.
.
БҚО. Жаңақала ауданы Көңілді тапқырлар сайысы
Сабақ жоспары | Документы | Қосымша сабақ жоспары Загрузок: 0 | Просмотров: 2091 | Размер: | Автор: гостьЖаңақала ауылы.
№3 ЖОББҚМ.
Сүндетқалиев Ізбасқан Қаресұлы
Математика пәнінің мұғалімі
Сабақтың тақырыбы: Көңілді тапқырлар сайысы
Сабақтың мақсаты: Оқушылардың логикалық ойлау қабілеттерін,білім,білік дағдыларын дамыта отырып,интеллектуалдық қызығушылығын қалыптастыруда сыныптан тыс өтетін математикалық іс-шаралардың маңызы зор.
Мұндай іс-шаралар оқушылардың шығармашылық бағыта жұмыс жасауына жол ашады.
Ойын ережесі:Әр кезеңнің соңында томен ұпай жинаған 2 оқушы ойынан шығып отырады.Ойының соңында ұпай саны көп оқушы жеңімпаз атанады.
Жоспар
1. “Тапқырлық” кезеңі
2. “Жанды сұрақтар” кезеңі
3. “Білім” кезеңі
4. “Біліктілік” кезеңі
5. Қорытынды.
• Білімнің ұшқырлығын танып сен,
• Асып-тасып,асықпа,қалыспа сен
• Уақыт деген зымырап,зулап жатыр.
• Тапқырлық пен шапшаңдық бұл сайыста керек екен.
• Көңілді тапқырлар атты сайысымыздың
1-кезеңін бастайық.
“Тапқырлар” кезеңі
Бұл кезеңде логикалық сұрақтар қойылады.
Жауап нақты, тез болу керек.
Бағалануы-5 ұпай.
1. Бөлмеде 2 ит, 3 құс, 1 шыбын бар.Осы жануарлардың бәрінің аяқтарын қосып есептегенде қанша болады? (20)
2. Тікбұрышты төртбұрыштың ені 4 см-ге тең, ұзындығы енінен 5 см ұзын. Ауданы неге тең? (36см2)
3. Сыныпта 18 оқушы бар, оның 1/3 бөлігі ұлдар.сыныпта қанша ұл, қанша қыз бар? (6 ұл, 12 қыз)
4. 2 бөлмеде 76 адам болған, олардың біреуінен 30 адам, екіншісінен 40 адам шығып кеткенде бөлмедегі адамдардың саны тең болды. Алғашқыда әр бөлмеде неше адам болған? (33 адам және 43 адам)
5. Қырсық жолаушы: екі қыстақтың арасы 10 шақырым. Қырсық жолаушы күніне 2 шақырым алға жүріп, 1 шақырым кейін қайтады.Жолаушы қыстаққа неше күнде жетеді. (9 күнде)
6. Квадраттың қабырғасы 9 см. Периметрі нешеге тең. (36 см)
Мәңгі бақи есте қалар,
Қызықты бір жиын болсын.
Білімдірек шәкірт озар
Сұрақтары қиын болсын – дей отырып
2 кезеңімізді бастайық
2. “Жанды сұрақтар” кезеңі.
Бұл кезеңде оқушылар интерактивті тақтада көрсетілген кестедегі ұпайларды таңдау арқылы әр пәнге байланысты сұраққа жауап береді.Дұрыс жауап берсе сол ұпай қосылады.
10 ұпайлық сұрақтар.
1. Дене шынықтыру пәнінен сұрақ:
Жеңіл атлетиканың түрлерін ата.
Жүзу, Жүгіру, Секіру, Лақтыру.
2. Физика пәнінен сұрақ:
Мына құрал қалай аталады? Барометр.
3. Қызылорда облысынан шыққан ғалым, физика-математика ғылым докторы, профессор, Қазақстан ҰҒА-ның корреспондент мүшесі.Негізгі ғылыми-зерт- теу еңбектері Ли алгебрасының когомология теориясына арналған. Асқар Жұмаділдаев.
20 ұпайлық сұрақтар.
1. Тарих пәнінен сұрақ: Кенесары Қасымұлы бастаған көтеріліс қай жылдар аралығында болды? 1837 – 1847 жж.
2. Өзін-өзі тану пәнінен сұрақ:
Адамның бойындағы жақсы қасиеттерді атап беріңіз
Адамгершілік, мейірімділік, қайырымдылық, адалдық, кешірімділік.
3. Қазақ тілі пәнінен сұрақ: Құрмалас сөйлем дегеніміз не?
Кемінде екі немесе бірнеше жай сөйлемнен құралып күрделі ойды білдіретін сөйлем.
30 ұпайлық сұрақтар.
1. Информатика пәнінен сұрақ: Компьютердің миы деп нені айтамыз? Процессор.
2. Геометрия пәнінен сұрақ:
Шеңбердің 1/3 бөлігі неше градус 120
3. Фото сұрақ:
Ең алғашқы әйел математик?
ІІІ кезең. Білім кезеңі.
Математикалық жұмбақ
1. 100 мүйізі бар, үстінде киізі бар. (Киіз үй)
2. Қос құлақты, 100 тісті, жүзінен бірақ іс түсті. (Ара)
3. Бүтін сан, бөлшек сандар,
Барлығы да бар онда.
Бұл қандай сан айтыңдаршы,
Оң, теріс сан бәрі осында. (Рационал сандар)
Жарыс заңы ежелден,
Жеңімпазды анықтау.
Жеңімпаз болу шарты сол,
Еңбектену жалықпау – дей отырып, соңғы
4-ші кезең «Біліктілік» кезеңін бастаймыз.
Екі оқушыға геометриялық сұрақ жасырылады.Таңдаған сұрағына дұрыс жауап берсе, 20 ұпай алады.
Сұрақтар:
1. Үшбұрыштың түрлерін ата
2. Төртбұрыштың түрлерін ата.
Қорытынды:
Бүгінгі “Көңілді тапқырлар” сайысының жеңімпазын анықтап, марапаттап, сабағымызды қорытындылаймыз.
№3 орта жалпы білім беретін қазақ мектебі
Көңілді тапқырлар сайысы
Өткізген: Сүндетқалиев І.Қ.
2015 – 2016 оқу жылы
Скачать методички (классные уроки) для учителей по разным предметам: история, литература, физика. Как провести урок с учеником, вам поможет грамотно составленный план урока. Занятия по математике, литературе, физике, информатике, химии, психологии.
.