облысы, Катонқарағай ауданы, Аққайнар ауылы
Білім беру саласы: «Қатынас»
Бөлімі: Тіл дамыту
Тақырыбы: Үй құстары
Мақсаты: 1) Қанатты жануарлар- құстардың табиғаттағы тіршілігі туралы соның ішінде үй құстары туралы, олардың тіршілігі, дене бітімі, дамып-өсуі туралы түсінік беру. 2) Үй құстарының пайдасы туралы айта отырып, тілін, ой-қиялын, ұштау, дүниетанымын қалыптастыру, құстар әлеміне деген қызығушылығын арттыру, өз ойларын ашық айтуға, еркін сөйлеуге дағдыландыру. 3) Табиғаттың жаршысы- құстарды қорғауға, олар туралы білімдерін кеңейтуге, үй құстарын асырай білуге тәрбиелеу.
Балалар,бүгін бізге көп қонақ келді. Қонақтармен амандасып алайық.
Біз әдепті баламыз,
Айтқан тілді аламыз.
Қонаққа келсе апайлар,
Иіліп сәлем береміз.
М.Әлімбаевтың «Шөжелерім» әнін тыңдау.
Құстар және олардың пайдасы туралы әңгімелеу. Құстар- жан-жануарлардың ең көп және маңызды тобы. Олар мекен ету орнына қарай үй және дала құстары болып бөлінеді. Үй құстарына: әтеш, тауық, қаз, үйрек, күркетауық жатады. Тауық баласы: шөже, қаз баласы: ақүрпек, үйрек баласы: шүрегей және күркетауық балапаны. Үй құстарын үйде күтіп баптайды. Олардың еті, сорпасы, жұмыртқасының адам ағзасына өте пайдалы. Мамық жүнінен жастық, көрпеше, күртешелер тігіледі. Адамдар үй құстарына жем, су беріп, қора дайындап, қамқорлық жасайды.
Сергіту сәті:
Тауық тары жинапты Тары теру қимылын жасайды
Оны ешкімге қимапты. Қолдарын айқастыру
Бөтекесін толтырып,
Қамбасына құймапты. Бүйірлерін ұстау
Қыста тауық қақылдап,
Тары іздеп жүр тақылдап Басын шайқау.
Тауық сияқты дыбыс шығару
Тауыққа ұқсап жүру.
Ал, балалар, сиқырлы сандықтан тағы бір дыбыстар шығатын сияқты. Балалар, біз үй құстарын ұмытып кетіппіз. Үй құстарына да көмектесуіміз керек. Сиқырлы сандықтың бізге берген тапсырмасы тақпақтар айтып, үй құстарын құтқаруымыз керек.
— Көмектесеміз бе, балалар?
Ұлан: Жақын түгіл маңайды,
Оятудан талмайды.
Төбелеске келгенде,
Алдына жан салмайды.
Альмир: .Шығып ауыл шетіне,
Жайылады бетімен.
Қызықтырар ол бізді,
Жұмыртқамен, етімен.
-Өте жақсы, балалар, біз бүгін сиқырлы сандықтан үй құстарын құтқардық. Сендерге рахмет айтып жатыр.
Жұмбақ шешу:
. Ақ сарайын талқандап,
Шықты біреу талтаңдап.
2. Күн бата қонақтап қалқыған,
Таң ата жерден жем аңдыған.
3. Басы тарақ, құйрығы орақ.
4. Кеудесі қайқаңдап,
Жүреді байпаңдап.
5. Айдалада ақ отау,
Аузы – мұрны жоқ отау.
Жапсыру жұмысын орындайды. (топтық жұмыс)
Балалар көрші үйдің балапандары тауықтан адасып қалыпты, қане, балапандарды
тауып анасының қасына апарып жапсырайық.Балалар сары кішкентай балапандарды тауып , анасының жанына апарып жапсырады.
Дидактикалық ойын. Не қалай дыбыстайды?
Ал, біз бүгін үй құстары туралы әңгімеледік. Кім айтады үйде қандай құстар тіршілік етеді?
Мынау тауық ол көлемі жағынан кішілеу, үсті толы қауырсын, бас бөлігінде екі көзі, тұмсығы, айдары бар, кеуде бөлігінде екі қанаты бар, бірақ көп биікке ұша алмайды, мынау екі аяғы, ол қыт - қыт деп дауыстайды.
Мынау әтеш, оның құрлысы да тауықпен бірдей болып келеді, ол ку - ка - ре - ку деп дауыстайды.
Мынау үйрек ол кря - кря деп дауыстайды.
Мынау қаз ол өте маңғаз, жай жүреді кря - кря деп дауыстайды. Мынау балапан ол өте мамық әрі жұмсақ болады, түсі сап - сары болады.
Қорытынды.
Шеңберге жиналып Р.Өтегеновтың “Құстар” өлеңін хормен айтады.
Қоныңдар, құстар қоныңдар,
Бәріңе төрден орын бар,
Қанатты барлық достарға,
Балалар қамқор болыңдар!
Балалар әуенге сай қимыл жасап жүріп, билейді.
Күтілетін нәтиже:
Білу керек: Балалар үй құстары туралы олардың пайдасын және қажеттілігін біледі.
Меңгеру керек: үй құстары туралы жұмбақ, жаңылтпаш, тақпақтар біледі.
Үйрену керек: Үй құстарына қамқорлық көрсетуді үйренеді.
Скачать методички (классные уроки) для учителей по разным предметам: история, литература, физика. Как провести урок с учеником, вам поможет грамотно составленный план урока. Занятия по математике, литературе, физике, информатике, химии, психологии.
.