.
.
Атырау облысы, Индер ауданы Үй жануарлары
Сабақ жоспары | Документы | Қосымша сабақ жоспары Загрузок: 0 | Просмотров: 1788 | Размер: | Автор: гостьБ. Нысанбаев атындағы орта
мектебінің «Шағын орталық»
тәрбиешісі Камбалова Альбина
Оқу іс-әрекетінің тақырыбы: «Үй жануарлары» Білім көзі: Қатынас «Тіл дамыту»
Оқу іс-әрекетінің мақсаты: Үй жануарлары және олардың адамға пайдасы түсінік
беру.
Білімділік мақсаты: Балаларды үй жануарларымен таныстырып, олардың
аттарын дұрыс атап, төлдерінің дыбыстарын ажырата
білуге үйрету.
Дамытушылық мақсаты: Сөздік қорын молайту, тілдің белсенділік қызметін
арттыру.
Тәрбиелік мақсаты: Үй жануарларына қамқорлық жасай білуге тәрбиелеу.
Оқу іс-әрекетінің түрі: Ойын түрінде
Пәнаралық байланыс: Көркем әдебиет, құрастыру, музыка
Көрнекіліктер: Интерактивті тақта, қима қағаздар, үй және жабайы
жануарлар суреті, шар, жалау, сандықша т.б.
Сабақтың барысы:
I Ұйымдастыру
Жылулық шеңбері
Мені анам «құлыным» –дейді , Мені анам «құлыншағым» –дейді
Мені анам «боташым» –дейді, Мені анам «ботамқаным» –дейді
Мені анам «бұзауым» –дейді, Мені анам «лағым» –дейді
Мені анам «шырағым» –дейді, Мені анам «қозым» –дейді
Мені анам «қошақаным» –дейді, Мені анам «бұзауқаным» –дейді
Мені анам «күшігім» –дейді, Мені анам «торайым» –дейді
Мені анам «құлыншағым» –дейді, Мені анам «мысығым »–дейді
Ал шынында біз кімбіз? Біз шағын топ балаларымыз.
«Міне, балалар! Бізді аналарымыз үй жануарларының сүйкімді төлдерінің атымен
еркелетеді екен . Олай болса біздер қандай шеңбер құрдық?
-Жылулық шеңбері
Балалар, «Амандасу - адамгершіліктің, әдептіліктің баспалдағы»
сондықтан да, алдымен қонақтармен амандасып алайық.
Қайырлы таң Алтын күн!
Қайырлы таң Көк аспан!
Қайырлы таң Жер-Ана!
Қайырлы таң достарым!
Қайырлы таң қонақтар!
Қайырлы таң ұстаздар!
Кел, балалар күлейік,
Көңілденіп жүрейік.
Балдырғанбыз демейік,
Білім сырын білейік.
Жақсы балалар рахмет өте жақсы.
Ал, бәріміз тақтаға қарайық нелердің суретін көріп тұрмыз?
-Үй жануарлары
-Олай балса бүгінгі ұйымдастырылған оқу іс-әрекетіміздің тақырыбы үй жануарлары.
Бүгінгі оқу іс-әрекетіміздің барлығы ойын түрінде болмақ.
Балалар үй жануарларына қандай жануарлар жатады екен?
Барлығын төлдерімен атайықшы.
1-ойын: Ендігі ойынымыз «Не қалай дыбыстайды»
Бәріміз шыққан дауысты тыңдау арқылы ұй жануарларын анықтау.
-Ой, жарайсыңдар бәрің де дұрыс таптыңдар рахмет!
Ал, балалар бәріміз шаршадық па?
-Олай болса бәріміз орнымыздан тұрып, тақтадағы сергіту сәтін дәл солай қайталап орындайық.
-Балалар ұнады ма?
-Шаршағанымыз басылды ма?
-Барлығымыз орнымызға отырайық.
2-ойын: Құрастыру
Мен сіздерге карточкалар таратып беремін. Осы карточкалардың ішінде үй жануарларының қиындысы бар, сіздер карточканың сыртындағы суретке қарап құрастыруларыңыз керек.
-Өте жақсы рахмет!
-Балалар назарымызды тақтаға аударайық.
-Бәріміз қошақан жайлы өлең білеміз бе?
-Олай бәріміз хормен айтайық.
-Рахмет!
3- ойын: «Төлін тап»
Барлығымыз мына жерлерде жүрген үй жануарларын қарайық бұл жануарлар төлдерінен адасып қалыпты, сол төлдерін мамасына қосуымыз керек. Бір-бірлеп шығып мамасын табуға көмектесейік.
-Өте жақсы бүгінгі ұйымдастырылға оқу іс- әрекетімізге жақсы қатынасып отырсыңдар рахмет!
Тақтаға назар аударайық
«Ғажайыпстанға саяхат» мултихикаясы жүреді.
- Сонда жылқы қандай жануарға жатады екен?
-Үй жануарларына
-дұрыс айтасыңдар, рахмет!
4-ойын: «Мекеніне апар»
Ойынның шарты: Менің қолымда сандықша бар, сандықшаның ішінде үй жануарлары мен дала жануарлары салынған .
Жануарларды тиісті мекеніне апаруымыз керек.
Рахмет балалар!
- Балалар біздер үй жануарлары туралы көп мағлұмат алдық.
-Енді үй жануарларының бізге қандай пайдасы бар?
-Бір-бірлеп үй жануарларының суреті шығу арқылы пайдасын айту.
Үй жануарларының адам өміріне маңызы өте зор. Жесе – тамақ, мінсе – көлік,
жүнінен, терісінен киімдер аламыз. Сондықтан адамдар оларға аса қамқорлықпен
қарайды. Қыста жылы қорада ұстап, жем-шөп, су беріп асырайды.
«Біз не білдік?»
Бүгінгі сабақта біз не білдік? Неге үй жануары деп айтады? Ал үй жануарларың күту
қажет па? Қалай?
*Үй жануарлары адамның көмегін қажет етеді.
*Төлдерін ажырата білдік.
*Үй жануарларының пайдасын білдік.
Олай болса бәріміз шаттық шеңберінне тұрып « Ботақан мен бұзауқан» өлеңін
айтайық.
Тіктеп титтей құлағын, ботам былай жүреді.
Сыртылдатып тұяғын, бұзау оған ереді .
Алға созып мойынын, Ойнақтайды ботақан.
Көкке қарай мұрынын, шүйіреді бұзауқан.
Балалар, сабақ ұнады ма? Несімен ұнады? Қай жерлері түсініксіз болды? Керемет,
балалар, не деген ақылдысыңдар! Бәріңе бүгінгі оқу іс-әрекетіне белсенді
қатыстыңдарың үшін үй жануарлары өздерінің өнімдерін беріп жіберіпті, ауыз тиіңдер
жарайсыңдар, рахмет!
Осымен бүгінгі оқу іс-әрекетіміз аяқталды сіздерге көп-көп рахмет!
Оқу іс-әрекетімізге қатынасып отырған ұстаз апайларға сөз кезегі берілдеді.
Оқу іс-әрекеті қорытындыланады.
Скачать методички (классные уроки) для учителей по разным предметам: история, литература, физика. Как провести урок с учеником, вам поможет грамотно составленный план урока. Занятия по математике, литературе, физике, информатике, химии, психологии.
.