Наставник - сайт Открытых уроков. Учителя Казахстана. Образование в Казахстане
.
.
Үй құстары -

Үй құстары

Сабақ жоспары | Документы | Қосымша сабақ жоспары Загрузок: 0 | Просмотров: 1295 | Размер: | Автор: гость
. Атырау облысы, Индер ауданы, Көктоғай ауылы
Б.Нысанбаев атындағы орта мектебінің
мектепке дейінгі шағын орталық тәрбиешісі
Конирбаева Бибигул Тулегеновна
Білім саласы: Қатынас.
Білім көздері: Көркем әдебиет.
Оқу іс-әрекетінің тақырыбы: Үй құстары. Ақ тауық.
Мақсаты: Үй құстары туралы түсінік беру.
Білімділік мақсаты: Үй құстарының тіршілігі және олардың пайдасы туралы мағлұмат беру.
Дамытушылық мақсаты: Қоршаған ортаға қызығушылығын арттыру.
Тәрбиелік мақсаты: Құстарға деген сүйіспеншілікке, қамқорлыққа тәрбиелеу.
Жылулық шеңбері:
Ақ тауық-ай, ақ тауық.
Ақ тауық неден қақсауық
Ертеменне қыт-қыттайды,
Ауламыздан шықпайды.
«Шеп-шеп» десем келмейді.
Берген жемді жемейді.
«Не, қалай дауыстайды?» дидактикалық ойыны.
Торғай шырылдайды, қарға қарқылдайды, әтеш шақырады.
Тауық қыт-қыттайды, қаз қаңқылдайды, тырна тырулайды.
Жұмбақ.
Басында айдары, иекте сақалы бар. (әтеш)
Табаны бейне алақан, мынау қандай балапан? (үйрек)
Алшаң-алшаң басады, бірін-бірі көрсе қаңқылдасады. (қаз)
Ұжымдық жұмыс: «Әтеш».
Балалар үш топқа бөлініп, тәрбиешінің көрсетуімен үлкен қатырма қағаз бетіне әтештің бейнесін түрлі –түсті қағаздарды жұлмалап жұлу әдісі арқылы жапсырады; Iтоп-әтештің бейнесін жапсырады; II топ- күн, бұлтты жасайды; III топ - шөпті қиып жапсырады. Аяқталған жұмыстарын қорытындылап, жұмысты көрнекі орынға іліп қояды.
«Ұшты-ұшты» ойыны.
-Ұшты-ұшты қаз ұшты! (Қол көтеріледі)
-Ұшты-ұшты саз ұшты! (Қол көтерілмейді)
-Ұшты-ұшты үйрек ұшты!
-Ұшты-ұшты бүйрек ұшты!
Қателескен бала өз өнерін көрсетеді, жаңылыспаған ойыншы жеңеді.
Әңгімелесу «Үй құстары» сурет боынша
-Балалар, сендер қандай үй құстарын білесіңдер? (тауық, қаз, үйрек , әтеш, т.с.с)
-Неліктен, бұл құстарды «үй құстары» дейміз?
-Үй құстарының адамға қандай пайдасы бар? Үй құстарын қалай баптап күту керек?
-Үй құстарының еті, сорпасы, жұмыртқасының адам ағзасына пайдасы туралы түсіндіру. Қандай тағам түрлеріне қолданатынын айтып беру.
Сергіту сәті:
Тауық тары жинапты.
Оны ешкімге қимапты.
Бөтекесін толтырып,
Қамқасына құмапты
Қыста тауық қаңқылдап,
Тары іздеп жүр тақылдап.
Жаңылтпаш.
Үйір-үйір үйректі, үйірге кім үйретті?
Үйір-үйір үйректі, үйірге өзім үйреттім.
«Шұбар тауық» ертегісі.

Баяғыда бір атай мен әжей күнін әзер көріпті, екеуінің жалғыз шұбар тауығы болыпты. Тауығы жұмыртқа тауыпты, анау-мынау жұмыртқа емес, өзі алтын жұмыртқа екен. Атай ұрып-ұрып, әлгі жұмыртқаны жара алмапты. Тышқан ерсілі-қарсылы зырлап бағыпты, құйрығын бұлғап қалыпты, жұмыртқа жерге түсіп кетіпті, түбіне сол жетіпті.
Кемпір мен шал жылапты, тауық сонда жұбатты:
-Жыламашы, аташым! Мұнаймашы, әжешім! Жұмыртқа тауып беремін.Алтын емес жылтылдақ, ас боларын-керегін!
«Біз не білдік»
Қаз, тауық, әтеш, үйрек-үй құстарына жатады.
Үй құстарының өзіндік ерекшелігі бар.
Үй құстарына қамқор болуымыз керек.
Жылулық шеңбері
Тиіспе қаз, тауыққа, тентектікті қойыңдар!
Араздық жоқ араңда, тату-тәтті болыңдар!
Скачать методички (классные уроки) для учителей по разным предметам: история, литература, физика. Как провести урок с учеником, вам поможет грамотно составленный план урока. Занятия по математике, литературе, физике, информатике, химии, психологии.
.