Наставник - сайт Открытых уроков. Учителя Казахстана. Образование в Казахстане
.
.
Көбелек пен ебелек.  (Мысал) Шона Смаханұлы. -

Көбелек пен ебелек. (Мысал) Шона Смаханұлы.

Сабақ жоспары | Документы | Қосымша сабақ жоспары Загрузок: 0 | Просмотров: 2985 | Размер: | Автор: гость
. Тулежанова Назира Кудайбергеновна, Қ.Сәтбаев №12 жалпы орта мектебінде бастауыш сынып мұғалімі
Түркістан қаласы. ОҚО

Сабақтың тақырыбы: Көбелек пен ебелек. (Мысал) Шона Смаханұлы.

Сабақтың мақсаты:
Білімділік: Мысалдың мазмұнын айтуға, кейіпкерлердің іс- әрекетін рөлге
бөліп оқып, сахналауға үйрету.
Дамытушылық: Оқушыларға бағыт-бағдар бере отырып өздіктерінен
жұмыс істеу, ой- өрісін дамыту, өзіндік талдау, жинақтау
жасау, өз ойын әдеби тілмен өрнектей білуге
машықтандыру.
Тәрбиелілік: Оқушыларды мейірімді, тиянақты, адал болуға, адамгершілікке
тәрбиелеу.
Көрнекілігі: Интерактивті тақта, Ш. Смаханұлы суреті, кітапшалары,тест,
ребус,көбелек пен ебелек бейнелері, нақыл сөз, сахна.
Сабақтың түрі: Сахналық сабақ
Сабақтың әдісі: Түсіндіру, сұрақ-жауап, рөлге бөліп сахналау
Сабақтың барысы: Психологиялық дайындық.
Қонды гүлге көбелек,
Гүл жайқалды құлпырды.
Ұстап алып көрем деп,
Күшік гүлге ұмтылды.
Топқа бөлу: Суреттерді құрастыру арқылы топқа бөлу. Топ басшыларын сайлап,олардың міндеттерімен таныстыру.
1топ көбелек
2 топ инелік
3 топ ебелек
ІІ. Үй тапсырмасын тест арқылы тексеру

Ой шақыру. Ребус шешу.
ПЕН ,,, , , ,,,, .
ІІІ. Жаңа сабақ. Көбелек пен ебелек (Мысал) Шона Смаханұлы
Шона Смаханұлы авторымен таныстыру.
а) Мысалды рөлге бөліп, мәнерлеп оқу.
ә) Мазмұнын таныстыру.
б) Өз бетінше оқу
в) 3 топқа рөлге бөліп беріп,оқыту
г) Сахналау
ІҮ. Дәптермен жұмыс. Нақыл сөзді жаздыру
Ү. Шығармашылық жұмыс. Ітоп. Көбелек пен ебелектің суретін салу
ІІ топ.Мысал бойынша көбелекті трек-схема
арқылы сипаттау.
ІІІ топ. Ебелекті трек-схема арқылы сипаттау.

Жүйрік едік Құйын едік

Бірге жүрелік Көбелек Тату-тәтті тұрайық

Ағасың сен Жаға (мен)

Шатсың, көңілдісің Таланттысың


Қанатың бар Ебелек Перісің

Серісің Бір жерге қыстайық

Сабақты қорыту: Білім ағашына стикерлерді ілу.
Қандай мысалмен таныстық?
Неден жиренуіміз керек?
Қандай қорытындыға түйін жасаймыз?
Бағалау : Топ басшыларының бағалаған қорытындысын негізге ала отырып,мұғалім бақылап, бағалайды.

Үйге тапсырма: Көбелек пен ебелек. Мысалды түсініп, рөлге бөліп оқу.
Скачать методички (классные уроки) для учителей по разным предметам: история, литература, физика. Как провести урок с учеником, вам поможет грамотно составленный план урока. Занятия по математике, литературе, физике, информатике, химии, психологии.
.