Наставник - сайт Открытых уроков. Учителя Казахстана. Образование в Казахстане
.
.
Ядролық реакциялар. -

Ядролық реакциялар.

Сабақ жоспары | Документы | Қосымша сабақ жоспары Загрузок: 0 | Просмотров: 3246 | Размер: | Автор: гость
. Қаражанова Майра Татубайқызы,
Т.Әлімқұлов атындағы №14 мектеп интернат – лицейі химия пәнінің мұғалімі
ОҚО, Созақ ауданы
Сабақтың тақырыбы: Ядролық реакциялар.

Сабақтың мақсаты:
Атом құрылысы, атом ядросы, изотоптар жайлы алған білімдерін нақтылау. Ядролық реакциялар туралы мағлұмат беру.
Ядролық реакция теңдеулерін жаза білу дағдыларын қалыптастыру.
Пәнге қызығушылығын арттыру, қоршаған ортаны қорғауға шығармашылық қабілеттерін дамытуға, өзін-өзі бағалауға тәрбиелеу.
Сабақ типі: Интербелсенді сабақ
Сабақ әдісі:Сұрақ-жауап, ізденіс, проблемалық
Сабақтың педагогикалық технологиясы: Ж.А.Қараевтың «Оқытудың үшөлшемді әдістемелік жүйесі»

Сабақтың құрылымы

1. «Ой-толғаныс» кезеңі
(Теориялық білімдерді еске түсіру)
Жаңа тақырыпты меңгеруге дайындық ретінде өткенді пысықтау
2. «Ой шақыру» кезеңі
1. Жаңа тақырыпты өз бетінше меңгерту
2. Нәтижесін оқушы-мұғалім бірігіп талқылау
3. Жаңа тақырып бойынша алынған теориялық білімді практика жүзінде пысықтау

3. «Ойлы болсаң – шауып көр» кезеңі
1. Деңгейлік тапсырмаларды орындау
2. Сыныпта орындалған деңгейлік тапсырмалар бойынша бағалау

Атом ядросының басқа ядромен, элементар бөлшектермен өзара әсерлесуі кезінде болатын түрленулер ядролық реакциялар деп аталады. Ядролық реакциялар теңдеулерінде сол жақтағы бөлшектердің зарядтары мен массаларына тең болады. Ядролық реакция атқылаушы бөлшектің әсерінен жүзге асырылады.
Ядролық реакция а + А → В + b
Мұндағы А-бастапқы немесе нысана ядро, а-атқылаушы бөлшек, В-туынды ядро, b-ядродан бөлінетін бөлшек.
Тұңғыш ядролық реакцияны, α – бөлшектермен азот ядросын атқылағанда оның оттегі ядросына түрленуін 1919 жылы Э.Резерфорд жүзеге асырған.
немесе
Азот оттек азот гелий оттек сутек

Ядролардың өз бетімен түрленіп, альфа, бета және басқа да бөлшектер мен сәулелерді шығарылуын олардың радиоактивті ыдарауы деп атайды.
1886 жылы француз ғалымы А.Бекерель табиғи радиоактивтік құбылысты ашқан. 1898 жылы М.Склодовская-Кюри мен П.Кюри торий элементінің өздігінен сәуле шығаруын ашты. Өздігінен сәуле шығаратын химиялық элементті радтоактивті деп, ал сәуле шығару процесін радиоактивтік деп атауын М.Кюри ұсынған. Радиоактивтік латынның «radio» - сәуле шығару, «actives» - әрекетті деген сөздерінен алынған. Жүргізілген зерттеулер Менделеев кестесіндегі қорғасыннан кейінгі ауыр элементтердің ядроларының бәрінде табиғи радиоактивтік бар екенін көрсетті.
Табиғи радиоактивтік ыдырау төрт түрлі жолмен жүреді.
(α – ыдырау,ß- – ыдырау, ß+ – ыдырау) электрон қосып алу. α – ыдырау кезінде бастапқы элементтің ядросы α – бөлшегін немесе гелий ядросын бөліп шығарып заряды екіге кем элементке айналады.

Табиғи радиоактивтік α – ыдыраудың жалпы формуласы

,



Радий радон гелий



Торий гелий радий

ß--ыдырау кезінде бастапқы элементтің ядросындағы бір нейтрон протонға айналу нәтижесінде бөліп шығарады да, ядро заряды бірге артық элементке айналады.
Табиғи радиоактивтік ß--ыдыраудың жалпы формуласы





Висмут полоний


Нептуний плутоний

ß+-ыдырау бастапқы элементтің ядросындағы бір протон нейтронға айналу нәтижесінде позитрон ( массасы электрон массаына тең, заряды электрон зарядындай, бірақ таңбасы қарама-қарсы) бөліп шығарады да, ядро заряды бірге кем элементке айналады.

Табиғи радтоактивтік ß+-ыдыраудың жалпы формуласы



Fe
Кобальт темір

Ыдыраудың электрон қосып алу түрінде бастапқы элементтің ядросы оған жақын жатқан орбитаьдан өзіне бір электрон қосып алып, ядро заряды бірге кем элементке айналады.

Табиғи радиоактивтік электрон қосып алу ыдырауының
жалпы формуласы



r

Калий аргон
r +hʋ
Калий аргон
Ядролық реакция кезінде, Жер бетінде табиғи күйінде кездеспейтін, радиоактивті элементтер түзіледі. Ядролық реакция нәтижесінде алынған изотоптпрдың радиоактивті болуын 1934 жылы француз физиктері Ирен және Фридрик Жолио-Кюрилер ашқан. Олар бұл құбылысты жасанды радиоактивтік деп атады. Бір элементтің ядросын қарапайым бөлшектермен немесе жеңіл ядролармен атқылау арқылы басқа элементке айналдыруды жасанды радиоактивтік дейді.
Жасанды радиоактивтіліктіің ашылуы мына ядролық реакцияның көмегімен жүзеге асырылған:
n
Мұндағы «*» белгісі радтоактивті изотоп екенін көрсетеді. Элементтердің ядроларын атқылау үшін α – бөлшектері, протондар, дейтрондар ( сутек изотопы ), нейтрондар және көп зарядты иондар қолданылады.







Қолданылуы





«Кім жылдам»
1. Элемент атомы құрамына қандай қарапайым бөлшектер кіреді?
2. Периодтық жүйені пайдаланып, элемент атомы құрамындағы мына бөлшектердің: а) протон, ә) нейтрон, б) электрон сандарын қалай табуға болады?
3. Периодтық жүйедегі деректерге сүйеніп: а) натрий; ә) фосфор; б) хром атомдары ядроларына қанша протоннан және нейтроннан бар екенін табыңдар.
4. Элементтің салыстармалы атомдық массасы 32-ге тең атомына ядросында 16 нейтрон бар. Периодтық жүйеге қарамай элементтің реттік нөмерін табыңдар.
5. Мына элементтердің: және атомдарының ядролары қанша протон мен нейтроннан тұратынын табыңыз.
6. Мына изотоптардың: а) мен ә) пен ядро құрамдары қандай болады?
7. Атом ядросында 30 нейтроны және энергиялық деңгейлерінде 25 электроны бар қай элемент және оның ядро заряды қаншаға тең болады.
8. Бір элементтің изотопының атом ядросында нейтрондар болады.
Осы элементті атаңдар.
«Кім тапқыр»
1. Ядролық реакциялар дегеніміз не?
2. Ядролық реакциялардың химиялық реакциялардан айырмашылығы қандай?
3. Табиғи және жасанды радиоактивті ыдырау дегеніміз не?
4. α – ыдырау дегеніміз не?
5. ß- – ыдырау дегеніміз не?
6. ß+– ыдырау дегеніміз не?
7. Ядроға электрон қосып алу дегеніміз не?
8. Радиоизотоптар дегеніміз не?
9. Радиациялық сәулелер қай жерде және қандай мақсатта қолданылады?

«Сәйкесін тап»

1 Ядроның құрамына
кіретін оң зарядты бөлшектер.
а) Z (реттік санына)
2 Кез келген элемент атомының
ядросындағы протондар саны сол элементтің Менделеев кестесіндегі ... тең.
ә) протондар
3 Ядродағы протондар мен нейтрондардың жалпы саны.
б) ядролық физика
4 Атом ядросының құрылысы қасиеттерін зерттейтін физиканың бір саласы.
в) А (массалық сан)

Деңгейлік тапсырмалар
Репродуктивтік деңгей
1. ядросының құрамы қандай ?
2. Құрамы 79 р +118n болатын ядроны анықтаңдар?
3. Уранның изотопының ɑ - ыдырауы кезінде қандай ядро пайда болады?

Алгоритмдік деңгей
Теңдеулерді аяқтап, типін анықтау

1.

2.

3.

4.

Эвристикалық деңгей
Логикалық есеп
1. Бор ядроларын протондармен атқылағанда бериллидің ядросы пайда болады. Реакция теңдеуін жаз.
2. Массасы 226 радийді жабық түтікте ұстағанда, бірнеше күнен кейін радон газы мен гелий пайда болған. Бұдан қандай қорытынды шығаруға болады.

БАҒАЛАУ

Деңгей Ұпай бал баға
І 5 11-12 5
ІІ 4 8-10 4
ІІІ 3 4-6 3
Скачать методички (классные уроки) для учителей по разным предметам: история, литература, физика. Как провести урок с учеником, вам поможет грамотно составленный план урока. Занятия по математике, литературе, физике, информатике, химии, психологии.
.