Наставник - сайт Открытых уроков. Учителя Казахстана. Образование в Казахстане
.
.
Көктемде. Мезгіл үстеу -

Көктемде. Мезгіл үстеу

Сабақ жоспары | Документы | Қосымша сабақ жоспары Загрузок: 0 | Просмотров: 1674 | Размер: | Автор: гость
. Шымкент қаласы, №30 О.Жандосов атындағы жалпы орта мектеп, қазақ тілі мен әдебиеті пәнінің мұғалімі Искакова Гүлмира

Сабақтың тақырыбы: Көктемде. Мезгіл үстеу
Сабақтың мақсаты: 1. Үстеу түрлерін ажырата білуге, сауатты сөйлеу және жазу дағдыларын қалыптастыру.
2. Шағын топтарда тапсырмалар барысында өзіндік жұмыс істеуге, ізденуге баулу.
Оқып үйренудің нәтижесі: Көктем тақырыбында сауатты сөйлейді, жазады, ойларын еркін жеткізеді. Үстеу түрлерін ажырата біледі. Топтық, жұптық жұмысқа бейімделеді, іскерлік дағдылары қалыптасады, шығармашылық ізденіс қабілеттері дамиды.
Оқуда қолданылатын
әдіс-тәсілдер
3. Сергіту сәті «Көтеріңкі көңіл күй», Блум таксономиясы, «Мозайка» әдісі (гүлдер) арқылы топтастыру, «Ұшқыр ой», «Ой қозғау», «Сөйлемдерді аяқта», «Суреттер сөйлейді», «Сөйлемдерді толықтыр», «Семантикалық карта», «Екі жұлдыз, бір тілек».
Модульдің қолданылуы 4. Оқыту мен оқудағы жаңа тәсілдер, сыни тұрғыдан ойлау, оқу үшін бағалау және оқуды бағалау, оқыту мен оқуда АКТ пайдалану, талантты және дарынды баламен жұмыс, оқушы-лардың жас ерекшеліктеріне сәйкес оқыту және оқу, оқытуды басқару және көшбасшылық.
Барлық оқушыларды
сабаққа тарту жұмысы 1. Ынтымақтастық атмосферасын құру, жеке, топтық жұмыс, дәптермен жұмыс, талантты, дарынды баламен жұмыс, СТО тапсырмалары арқылы сабаққа тарту.
Қолданған бағалау түрі 2. ОүБ, бағалау парағы, смайлик арқылы, мадақтау арқылы, топтық бағалау, критерийлер арқылы өзара бірін-бірі бағалау, өзін-өзі бағалау, жиынтық бағалау.
Негізгі дереккөздер Оқулық, АКТ, сурет, қима кеспе, сызбалар, Power Point презентация, постер, бағалау парақша
Сабақ барысында мұғалім мен оқушының іс-әрекеті:
Кезеңдері
Уақыты Мұғалімнің іс-әрекеті Оқушылардың іс-әрекеті Бағалау Әдіс-тәсілдер
Кіріспе бөлімі (10 минут)
Білім
1. Сергіту сәті (3мин).
Ынтымақтастық атмосферасын қалыптастыру.
2. Топқа бөлу (2 мин).
Мозайка әдісімен 3 топқа бөлемін
3. Кері байланыс (5 мин).
Сұрақтар қоя отырып, үй тапсырма- сын пысықтау
Шаттық шеңберін құрып, сәлемдеседі бір-біріне жақсы тілектер айтады.

«Бәйшешек»,«Раушан»,«Қызғалдақ» суретін дұрыс құрастырып, топқа бірігеді

Сұрақтарға жауап береді, ережелерді айтады, үстеулердің түрлерін біледі.

ОүБ

Смайлик
«Көтеріңкі көңіл күй»

«Мозайка»

«Ұшқыр ой»
Жаңа материалдың таныстырылымы (7 минут )
Түсіну
1. «Ой қозғау» (4 мин).
«Жыл мезгілдері» суретін көрсетіп сұрақтар қоямын
2. Power Point пен сабақтың тақыры- бы мен мақсатын таныстыру (3 мин).
Грамматикалық тақырыпты түсіндіру
«Жыл мезгілдері» суреттері арқылы сұрақтарға жауап береді.

Сабақтың тақырыбын табады, мақсатын түсінеді, лексикалық, грамматикалық тақырыпты түсінеді
Мадақтау

«Ой қозғау»

Power Point презентация
Жаңа материалды қолдану
(20 мин)

Қолдану
Оқулықпен жұмыс (3 мин)
1-тапсырма. Сөйлемдерді етістіктермен толықтырыңдар.
Әр топ тірек сызбаларды пайдалана
отырып, көп нүктенің орнына етістіктерді жазады.
Топтық бағалау «
«Сөйлемдерді
аяқта»
2-тапсырма. Әр топ сурет бойынша сыни тұрғыдан ойлана отырып әңгіме құрастырады (8 мин). Сурет бойынша әңгіме құрайды. Топтық жұмыс: 1 топ-«Көктемнің ауа райы»,
2 топ-«Көктемгі еңбек», 3 топ-«Көктемде» Топтық
бағалау «Суреттер сөйлейді»
постер
Талдау
Дәптермен жұмыс (7 мин). 3-тапсырма.
а) Сөйлемдердегі көп нүктелердің орнын үстеулермен толықтырыңдар.
ә)Антоним жұптарын көрсетіңдер
Жеке жұмыс:
а) Сөйлемдердегі көп нүктелердің орнын үстеулермен толықтырады.

ә) Антоним жұптарын көрсетеді
Критерийлер
арқылы
өзара бірін-
бірі бағалау «
«Сөйлемдерді
толықтыр»
Сергіту сәті (2 мин). Көтеріңкі көңіл күймен билейді АКТ
Қорытынды
(3 мин) Синтез (жинақтау, жүйелеу)
«Семантикалық карта» арқылы үстеулердің дұрысын белгілеңдер Жеке жұмыс: кестеге қосу таңбасын белгілей отырып, үстеулердің түрлерін ажыратады. Өзін-өзі бағалау «Семантикалық карта»
Үйге тапсырма (1 мин) «Көктемде» тақырыбына әңгіме жазыңдар
Үй тапсырмасын біледі, түртіп алады АКТ
Бағалау (2 мин) Бағалау
Өздерінің балдарын есептеп, бағалау парақшаларына бағалаңдар
Балдарын есептейді, өзін-өзі бағалайды ОүБ
Жиынтық бағалау Бағалау парақшасы
Рефликсия
(кері байланыс) (2 мин) Сабақтан алған әсерлері мен ұсыныстарын жазу үшін стикерлер тарату Сабақтан алған әсерлері мен ұсыныстарын стикерлерге жазып, сенім ағашына іледі кері байланыс «Екі жұлдыз, бір тілек»
Оқу ісінің меңгерушісі:

Білім
1. Сергіту сәті. «Көтеріңкі көңіл күй» (3мин). Мен оқушыларды көңіл–күйін сабаққа аудару, ынтымақтастық атмосферасын құру мақсатында айналдыра шаттық шеңберіне тұрғызамын.
Мейірімді жүрекпен,
Ақпейілді тілекпен,
Амандасып алайық,
Бір жадырап қалайық! – тақпағын айтып, сол жағында тұрған сыныптасына бүгінгі күнге ізгі тілектерін білдіреді.
2. Топқа бөлу (2 мин). Мозайка әдісімен 3 топқа бөлемін. «Бәйшешек», «Раушан», «Қызғалдақ» гүлдерінің әрқайсысын 4-қиғашқа бөліп араластырып тастаймын. Оқушылар гүлдердің суретін дұрыс құрастырып, 3топқа бірігеді
3. Кері байланыс (5 мин). «Ұшқыр ой» әдісі арқылы үйге берілген тапсырманы сұрақтар қоя отырып пысықтау:
1. Сөздікті, ережелерді жаттау
2. Үстеу дегеніміз не? Қандай сұрақтарға жауап береді? Мағынасына қарай қалай бөлінеді?
3. 138-бет, 3-тапсырманы сұрау
Смайликтер арқылы бағалау
Түсіну
1. «Ой қозғау» әдісі (4 мин). Оқушыларға «Жыл мезгілдері» суретін көрсетемін, тақпақты айтып, сұрақтар қоямын:
Қыс құнар береді,
Көктем дән себеді,
Жаз баптайды, күтеді,
Күз жинайды, тереді - деген сөзге назар аударайық. Суретте нелер бейнеленген? Қыс, күз, жаз, көктем айларын білесіңдер ме?
Қыс айлары: желтоқсан, қаңтар, ақпан. Көктем айлары: наурыз, сәуір, мамыр. Жаз айлары: маусым, шілде, тамыз. Күз айлары: қыркүйек, қазан, қараша.
Яғни, біз бүгін «Көктемде» тақырыбы туралы әңгімелейміз. Көктемде ауа райы қандай болады? Көктемде қандай гүлдер шығады? т.б. Көктемде қар еріп, сең жүреді. Күн жылынады. Күндер бірте – бірте ұзарады. Құстар келеді. Бәйшешек шығады. Жәндіктер оянады. Көктем айлары - ең жақсы, ең әдемі айлар.
2. Power Point пен сабақтың тақырыбы мен мақсатын таныстыру. (3 мин)
Грамматикалық тақырыпты түсіндіру.
Үстеулер мағынасына қарай мезгілдік, мекендік, сын -қимыл, мөлшерлік, күшейткіш болып бөлінеді. Мезгіл үстеулер қимылдың жалпы мерзімін, уақытын білдіреді. Қашан? Қашаннан бері? деген сұрақтарға жауап береді. Мысалы: Биыл көктем ерте келді.
Қолдану
1. Оқулықпен жұмыс (3 мин) «Сөйлемдерді аяқта» әдісі арқылы 138- бет, 1-тапсырмадағы сөйлемдерді етістіктермен толықтырып жазғызамын.
1 топ: бүгін барамын әрең келдік
Мен кешке ойнаймын Біз ерекше айтамыз
2 топ:
ертең оқимын тез аударамыз
Мен таңертең жазамын Біз бірталай орындаймыз
3 топ:
күндіз ұйықтаймын босқа жүрмейміз
Мен қазір беремін Біз үнемі дайындаламыз
Оқушылар тірек сызбаларды пайдалана отырып, көп нүктенің орнына етістіктерді жазады.
Әр топ бір - бірін бағалайды. Топтық бағалау
2. «Суреттер сөйлейді» әдісі (8 мин). 2-тапсырманы пайдалана отырып әр топқа сурет беремін. Әр топ оқушылары сыни тұрғыдан ойлана отырып әңгіме құрастырады. Топтық жұмыс: 1 топ-«Көктемнің ауа райы», 2 топ-«Көктемгі еңбек», 3 топ-«Көктемде». (постер)
Әр топ бір - бірін бағалайды. Топтық бағалау

Талдау
Дәптермен жұмыс (7 мин). «Сөйлемдерді толықтыр» әдісі бойынша 139- бет, 3-тапсырмадағы
деңгейлік тапсырмаларды орындайды:
а) Сөйлемдердегі көп нүктелердің орнын үстеулермен толықтырыңдар:
Күн енді (қашан?) жылынады. Қар тез (қалай?) ериді. Сең кенет (қалай?) жүреді. Сең биыл (қашан?) ерте (қашан?) жүреді. Құстар былтыр (қашан?) ерте (қашан?) ұшып келеді.

ә) Антоним жұптарын көрсетіңдер Кеше- бүгін, кеше- ертең, қазір- ертең, кеш- ерте, жазғытұрым- қыстыгүні, түнде- күнде, биыл- былтыр, жылдам - жәй, жақсы- жаман.
Критерийлер арқылы өзара бірін – бірі бағалайды.
Сергіту сәті (2 мин). Оқушылар көтеріңкі көңіл күймен «Мен қазақпын» әніне билейді
Синтез (жинақтау, жүйелеу) (2 мин).
«Семантикалық карта» арқылы үстеулердің дұрысын белгілеңдер. Жеке жұмыс: кестеге қосу таңбасын белгілей отырып, үстеулердің түрлерін ажыратады.

Мезгіл үстеу Мекен үстеу Сын-қимыл үстеу
жақсы
кеше
жоғары
ерте
жаман
артқа
тез
бүгін
Өзін бағалайды
Үйге тапсырма: «Көктемде» тақырыбына әңгіме жазыңдар. Оқушылар үй тапсырмасын біледі, түртіп алады.
Бағалау. Өзін бағалау парақшасы. Өздерінің балдарын есептетіп, бағалау парақшаларына жазғыздырамын
Үй жұмысы
«Ұшқыр ой» «Сөйлемдерді аяқта»
1-тапсырма
Топтық баға «Суреттер сөйлейді»
2-тапсырма
Топтық баға «Сөйлемдерді толықтыр»
3-тапсырма
Өзара бірін – бірі бағалау «Семантикалық карта»
Өзін бағалау Қорытынды баға Мұғалімнің бағасы Жиынтық бағалау



Рефлексия (кері байланыс) (2 мин). Сабақтан алған әсерлері мен ұсыныстарын жазу үшін стикерлер таратамын. Сабақтан алған әсерлері мен ұсыныстарын, сұрақтарын стикерлерге жазып, «Екі жұлдыз, бір тілек» сенім ағашына іледі.
Скачать методички (классные уроки) для учителей по разным предметам: история, литература, физика. Как провести урок с учеником, вам поможет грамотно составленный план урока. Занятия по математике, литературе, физике, информатике, химии, психологии.
.