Үйкеліс күші. Техникада үйкеліс әрекетін ескеру.
Сабақ жоспары | Документы | Қосымша сабақ жоспары Загрузок: 0 | Просмотров: 2664 | Размер: | Автор: ПубликаторҚызылорда облысы Жаңақорған ауданы Қожакент ауылы
№ 184 негізгі мектебі
Физика пәнінің мұғалімі
Маханова Айдана Рысбекқызы
Сыныбы: 7-сынып
Сабақтың тақырыбы: Үйкеліс күші. Техникада үйкеліс әрекетін ескеру.
Сабақтың мақсаты:
Білімділік: Оқушыларға үйкеліс күшінің қандай күш екенін, оның пайда болу себептері мен түрлерін, оның табиғат заңдарындағы маңызын өмірмен байланыстырып түсіндіру.
Дамытушылық: Менгерген теориялық білімдерін, есеп шығауда қолдана білуге дағдыландыру.
Тәрбиелік: Жауапкершілікке, өз білімдерін бағалай білуге тәрбиелеу.
Сабақтың типі: Жаңа сабақты меңгерту
Сабақтың түрі: Аралас сабақ
Сабақтың әдіс-тәсілі: Жигсо, сұрақ-жауап, өзін өзі бағалау
Пәнаралық байланыс:
Сабақтың техникалық құралы, көрнекілігі:
Сабақтың барысы: І Ұйымдастыру кезеңі. (3мин)
Топқа бөлу. Жеке бағалау бланкасын тарату
| 
  Үй тапсырамсы  | 
 
  Жаңа тақырып  | 
 
  Қорытынды  | 
 
| 
  1.Жұптық жұмыс 
 
  | 
 
  1.Топтық жұмыс  | 
 
  
  | 
 
| 
  2.Жеке жұмыс 
 
  | 
 
  2.Эксперименттік тапсырма  | 
 
  
  | 
 
| 
  
  | 
 
  3.Жұптық жұмыс 
  | 
 
  
  | 
 
| 
  
  | 
 
  4.Жеке жұмыс 
  | 
 
  
  | 
 
ІІ Үй тапсырмасын пысықтау:
А) Жұптық жұмыс: Мына кестені толтырыңыз. (3-минут)
Нұржанның салмағы 70 кг. Жер шарын саяхаттау барысында оған әсер етуші ауырлық күшін есептеңіз.
| 
  Жердің орны  | 
 
  g,Н/кг  | 
 
  F,Н  | 
 
| 
  Мәскеу  | 
 
  9,82  | 
 
  
  | 
 
| 
  Токио  | 
 
  9,79  | 
 
  
  | 
 
| 
  Рим  | 
 
  9,80  | 
 
  
  | 
 
| 
  Бразилия  | 
 
  9,81  | 
 
  
  | 
 
| 
  Куба  | 
 
  9,78  | 
 
  
  | 
 
Б) Жеке жұмыс (3-мин)
1. Дененің салмағы деп_____________________________________________
2. Дене салмағы мен ауырлық күші арасындағы айырмашылық______________________________________________________
3. Дене салмақсыздық күйге түскенде, оның тартылу күші жойыла ма?_____________________________________________________________
ІІІ Жаңа сабақ: 1)Үйкеліс күші көрініс тапқан бейнеролик көрсету.
2) Оқушыларға проблемалық сұрақтар қою (топтық жұмыс 12-мин) Оқушылар оқулық және мұғалім көмегімен орындайды.
І. «Күш» тобына: Үйкеліс күшінің физикалық табиғаты, пайда болу себептері.
Бір дене екінші бір дененің бетімен қозғалған кезде пайда болатын күш Үйкеліс күші деп аталады.
                        Fсерп                                 
ʋ
Fүйк
N
ІІ. «Масса» тобына: Үйкеліс күшін өзгерту тәсілдері мен үйкеліс күшінің түрлері.
| 
  Үйкелісті көбейту жолдары: 1.Құм, тұз себу 2.Кедір- бұдырлықты көбейту 3.Нормаль қысым күшін көбейту  | 
 
| 
  Үйкелісті азайту жолдары: 1.Майлау 2.Домалау үйкелісімен алмастыру 3.Беттерді өңдеу 4.Нормаль қысым күшін азайту 5. Сырлау, лактау 
 
  | 
 
                                                                                                                                                                     
ІІІ. «Үдеу» тобына: Үйкелістің техникадағы және тұрмыстағы пайдасы мен зияны туралы.
| 
  Құрғақ асфальтта-0,6 Құрғақ бетонда-0,95 Қара жолда-0,5  | 
 
| 
  Ылғал асфальтта-0,4 Ылғал бетонда-0,85 Мұздақ жолда-0,15 
  | 
 
Доңғалақтармен жол төсеніштерінің арасындағы үйкеліс коэфиценті.
Эксперименттік тапсырма: (10мин)
І. «Күш» тобына: Домалау үйкеліс күшіне демонстация
ІІ. «Масса» тобына: Сырғанау үйкеліс күшіне
ІІІ. «Үдеу» тобына: Тыныштық үйкеліс күшіне
Сабақты бекіту: Жұптық жұмыс. (5-мин)
Есептер шығару
Қызыл: Жалпы массасы 1т болатын жүгі бар шананы ат мұзбен сүйретіп келеді. Шана табаны мен мұз арасындағы үйкеліс коэфиценті -0,05. Ат арбаны қандай күшпен тартып келеді?
Сары: Массасы 70 кг шкафты орнын жылжыту үшін қандай күш жұмсау керек? Үйкеліс коэфиценті µ=0,3
Жасыл: Массасы 50 кг дене 200Н күштің әрекетінен жазық бетте бірқалыпты қозғалып келеді. Үйкеліс коэфиценті неге тең?
(Бір түсті карточкалар бір- бірімен алмасады, тексереді
Тексеру критерийі: 1.Есептің дұрыс шығарылуы
2.Жазылу ұқыптылығы)
Жеке жұмыс: (3-мин)
Үйкеліс күшінің маңызы туралы эссе жазу. Осы тақырыпта мақал-мәтелдер айту.
Рефлекция: (3-мин) ББҮ кестесін толтыру.
Бағалау: (3-мин)
Үйге тапсырма: Үйкеліс күші. Техникада үйкеліс әрекетін ескеру. 19-жаттығу №5есеп