Наставник - сайт Открытых уроков. Учителя Казахстана. Образование в Казахстане
.
.
Көктем аруы - 2016 -

Көктем аруы - 2016

Сабақ жоспары | Документы | Қосымша сабақ жоспары Загрузок: 0 | Просмотров: 1423 | Размер: | Автор: гость
. Шахтинск қаласы
Ә.Бөкейханов атындағы мектеп -лицей
Бастауыш сынып мұғалімі
А.Т.Когабекова

Тақырыбы: «Көктем аруы - 2016»
Мақсаты: Қыз балалардың жан дүниесіндегі көркемдік талғамын қалыптастыру. Балалардың танымдық және шығармашылық қабілетін, эстетикалық талғамын, шеберлігін дамыту. Көпшілік алдында өзін - өзі ұстай білуге, әдептілікке, мейірімділікке, сұлулыққа тәрбиелеу. Жүргізуші: Құрметті жиналған қауым!
Бүгін біздің мектепте дүбірлі той,
Ден қойып тыңдаңыздар, көңілді қой.
Жырдан шашылсын, күй күмбірлеп,
Қош келдіңіз халайық, сергісін бой.
Бүгінгі «Көктем аруы -2016» атты арулар сайысына қош келдіңіздер.
«Көктем аруы- 2016» байқауын тамашалауға келіп отырған қонақтар, құрметті ақ жаулықты аналар, әжелер, қыз-қызғалдақтар,қадірлі ұстаздар сіздерді қар астынан қылтиып бой көтергенде, көктемнің алғашқы хабаршысы болған,8-наурыз Халықаралық әйелдер мерекесімен құттықтаймыз.
Қыз сыны, қыз өнері, қыз әдебі,
Тал бойына жарасқан күлкі әлемі.
Бір көргенде болмай-ақ сахнада,
Өмірде сақталсыншы ұлт әдебі.
Кімдер жүйрік, өнерпаз білейікші,
Аруы деп мектептің жүрейікші.
Әділқазыларға тек әділдікті,
Ал аруларға сәттілік тілейікші
-Енді ару қыздарымызды ортаға шақырайық.
1.Жақсы адам кімге болсын болар пана,
Мол оның тал бойында ақыл, сана.
Көркіне ақылы сай келетін,
Сыныптас дос, Сабинада ортамызда!
2.Көрікті де, сымбатты,
Айнель біздің әдемі.
Намысын қорғап бүгінде,
Қыз сынына келіпті.
3.Альбина біздің өнерлі,
Көңілді өмір сүреді.
Қыз сынындай сайысқа,
Алып келді өнерін.

4.Өнер қуған жасынан,
Өнері судай тасыған.
Келесі бізде Гүлжанат,
Көрінген күштің басынан.
5.Сабырлы, әрі салмақты,
Өзі өнерлі жан — жақты
Ортада Нұрайлым қыз,
Жарысты бүгін жалғапты.
6.Қыздардың бәрі сұлу салсаң назар,
Бәріде арманына қолын созар.
Арманың орындалсын, Қымбат сенің,
Бұйырса бақыт құсы саған қонар.
7.Сабағын жақсы оқиды,
Көңілге бәрін тоқиды.
Үндемей жүрген Жансая,
Нені ойлап толқиды?
8. Аты өзгеше Даяна Ойы ұшқыр қияда Өзі сондай ақылды Жүзі сондай тартымды.
9. Алдында көп армандары, Шығар биік белесі. Төгеді бар өнерді, Қарсы алайық,ендеше, Айғанымдай сұлуды
10. Аружан келді үлбіреп , Көз жанары мөлдіреп Қол соғып, қарсы алайық, Айдай көркем сұлуды-ай, 11. Мың бұрала билеген , Мерекеде бүгінгі, Әкелген көп сыйлары. Наргиза сұлу не деген!
12. Сабырлы қыз – Айсана, Өн бойында бар талап, Игерген бар өнерді, Өнерінді төк енді.
13. Аруларға біз бүгін тамсанайық, Қыздар деп біз бүгін ән салайық. Келе жатқан Еділқызы Нұрайды, Құрметпен қол соғып, қарсы алайық! Жүргізуші: Шалқытып мерекеде ән салайық,
Өнерпаз өрендерге тамсанайық.
Әділдікпен шындықты арқа тұтқан,
Әділқазы алқасымен танысайық.
Сайысымыздың кезеңдерімен таныс болыңыздар.
1. Өзін -өзі таныстыру.
2. Өз өнерін көрсету
3. Білгенге маржан (сұрақ-жауап)
4. Үй тапсырмасы (үйден бір тағам түрін дайындау, жасалу жолын айту)
5. Киім үлгісін көрсету
I кезең.Таныстыру
Гүл көңілің қуаныштан өрілді,
Жанарыңнан жалын нұры төгілді.
Жыр ұшқындап тұр ғой әне үніңнен,
Көпшілікке таныстыршы өзіңді.
II кезең Өз өнерін көрсету.
Ал, кімнің өнері бар қаншалықты,
Би билеп, ал біреулер ән салыпты.
Бүгінгі қыз сынынан бәйге алуға
Арулар аянбай-ақ жан салыпты.
III кезең. Білгенге маржан (сұрақ-жауап)
Жас ару жас ғұмырдың талғамысың ,
Қуантқан әрбір үйдің арманысың.
Дәл бүгін қанат қомдап, сыналарда,
Сан сұрақтан сүрінбей, самғап ұшқын. 1. Жыл мезгілін ата. 2. 8- наурыз қандай мереке? 3. Сен атаң мен әжеңе кім боласың? 4. Бүгін қай күн? 5. Мұғалімнің аты-жөні кім? 6. Сыныпта неше бала бар? 7. Ата- анаң сені қалай ерекелетеді? 8. 1 аптада неше күн бар? 9. Бұзаудың енесін ата. 10. Дыбыс нешеге бөлінеді? 11. Абай Құанбаев кім? 12. Н. Назарбаев кім? 13. Орыс тілінен беретін мұғалімді ата.

IV кезең. Үй тапсырмасы (үйден бір тағам түрін дайындау)
Ал,халайық ықыласпен демейік,
Арулардан тағам түрін көрейік.
Дәмі менен шеберлігіне қарап біз,
Әділдікпен бағаларын берейік.

V кезең. Киім үлгісін көрсету
Сымбатына сән киім жарасатын,
Аспандағы айменен таласатын.
Өнеріне сәні сай келіп тұрған,
Аруларға қызығып қарасатын.

Жүргізуші: Сіздер бүгінгі аруларымыздың өнерлі екендерін байқадыңыздар. Енді әділқазылар алқасына сөз берейік./Марапаттау/
Жүргізуші: «Қыз –ұлттың жаны» демекші,ата-аналардың аяулысы, құрбы-құрдастарыңыздың қадірлісі мен қымбаттысы , даламыздың гүлі, өміріміздің сәні бола беріңіздер.
Өнеріміз сайыста,
Жетелейді алысқа .
Бүгінгі күннің жеңісі,
Достық болып қалуда.
Баршаңызды наурыз мерекесімен құттықтай отырып, құт –береке тілей отырып, сайысымызды аяқтаймыз.
Скачать методички (классные уроки) для учителей по разным предметам: история, литература, физика. Как провести урок с учеником, вам поможет грамотно составленный план урока. Занятия по математике, литературе, физике, информатике, химии, психологии.
.